Connect with us

Дерек

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

Published

on

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік оқиғасы төмендегідей.

1. Баян-Өлгий аймағының құрама командасы футболдан Моңғолия чемпионы атанды

09 тамыз күні Баян-Өлгий аймағының құрама командасы финалда 2:1 есебімен Төв аймағының командасынан басым түсті. Матчтың 16 және 38 минутында Баян-Өлгий аймағының спортшысы Есбол Талғатұлы қарсылас команданың қақпасына екі мәрте гол салып, басымдық танытты.

Төв аймағынан 80+5 минутта Б.Далайцэрэн гол салғанымен жеңісті жұлып ала алмады.

Чемпионаттың нәтижесінде Баян-Өлгий аймағының команда капитаны, жартылай қорғаушы Мұстафа Бақытханұлы “Үздік ойыншы”, Көпберген Мерейұлы “Үздік қақпашы” атанды.

Аяқдопшы жастардың бұл жетістігі жылдың үздік оқиғасына лайық. 

2. Серік Бердімұратұлы «Улсын заан» яғни мемлекеттік піл дәрежелі палуан атағына ие болды

Ғұн империясының 2230, 2231 жылдығы, Моңғол империясы орнауының 815, 816 жылдығы, Ұлт азаттық қозғалысының 110, 111 жылдығы және Халық революциясының 100, 101 жылдығы Моңғолияның Ұлттық мерекесіне арналған күрес сайысында Баян-Өлгий аймағының тумасы Мемлекеттік начин (қаз. лашын) Серік Бердімұратұлы күрестің 7 кезеңінде мемлекеттік заан Доржийн Анарды жығып, мемлекеттік «заан» яғни мемлекеттік піл дәрежелі палуан атағына ие болды.

Серік Бердімұратұлы жасыл алаңда Э.Сумьяабат (6 кезең), Ц.Төмөрцоож (5 кезең), П.Даваадорж (4 кезең), Ш.Чинтулга (3 кезең), Б.Өлзийсайхан (2 кезең), Э.Дашзэвэг (1 кезең) қатарлы пауландарды айқын басымдықпен ұтты. 8 кезеңде мемлекеттік аварга (қаз. чемпион) дәрежелі палуан Намсрайжав Батсуурьдан ұтылып қалды.

Естеріңізге салсақ, Серік Бердімұратұлы 1994 жылы туған. Салмағы 110 келі. 2011 жылы аймақтық піл дәрежелі палуан, 2013 жылы аймақтық арыстан дәрежелі палуан, 2017 жылы мемлекеттік лашын дәрежелі палуан атанған болатын.  Мемлекеттік «заан» яғни мемлекеттік піл дәрежелі палуанды аймақ халқы 76 жыл күтті. Бұған дейін 1946 жылы Моңғол Халық Республикасының 25 жылдық мерей тойында алғаш рет Әбдіғажы Терлікбайұлы бұл атақты жеңіп алған болатын.  Сонымен қатар, мемлекеттік тойда 40 садақ оғының 39 оғын нысанаға дәл тигізіп жеңімпаз атанған Баян-Өлгий аймағының Буянт сұмын тумасы Төхөөний Очирооға “Улсын мэргэн” яғни мемлекеттік мерген атағы берілді. Бұл азаматтардың жеткен жетістігі халыққа рух беріп, мақтаныш туғызды. 2022 жылдың үздік оқиғасы атануға лайық.

3. Айнагүл Айыпханқызы әлемдік IWEC-2022 сыйлығына ие болды

Испанияның Мадрид қаласында 15-ші IWEC (Тhe International Women’s Entrepreneurial Challenge Foundation) Әйелдер кәсіпкерлігі жөнінде конференциясы өтті. Конференцияға әлемнің 50 елінен 150 ге жуық кәсіпкер әйелдер қатысты.

Аталмыш шараға Баян-Өлгий аймағынан «Паккале» компаниясының директоры Айнагүл Айыпханқызы, “Best” сауда орталығының директоры Лашын Сахабақызы, «Баян-Медиана» компаниясының директоры Риза Мизанбайқызы қатарлы кәсіпкерлер қатысып қайтты. 

Бұл конференция аясында “2022 IWEC” сыйлығымен Айнагүл Айыпханқызы марапатталды.

