Connect with us

Лайфстайл

СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК

Published

on

Антибиотикпен қай кезде емделеді? Түшкіру суық тигеннің белгісі емес дейді. Салқын тиіп ауырғанда төсекте жата беруге болмайды екен. ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекция) тұмауға айнала ма? Тағы нені білмейміз? Ендеше суық тиіп ауырғанда жіберетін 10 қателікті білуге тиіспіз.

Бірінші қателік: Суық тигенде ол тұмауға айналады ЖРВИ және тұмау (грипп) әртүрлі вирустардан туындағандықтан, бір ауру басқа ауруға ауыспайды. Бірақ ауырып қалғанда алғашқы күні  көбісі осы екі аурудың белгілеріндегі  айырмашылықты білмейді. Тұмаумен емес, суық тиіп ауырғанды қалай білуге болады:

• Суық тигенде оның белгілері біртіндеп басталады: тамақ ауырады, мұрыннан су аға бастайды, қалтырай бастайсың. Шамамен 5 күнде адам науқастанғанын сезеді. Ал тұмау бірден сұлатып түсіреді: басың, бүкіл денең ауырып, әлсіз сезінесің.

• Салқын тигенде дене қызуы болмайды немесе қызу қатты көтерілмейді (38 ° дейін). Ал тұмауда дене қызуы күрт көтеріледі (39 ° және одан жоғары).

• Түшкіру – тұмаудың емес, суық тигеннің белгісі.

Екінші қателік: Суық тисе, антибиотикпен емдеп алуға болады Антибиотиктер вирусты құрта алмайды, өйткені оның құрамы бактериядан бөлек. Ал мұндай дәрінің пайдасынан көрі зияны көп.  Аурудың белгісі сақталып, ал вирустар ағзаңызда көбейе береді. Антибиотикті «кәдеге жарап қалар» деп қабылдауға мүлдем болмайды! Ол иммунитетіңізді әлсіретіп, вирусқа қолайлы жағдай жасайды.  Сөйтіп болашақта қажет кезде антибиотик сізге көмектесе алмайтын болады, себебі мұндай препараттан кейін тірі қалған бактериялар оларға сезімтал болмайды.

Үшінші қателік: Суық тигенде емделудің қажеті жоқ, өзі-ақ жазылып кетеді Әдетте суық тигенде оның белгілері 3 күнге созылады, бірақ «жазылып кетермін» деп күтсеңіз, онда ауру бір айға созылып немесе асқынуы ықтимал. Есіңізде болсын: егер демігіп, ентіксеңіз, демалу қиындаса, дереу жедел жәрдем шақырыңыз!

Төртінші қателік: Суық тигенде жұмысқа бара беруге болады Көптеген адамдар суық тиіп ауырып жүрсе де жұмысынан қалмай, «ерлік жасауға» құмар. Тіпті өзіңді босаңсуға мүмкіндік бермесең, онда ауру тез өтеді деген қате түсінік. Іс жүзінде жазылу процесі созыла береді. Сол үшін ең ыңғайлы шара: алғашқы 1-2 күнді міндетті түрде үйде өткізу керек. Үйде қалудың тағы бір себебі: аурудың алғашқы күндерінде адам вирустың тасымалдаушысы болып табылады, яғни айналасындағы адамдарға ауруын жұқтырады.

Бесінші қателік: Суық тигенде төсекте қозғалмай жату керек Ұзақ уақыт төсек тартып жату бронхит пен пневмонияны тудыруы мүмкін. Сондай-ақ аяқтағы қанның тоқырауына әкеледі. Әрине,  спортзалға жүгірудің қажеті жоқ, бірақ қалыпты белсенділік тек пайда әкеледі.

Алтыншы қателік: Суық тигеннің бір себебі – салқын ауа Суық тигеннің жалғыз себебі – вирус жұқтыру. Яғни, басыңызда бас киім болды ма, қалың киіндіңіз бе, бәрібір. Және де суық жел, өкпек жел, кондиционер де себеп емес. Егер ұшақта отырып суық тиіп немесе салқын желден ауырдым деп ойласаңыз, онда қателесесіз. Мәселе мында: құрғақ ауа мұрынның шырышты қабығын кептіріп, содан ағзаңыздың вируспен күресі қиындайды.

