16 қыркүйек, KAZNEWS. 2022 жылғы 15 қыркүйекте Самарқанд қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитінде Моңғолия, Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясы президенттерінің кезекті үш жақты кездесуі өтті.
Тараптар Қытай-Моңғолия-Ресей экономикалық дәлізін жүзеге асыруды жандандыру, үшжақты ынтымақтастықтың нақты бағыттары бойынша өзекті мәселелерді талқылады.
«Қытай, Моңғолия және Ресей экономикалық дәлізін құру бағдарламасы» -на еңгізілген үш елді жалғайтын орталық теміржол дәлізінің жаңарту, техникалық-экономикалық негіздеме жұмыстарын бастауға уағдаласты.
Сонымен қатар, теміржол дәліздерінің шығыс және батыс желісін құру, шекаралық және кедендік аумақтардағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті. Үш ел арасындағы автомобиль қатынасын дамыту және Азиялық жол желісі арқылы үш ел арасындағы жүк тасымалын арттыру қатарлы мәселелер бойынша пікір алмасты.
Мемлекет басшылары Ресейден Қытайға Моңғолия аумағы арқылы табиғи газ құбырын тарту, трансшекералық саяхат пен туризмді дамыту үш елдің қарым-қатынасы үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.
Тараптар жобаны жүзеге асыруды жандандыру үшін жобаға жауапты тиісті кәсіпорындардың өзара байланысын арттыру қажет деп көрді.
Кездесу барысында Мемлекет басшылары «Моңғолия, Ресей, Қытай экономикалық дәлізін құру бағдарламасының» мерзімін бес жылға ұзартылғанын атап өтті.