4 тамыз, KAZNEWS. Футболдан Моңғолия Президенті бастамасымен өтіп жатқан 21 аймақ арасындағы ел чемпионатының 1-лига ойындарының жартылай финалында Баян-Өлгий аймағының командасы Сэлэнгэ аймағының командасын 4:1 есебімен ұтып, алғаш рет финалға жолдама алды.
Матчтың 28 минутында Д.Нуршәрифтің пеналтиден соққан добы қарсылас команданың қақпасына тоғытылды. Сондай-ақ, команда капитаны Б.Мустафа 54 және 72 минутта, Д.Нуршәриф 69 минутта гол соқты.
Сэлэнгэ аймағының спортшысы Э.Дашдаваа қарымта шабуылда 64 минутта 1 гол соғып үлгерді.

6 тамыз күні 1-лига ойындарының финалдық кездесуі өтеді. Финалда аяқдопшыларымыз Төв аймағының командасымен сайысқа түсетіні белгілі болды.

Баян-Өлгий мен Төв аймағының құрама командасы 2023 жылы 21 аймақ арасындағы ел чемпионатында 1-лигасынан өрлеп, жоғарғы лига ойындарында өнер көрсететін болады.
Photo: MFF, Uvschuud