13 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы 14-18 қыркүйек аралығында Самарқанд қаласында өтеді.
Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымының лидерлері 2019 жылдан бері алғаш рет бірге жиналады, бұл саммитте Өзбекстанның ұйымға төрағалығы аяқталады.
Мәліметке қарағанда, саммитке Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев, Ресей президенті Владимир Путин, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Иран президенті Ибрагим Раиси, Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан президенті Ильхом Әлиев, Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов және Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысады.
Саммитте Моңғолия, Ресей, ҚХР-ның үш жақты кездесуі өтеді деп күтілуде.
Естеріңізге салсақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі 2021 жылдың 16-18 қыркүйегінде Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде өтіп, 2021 жылы Моңғолия ШЫҰ -ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысына бақылаушы ретінде қатысуда, ал президент У.Хүрэлсүх отырыста онлайн форматта сөз сөйлеген болатын.