Жетінші қателік: Далаға терлеп шықсаң, міндетті түрде суық тиеді Өкпек жел, жаңбыр немесе басыңды кептіріп үлгермей далаға шыққанда ол ауруға себеп болады деген қате түсінік. Вирусты ұстаудың 3 тәсілі бар: ауа тамшылары, ауа-шаң-тозаң және тұрмыстық. Сондай-ақ  вирустардың өте қабілетті екенін ұмытпаңыз:

  • Вирустар үйде су өткізбейтін жерлерде 7 күннен артық өмір сүреді.
  • Киімде, жиһаз қаптамасында немесе қағазда шамамен 12 сағат өмір сүреді.
  • Қолыңызда бірнеше минуттан 1 сағатқа дейін.
  • Есік тұтқаларында – 6 сағат.

Бірақ далаға терлеп, басыңды кептірмей шығуға болмайды. Өйткені ол иммунитетті әлсіретіп, вирус жұқтыруға себепкер болады.

Сегізінші қателік: Қыста бір рет қана суық тиіп ауырасың Жақсы жаңалық: адам өзін ауыртқан вирусқа иммунитет қалыптастырады. Демек екінші рет тап сондай вирусты жұқтырмауыңыз мүмкін. Жаман жаңалық: әлемде 200-ден аса вирустың түрі бар. Сондықтан бір маусымда бір рет қана суық тиіп ауырады деген бос сөз.

Тоғызыншы қателік: Бір күнде емдеп алуға болады  Ауруға қатты соққы беру керек деп, дәріні бір мезетте көп мөлшерде ішіп алатын «ақылгөйлер» бар. Дәріні уыстап ішіп, бір күннің ішінде аяғымнан тік тұрам деу – қауіпті пікір. Вирус жұққан кез келген ағза қайта қалпына келу үшін уақыт керек. Егер аурудың белгісін жоятын дәрі-дәрмекті көп қабылдасаңыз, онда жүрекке салмақ түсіріп, оның салдары қиын болуы мүмкін. Сондай-ақ парацетомолы бар препараттармен абай болыңыз, оның мөлшері шамадан тыс болса, ол бауырдың қызметін тоқтатуы мүмкін.

Оныншы қате түсінік: Аяғына дейін емделу қажет Жөтел мен жеңіл тұмау 4 аптаға дейін сақталуы мүмкін. Сондықтан аурудың барлық белгісі толық жойылғанша күтудің мағынасы жоқ.  Егер өзіңізді жақсы сезінсеңіз, әдеттегі тіршілігіңізге кірісе беруге болады.

Деніңіз сау болсын!

KTK

Лайфстайл

2030 жылға қарай смартфондардың дәуірі аяқталады

Published

on

14 маусым, KAZNEWS. 2030 жылға қарай смартфондардың дәуірі аяқталады деп күтілуде. Дәл пейджер сияқты. Телефондар есту аппараттары, көзілдірік және т.б. түрінде пайда болады.

Сондай-ақ денеге чип ретінде орнатылады мыс…

Номер деген жоғалады. Сөзді тану – жасанды интеллекті қарапайым қолданысқа енеді. Бұл көрініп тұрған тренд деуге болады.

Әрине, 2030 жылға қарай мұндай телефонды барлық адам бірден қолдана бермейді. Бірақ алғашқы адамдар пайдалана бастайды.

Бұл смартфондардың қазіргі формасын ұстанатын барлық бағдарламалар мен бизнестердің болашағы жоқ дегенді білдіреді. Смартфон заманы бітті… #KazNews
Via ЭНХБАТ

Continue Reading

Дерек

Паспорт мұқабасының түсі нені білдіреді?

Published

on

Дүние жүзінде төлқұжаттардың тек төрт негізгі түсі бар. Әр елдің төлқұжат мұқабасының түсін таңдауында өзіндік себептері бар дейді Массагет.

Әуежайлардағы ұзын-сонар кезек сізді жалықтырса, бұл мәліметті есте сақтайсыз деп үміттенеміз.

Қызыл паспорт

Қызыл мұқабасы бар ең көп таралған түсті КСРО-мен байланысы бар немесе қазіргі социалистік мемлекеттер таңдайды. Моңғолия, Словения, Қытай, Сербия, Ресей, Латвия, Румыния, Польша, Грузия азаматтарының қызыл төлқұжаты бар.

Хорватиядан басқа ЕО мүшелері де қою қызыл және қызыл төлқұжаттарды пайдаланады. Түркия, Македония және Албания сияқты Еуро Одаққа кіруге мүдделі елдер де бірнеше жыл бұрын төлқұжаттарын қызылға ауыстырған. Анд таулары елдері – Боливия, Колумбия, Эквадор және Перуда да қызыл төлқұжат бар.