4. Қазақ қызы жиу-житсудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Моңғолиялық Қымбат Батайқызы Әбу Дабиде (Біріккен Араб Әмірлігі) өткен “World Pro JiuJitsu Championship 2022” жарысында көк белбеулер арасында 62 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Естеріңізге салсақ, Қымбат Батайқызы бұған дейін жиу-житсудан 2020 жылғы ел біріншілігінде чемпион атанған болатын.

Қазақ қызының қайсарлығы 2022 жылдың үздік оқиғасына лайық деп танылды. 

5. Ә.Базар мен Т.Аягүл моңғолиялық Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді

Моңғолиялық Forbes журналы «30 жасқа дейінгі ең перспектиалы 30 моңғолиялық» рейтингін жариялады.

Тізімде әртүрлі саладағы мықты жас кәсіпкерлер бар. Биылғы жылғы тізімге екі қандасымыз кірген.

Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне “Хэруга партнерс” компаниясының негізін қалаушысы, адвокат Базар Әшімұлы мен “CallPro” компаниясының атқарушы директоры Аягүл Тілейханқызы бар.

6. Бодибилдер Еркебұлан Байытұлы Азия чемпионы атанды

Моңғолияның Эрдэнэт қаласында тұратын бодибилдер Еркебұлан Байытұлы Азия чемпионы атанды.

Бодибилдингтен 54 реткі Азия чемпионаты Малдив аралында өтуде. Азия чемпионатының “Men’s sports physique up to 180 cm” категориясы бойынша өнер көрсеткен Моңғолиялық қазақ бодибилдері Еркебұлан Байытұлы топ жарып, алтыннан алқа тағып Моңғолия құрамасының қоржынына алғашқы медалды салды.
Еркебұлан Байытұлына бұл жолғы чемпионатта Үндістан, Тайландия және Иран спортшылары лайықты қарсылас болған. 

7. Құтлық Елтеріс қағанға арналған көне түркі дәуіріне тиесілі ғұрыптық кешені табылды

2022 жылғы 25 тамыз – Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия академиясының Тарих және археология институты бірлесіп жүргізген «Номгон-2022» ғылыми археологиялық экспедициясы барысында Номгон алқабында (Моңғолияның Архангай аймағы) Құтлық Елтеріс қағанға арналған көне түркі дәуіріне тиесілі ғұрыптық кешені табылды.

Бұл туралы 2022 жылғы 24 тамызда Улаанбаатарда өткен баспасөз конференциясында Халықаралық Түркі академиясының президенті Д.Қыдырәлі мен Моңғолия Ғылым академиясы жанындағы Тарих және археология институтының директоры Г.Эрэгзэн мәлімдеді.

Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия ҒА Тарих және археология институты «Бүгін сіздермен қуанышты жаңалығыммен бөліскелі отырмын. Биылғы экспедицияның нәтижесінде Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта жаңғыртушы Құтлық Елтеріс қағанға арналған кешен мен жазба ескерткіші табылып отыр. Түркі дәуірінің құнды жәдігерінде «түрк» атауы алғаш рет кездесетін ең көне жазба ескерткіш екенін атап өткім келеді», – деді Д.Қыдырәлі БАҚ өкілдеріне.

Экспедиция мүшелерінің мәліметі бойынша, Номгон кешені 49х41,5м аумағында орналасқан. Кешеннің орталық ғимаратының айналасында сопақша арық қазылып, қазылған топырақтан бекіністің өзі тұрғызылған. Қазба жұмыстарының орнында табылған құнды олжаданың екі жағында – құлпытастың фрагментіндегі мәтін көне түркі руна жазуымен қашалған, ал үшіншісінде – соғды тіліндегі жазу. Экспедицияға қатысқан ғалымдар ескерткіш мәтініндегі «Тәңір», «Түркі», «Құтлық», «түмен» сияқты бірқатар сөздерді анықтай алды. Табылған жәдігерлер мен жазба мәтіні негізінде ғалымдар Номгон кешені Күлтегін мен Білге-қағанның әкесі – Түрік қағанатын жаңғыртып, оны 682-693 жылдары билеген Құтлық Елтеріс-қағанның құрметіне салынған деген қорытындыға келді. Осылайша, «түркі» сөзі кездесетін жерлеу тасынан табылған жазу түркі дәуірінің ең көне жазба ескерткіші болып табылады.

8. Зейнеп Әзімбайқызы бокстан ел чемпионы атанды

Улаанбаатар қаласында бокстан ересектер арасындағы ел біріншілігінің финалдық ойындары өтті.

