Connect with us

Спорт

Б.Чинзориг бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Published

on

15 мамыр, KAZNEWS. Тәшкентте (Өзбекстан) бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Моңғолиялық Баатарсүх Чинзориг -63,5 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Финалда Чинзориг өзбекстандық қандасымыз Руслан Абдуллаевтан жеңілді.

Бұған дейін Баттөмөр Мишээлт (-67 келіге дейін) қола медаль жеңіп алған болатын.

Continue Reading

Спорт

Зейнеп Әзімбайқызы бокстан ел чемпионы атанды

Published

on

17 сәуір, KAZNEWS. Улаанбаатар қаласында бокстан жастар арасындағы ел біріншілігінің финалдық ойындары өтті. Бұл туралы Баян-Өлгий аймағының Бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қыздар арасындағы бәсекеде 75 келі салмақта өнер көрсеткен Зейнеп Әзімбайқызы ел чемпионы атанды.
Зейнеп Әзімбайқызы бұған дейін 2022 жылы ересектер және жастар арасындағы ел біріншілігінде чемпион атанған болатын.

Continue Reading

Спорт

М.Лхагвагэрэл 125 келі салмақта Азия чемпионы атанды

Published

on

15 сәуір, KAZNEWS. Қазақстан Республикасының Астана қаласында өткен еркін күрестен Азия чемпионатында моңғолиялық палуан М.Лхагвагэрэл 125 келі салмақта Азия чемпионы атанды.

125 келі салмақта өнер көрсеткен М.Лхагвагэрэл финалға дейін Қытай және Иран палуандарынан басым түскен. Финалда қазақстандық Жүсіп Батырмурзаевты жеңіп, алғаш рет Азия чемпионы атанды.

Моңғолияның ерлер командасы бұл жеңісті 8 жыл күткен. Естеріңізге салсақ соңғы рет 2015 жылы Э.Бэхбаяр 57 келі салмақта чемпион атанған болатын. Ал ауыр салмақта 2001 жылы Г.Өсөхбаяр чемпион болған.

Моңғолия құрамасы 1 алтын (125 келі М.Лхагвагэрэл), 3 күміс (62 келі П.Орхон, 55 келі Ч.Отгонтуяа, 65 келі Т.Тулга) 5 қола (72 келі Э.Даваанасан, 53 келі Б.Болортуяа, 92 келі Г.Ганхуяг, 61 келі Т.Түвшинтулга, 74 келі О.Сүлдхүү) барлығы 9 медаль иеленді. 

Азия чемпионатында медальдар кестесінде бірінші орын Қазақстан құрамасына, екінші орын Моңғолия, үшінші орын Қырғызстан құрамасына бұйырды.

Continue Reading

Спорт

Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті

Published

on

Баян-Өлгий аймағының былғары қолғап шебері Бекнұр Қалиұлы Қырғызстандағы халықаралық турнирде қырғыз боксері Елшороулы Оматбекті ұтып чемпион атанған болатын. 

Чемпионды марапаттау сәтіндегі бейнежазба әлеуметтік желіге жүктелді.

Continue Reading

Басты назарда