Көк паспорт

Көк мұқаба “жаңа әлемді” білдіреді. Кариб теңізінің он бес елінде осы түсті паспорт бар. Оңтүстік Америка елдері – Бразилия, Аргентина және Парагвай паспорттарының көк түсі осы елдер арасында экономикалық және саяси келісімі бар Mercosur жалпы кәсіподақ ұйымымен байланысын білдіреді. Венесуэла да осы одаққа мүше, бірақ оның азаматтарының төлқұжаттары қызыл түсте. АҚШ төлқұжаты тек 1976 жылы қою көк түске ауысты. Орталық Азияда Қазақстан, Қырғыс Республикасы қатарлы елдердің төлқұжаттары көк түсте.

Жасыл паспорт

Өзбекстан, Түркіменстан, Марокко, Сауд Арабиясы және Пәкістан сияқты көптеген мұсылман елдерінің төлқұжаттары жасыл түсті. Бұл түс Мұхаммед пайғамбардың сүйікті түсі болып саналады, ол табиғат пен өмірдің символы. Бірақ, кейбір ислам дінін ұстанбайтын мемлекеттер де жасыл түсті паспорт қолданады. Мысалы, Оңтүстік Корея паспортының түсі – жасыл.  Буркина-Фасо, Нигерия, Кот-д’Ивуар және Сенегал сияқты Батыс Африка азаматтарының да жасыл түстің әртүрлі реңктері бар құжаты бар, бұл олардың ECOWAS (Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы) мүшелері екенін білдіреді.

Қара паспорт

Ең аз таралған төлқұжаттар – қара түсті паспорттар. Бұл құжатты Ботсвана, Замбия, Бурунди, Габон, Ангола, Чад, Конго, Малави сияқты кейбір Африка елдерінің азаматтары пайдаланады. Бұл түс Жаңа Зеландияның ұлттық түсі болғандықтан, олардың да паспортының түсі қара.

Continue Reading

Лайфстайл

Тапсырысты үйге жеткізіп беру қызметі іске қосылды

Published

on

13 желтоқсан, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағында жастары карантин кезінде жаңаша жұмысқа кірісті. Төтенше жағдайға байланысты үйде отырған азаматтарға қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп береді.


Нұрбек Тұрсынханұлы (Nurbyek Tursynkhan) іске қосқан «Нұр» жеткізіп беру сервисіне байланыс жасау үшін 95949600 телефонына хабарласуыңызға болады. 

Сонымен қатар, Өлгий қаласы орталығында азық түлік, тағам, карго, гүл және сыйлық және косметикалық бұйымдар қатарлы барлық тапсырыстарды үйіңізге жеткізіп береді.

Өлгий қаласынан ауыл, аудан, қалаларға жүк салдыру үшін де «Нұр» жеткізіп беру сервисіне пайдалануға болады.

Continue Reading

Лайфстайл

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай халықаралық фотобайқау жарияланды

Published

on

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай халықаралық ФОТОБАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНАДЫ!

1. Байқауға шетелде тұратын, 16 жастан асқан, отандастар қатарынан тілек білдірушілердің барлығы бірдей қатыса алады;
2. Байқауға қатысушылар төмендегі сілтеме арқылы сайтта тіркеуден өтуі тиіс:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScFXjinscyMzbneA_uDqNriY-xsSHpxICZRfXx-i4axu0MmcQ/viewform?usp=sf_link

3. Байқау жұмыстары мына электронды мекен-жайға қабылданады: otanevents@mail.ru міндетті түрде қосымша ілеспе хатымен бірге.
Ілеспе хатта төмендегідей мәліметтер болуы тиіс:
– А.Т.Ә., туған жылы, айы, күні және байланыс деректері (елдің коды мен телефон номері);
– Қай номинация бойынша жолданғаны нақты жазылған байқау жұмысының атауы;
– Түсіру орны мен қысқаша сипаттамасы көрсетілген суреттің атауы (100 символдан артық емес);
4. Әрбір қатысушы кез келген номинация бойынша 1 (бір) байқау жұмысын жібере алады (1, 2 немесе 3 номинацияға қатысуына мүмкіндік бар);
5. Байқауға қатысқан фотожұмыстардың авторлық құқығы «Отандастар қоры» КеАҚ-на (бұдан әрі – Қоғам) беріледі.

Байқаудың межелі мерзімі

1. Байқау 2021 жылғы 1 маусым мен 27 тамыз аралығында өтеді;
2. Байқауға тіркелу және байқау жұмыстарын қабылдау 2021 жылғы 1 маусымнан 15 тамызға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
3. Байқау қорытындысы Қоғамның ресми сайтында және әлеуметтік желілерде 2021 жылғы 27 тамызда жарияланады.

Байқаудың номинациялары:

1. «Әдемі тұлғалар» (шетелде тұратын отандастардың фотопортреттері);
2. «Менің сүйікті өлкем» (киелі нысандар, қала пейзаждары мен ландшафттары, табиғаттың көркем көріністері мен қорғауға алынған табиғи орындар және т. б.);
3. «Тұрмыс және салт-дәстүрлер» (шетелдегі қазақ қауымының тұрмыс-салты, халықтық мерекелер, қолөнер, шаруашылық және т.б.).

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

1. Байқауға аталған номинациялар бойынша тақырыпқа және техникалық сипаттамаларға сәйкес келетін кез келген қолжетімді техникалық құралдармен түсірілген фотосуреттер ұсынылады;
2. Байқауға бұрын жарияланбаған және басқа конкурстар мен көрмелерге қатыспаған жұмыстар ғана қабылданады;
3. Байқау жұмыстары тақырыпқа және байқау номинацияларының біріне сәйкес келуі тиіс;
4. Байқау жұмыстарына қойылатын техникалық талаптар:
– JPEG форматта;
– 300 dpi сурет ажыратымдылығы;
– өлшемі 5 Мб-дан артық емес;
5. Фотосуретте авторлық плашка, жақтаулар, дақтар, қолтаңба және т. б. басы артық белгілер болмауы керек.;
6. Фотосуреттер кез келген түсті гаммада ұсынылады (автордың қалауы бойынша);
7. Фотобайқауға жарнамалық сипаттағы жұмыстар қабылданбайды;
8. Белгіленген межелі мерзім өтіп кеткен соң жіберілген байқау жұмыстары қарауға қабылданбайды.

Байқау жеңімпаздарына құнды сыйлықтар мен дипломдарды тапсыру үшін жүлдегерлер Түркістан қаласында өтетін Отандастар форумына шақырылады.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Кітаптан үзінді...9 hours ago

Түркияда “Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi” атты кітап жарық көрді

09 тамыз, KAZNEWS. Түркиядa “GÜNÜMÜZ MOĞOLİSTAN KAZAK ÖYKÜSÜ” (Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi) деген кiтaп жaрық көрдi. Әйгiлi HECE (XЕЖЕ) бaспaсынaн...

Дерек6 days ago

Ахмет Байтұрсынұлы туралы 20 дерек

Ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өмірінің ең өзекті кезеңдерінен 20 дерек ұсынамыз. 1. Ахмет Байтұрсынұлының нақты туған...

Дерек2 weeks ago

Твиттердегі белсенді президент кім?

25 шілде, KAZNEWS. Әлемдік көшбасшылардың 85 пайызы твиттер желісін қолданады. Ең көп оқырмандары бар президент ол – Нарендра Моди. Үндістан...

Дерек2 months ago

Ел көлемінде инфляция деңгейі 15,1%, Баян-Өлгийде 13,8% -ден асты

21 маусым, KAZNEWS. 2022 жылғы мамыр 2021 жылғы мамырға салыстырғанда жылдық инфляция 15,1 пайызды құрады. Азықтүлік өнімдері мен бензин бағасы...

Дерек2 months ago

Ғарышкер В.А.Жанибеков “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атанды

17 маусым, KAZNEWS. Бүгін Кеңес одағының және Моңғол Халық Республикасының батыры, ғарышкер В.А.Жанибековке “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атағы берілді, деп...

Дерек2 months ago

Моңғолияға келген туристер арасында саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр

15 маусым, KAZNEWS. Моңғолияға келген туристер саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр. 2021 жылдың қаңтар-мамыр айында Моңғолияға 8,554 турист келген...

Дерек2 months ago

Баян-Өлгий һәм Ховд: Қай аймақтың инвестициялық әлеуеті жоғары?

13 маусым, KAZNEWS. Баян-Өлгий мен Ховд аймағы да Моңғолияның батыс өлкесінде орналасқан. Халық саны 2021 жылғы көрсеткіш бойынша Баян-Өлгийде 112,836...

Дерек2 months ago

Паспорт мұқабасының түсі нені білдіреді?

Дүние жүзінде төлқұжаттардың тек төрт негізгі түсі бар. Әр елдің төлқұжат мұқабасының түсін таңдауында өзіндік себептері бар дейді Массагет. Әуежайлардағы...

Басты назарда