Қыздар арасындағы бәсекеде 81 келі салмақта өнер көрсеткен Зейнеп Әзімбайқызы рингде қарсыласы Увс аймағының спортшысы Д.Одонзаяаны басымдықпен ұтып, ел чемпионы атанды.

Зейнеп Әзімбайқызы бұған дейін жастар арасындағы ел біріншілігінде чемпион атанған болатын.

Сонымен қатар, қыздар арасындағы бәсекеде 48 келі салмақта өнер көрсеткен Жанаргүл Бейсенбейқызы қола жүлде, ерлер арасындағы бәсекеде 67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жандос Асқарұлы қола жүлдегер атанса, +92 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бекнұр Қалиұлы күміс жүлде және бұл салмақта өнер көрсеткен Ерболат Төлекұлы қола жүлдегер атанды.

9. Арман таэквондо клубы батыс зоналық турнирде көш бастады

17-19 желтоқсан күндері Увс аймағының орталығы Улаангом қаласында олимпиадалық таэквондодан Батыс зоналық клубтарының «DREAM CUP-2» турнирі өтті.

Жарысқа Говь-Алтай аймағынан GAA Leopards, Ховд аймағынан «Эрин», «Сүлд-Алдар», Увс аймағынан «Ойрад пауэр», Баян-Өлгий аймағынан «Арман» таэквондо клубтарынан 400-ден астам спортшы бақ сынады.

Баян-Өлгий аймағынан аталмыш турнирге қатысқан таэквондошылар 3 алтын, 5 күміс медаль, 14 қола медаль иеленіп, қорытынды есеп бойынша 1 орыннан көрініп, “DREAM CUP” алтын кубогын жеңіп алды.

Бапкері қызметін аймақтық Спорт және денешынықтыру басқармасының маманы Ерұлан Шөленұлы атқарды.

10. Nomadic Hunters FC командасы футзалдан Моңғолия чемпионы атанды

Nomadic Hunters FC командасы футзалдан Моңғолия чемпионатының финалдық кездесуінде «Хан-Уул» командасын 5:2 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Баян-Өлгий аймағының қазақ жастарынан құралған Nomadic Hunters FC командасы футзалдан алғаш рет ел біріншілігінің чемпионы атанып, тарихтың жаңа парағын ашып отыр.

Nomadic Hunters FC командасы алдағы уақытта Футзалдың 1-ші лига ойындарында өнер көрсететін болады.

Кездесу жылдам голмен басталды. Ең әуелі Ертіс Болатұлы бірінші голды 1-минутта салды. Хан-Уул командасы қайтарма шабуылға өтіп, Т.Мөнхбаатар есепті 7-минутта теңестірді. Хан-Уул командасының спортшысы Б.Амарсанаа екінші голды 8-минутта соғып, бірінші таймда басымдық көрсетті. Екінші таймда, Ертіс Мирұлы ойын тізгінін қолға алып, есепті 17-минутта қайта теңестіріп үлгерді. Nomadic Hunters FC ойыншысы Ертіс Болатұлы қарсыластарынан айласын асырып, қақпаға тағы бір голды 23-минутта соқты. Ертіс Болатұлы матчтын 28-ші минутында 4 -ші голды салып, алаңда өздерінің басымдықтарын танытты. Матчтың 29-шы минутында жеңіс голының Ертіс Болатұлы Хан-Уул қақпасына тоғытты. Есеп 5:2. Жеңіс Nomadic Hunters FC еншісінде.

Чемпионат қорытындысы бойынша “Үздік ойыншы” – Ертіс Болатұлы. Финалдық кездесуде қарсыласының қақпасына 4 гол соқты. “Үздік қақпашы” -деп Серлан Талғатұлы анықталды.

Nomadic Hunters FC командасы бұған дейін Арвис командасын 6:4 есебімен, жартылай финалдағы кездесуін Capitron командасымен өткізіп, 2:7 есебімен ұтып, алғаш рет футзалдан финалға өткен болатын.

Топтық кезеңдегі алғашқы матчты Сор командасымен өткізіп, 5:2 есебімен жеңіске жеткен болса, екінші кездесуінде Шонхор командасымен ойын көрсетіп 3:6 есебімен есе жіберіп алған. Топтық кезеңнің үшінші кездесуін «Алдарын дайчид» командасымен өткізген ойында жігітттер өз мергендіктерін танытып 14:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға жолдама алған. Бұл чемпионатта Елан фарм компаниясы демеушілік көрсеткен.

Аймақ абыройын көтерген жастардың жетістігі 2022 жылдың үздік 10 оқиғасын қорытындылайды.

Жаңа жылда жағымды жаңалықтарымыз көп болсын ағайын!

KAZNEWS AGENCY 

Дерек

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Published

on

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында қол қойылған құжаттар тізімі:

1. Астана Актісі;

2. Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;

3. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

4. Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

5. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;

6. Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

7. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;

8. 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;

9. Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;

10. «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;

11. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;

12. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).

Continue Reading

Дерек

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

Published

on

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді.

Үндістанның Ғарышты зерттеу ұйымы (ISRO) ай бетіндегі күн батып, түн басталғаннан кейін, станциялары шамамен 22 қыркүйекте қайта жұмыс істей бастайды деп хабарлады.

Жоғарыда аталған станциялардың батареялары күн сәулесімен қуатталады.

Айдағы бір тәулік төрт аптадан астам уақытты құрайды. 

23 тамызда Үндістанның «Чандрайан-3» станциясы «Викрам» қондырғышын айға сәтті қондырған.

Викрам станциясының корпусына бекітілген Прагяан өздігінен жүретін станциясы ай бетінде жұмыс істей бастады.

Continue Reading

Дерек

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

Published

on

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып қайтты.

Сонымен Кристиан Бэйл деген кім?

Кристиан Чарльз Филип Бэйл (ағылш. Christian Charles Philip Bale; 30 қаңтар 1974, Пембрукшир, Уэльс, Ұлыбритания) — ағылшын актері. Алғашқы кинокарьерасын тәуелсіз шағын жобалардан бастаған.

Бейл 13 жасында Стивен Спилбергтің «Күн Империясы» (1987) фильмінде ойнаған ролінде алғаш рет көрермен көзіне түсті. 2000 жылы «Америкалық Есалаң» картинасында қанішер Патрик Бэтменді сомдаған үшін кино сыншылар назарына ілікті. Ол «Машинист» (2004) киносында Тревор Резникті ойнау үшін 63 фунт салмақ тастайды, сол үшін оған актерлік шебері үшін жақсы абырой алып келеді.

Кристиан Бейл Кристофер Нолан режиссерлік еткен «Бэтмен: Бастама» (2005), «Қара сері» (2008) және «Қара сері: Жандану» (2012) трилогиясында Брюс Уэйн/Бэтменді ойнағаннан кейін көпшілікке таныла бастады. «Күрескер» (2010) биографиялық фильмінде Дикки Эклундты сомдағаны үшін Бейл сыншылардан жақсы баға алды және бірнеше марапаттарға ие болды, соның ішінде бірінші рет Екінші пландағы үздік ер ролі номинациясы бойынша Оскар және Алтын глобус сыйлықтарының иегері атанады және Екінші пландағы үздік ер ролі үшін АҚШ Гильдия киноактерлер сыйлығымен марапатталынады.

2013 жылы «Америкалық сергелдең» драмалық комедиясында ойнайды, сол үшін Бейл екінші рет Оскар номинациясына түседі және бұл номинация бірінші рет үздік ер ролі үшін еді.

Continue Reading

Дерек

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

Published

on

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. 

Баян-Өлгий аймағының құрамасы алғаш рет 4 -ші орынға тұрақтап, 1 миллион 500 мың төгрөг ақшалай сыйлықмен марапатталды.

Казньюс ақпарат агенттігі аталмыш ел біріншілігіне қатысқан ойыншылардың орташа жасын есептеп шығарды.

Казньюс сараптамасына сүйенсек, К.Наурызғажы бапкерлік еткен футболшыларымыздың орташа жасы – 23 де.

Ең кішкенесі 16 жаста, ең үлкені 32 жаста екенін байқауға болады. 

Н.Халук 16, З.Капитрон 17, Т.Серлан, С.Ердос, М.Айболат, Е.Ақжол 21, Т.Бақыт 22, Қ.Дәуренбек, Қ.Ерқанат 23, М.Ертіс, Т.Ақжол 25, А.Айдын 26, Б.Ертіс 29, А.Тұрар 32 жаста.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек6 months ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек8 months ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек9 months ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек1 year ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек1 year ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек1 year ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек1 year ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек1 year ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда