Connect with us

Дерек

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

Published

on

26 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2021 жылдың үздік оқиғасы төмендегідей.

1. Моңғолияның “Еңбек ері” атағы Әнуарұлы Нотаға, “Халық дәрігері” атағы Рәмішұлы Асайға берілді

Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүхтің жарлығы бойынша Нейрохирургия саласында ми қан тамырлары ауруларының диагностикасын, хирургиясын және емдеуін теориялық тұрғыда дамытып оны тәжірибеге толығымен енгізу мен қатар нәтижелерін әлемдік деңгейге жеткізгені үшін Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Еңбек сіңірген дәрігер, доктор профессор, даңқты нейрохирург Ануарұлы Нотаға Моңғолияның “Еңбек ері” атағы, Моңғолияның Ұлттық онкологиялық орталығының кеңесші дәрігері, Еңбек сіңірген дәрігер, доктор профессор Рәмішұлы Асайға «Халық дәрігері» атағы берілді.

Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын! Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын!

Ануарұлы Нота мен Рәмішұлы Асай дәрігердің Президенттен алған атағын KAZNEWS ақпараттық агенттігі жылдың үздік оқиғасы ретінде анықтап отыр.

2. Қазақ қызы алғаш рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Польшаның Кельц қаласында бокстан өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 51 келі салмақ дәрежесінде Құлын Алтынбекқызы қола жүлдегер атанды. Шаршы алаңда украйналық Дарья-Ольга Гутаринаны және Қазақстандық Гүлнар Тұрапбайды жеңіп, жартылай финалға өткен болатын. Ол жартылай финалдық кездесуінде ресейлік Валерина Линоваға есе жіберіп алды.

Құлын Алтынбекқызының Моңғолия қазақ қыздары арасынан алғаш рет әлем чемпионатында қола жүлдегер атануы 2021 жылдың үздік оқиғасы ретінде анықталып отыр. 

3. «Жыл басы – Наурыз 2021» бағдарламасы арқылы қазақтың салт дәстүрі дәріптелді

Нұрбек Жырғауұлы жетекшілік ететін «Өлгий жерлестер дамыту кеңесі» мемлекеттік емес ұйымының қолдауымен, Моңғолия Жастар одағының Улаанбаатар қаласындағы Баян-Өлгий жастар бөлімшесі бірлесіп «Жыл басы Наурыз – 2021» атты бағдарламасы Талын Монгол телеарнасында көрерменге жол тартты.

Бағдарламада қазақ халқының салт дәстүрі дәріптеліп, Моңғол халқына Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы туралы кең көлемде ақпарат берілді.

Салтанатты шара барысында Моңғолия эстрадасындағы қазақ халқынан шыққан жұлдыздар әнмен шәшу шашты.

4. Ризабек Жазидолдаұлы Халықаралық ТҰРАН сыйлығының лауреаты атанды

Ризабек Жазидолдаұлы 2021 жылғы Бейнелеу өнері саласы бойынша Халықаралық ТҰРАН сыйлығының лауреаты атанды.
Халықаралық ТҰРАН сыйлығына Моңғолия, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Молдава, Ресей, Қырғызстан, Түркіменстан қатарлы елдерден суретшілер қатысты.

Ризабек Жазидолдаұлы тақырыптық композицияларын көркемдік рәсіммен жандандырып, романтикалық туындыларында эмоциялық сезімдер бере біледі. Тарихтың бір түйінінен поэтикалық ой толғап, дерегіне үлкен философиялық, символикалық ой жүгіртеді. Образды ойлауда типтік қасиет дарыту шебер.

5. Жаннұр Көпжасарқызы шахматтан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Шахматтан Моңғолияның әуесқойлар арасындағы ел біріншілігінің күміс жүлдегері Жаннұр Көпжасарқызы 1959 жылы құрылған француздың әйгілі «Europe Echecs» клубы ұйымдастырған онлайн-халықаралық ашық турнирге сәтті қатысып, 1600 -ге дейінгі деңгейдегі шахматшылар арасында жеңімпаз атанды.

Бұл жетістігі үшін оған Еуропалық шахмат жаттығу алаңын бір жыл бойы тегін пайдалану құқығы берілді.

6. Ел біріншілігінде таеквондошылар 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды

Улаанбаатарда таеквондодан Моңғолия біріншілігі мәресіне жетті. Ел біріншілігінде Баян-Өлгий аймағының намысын қорғаған спортшылардың жетістіктерін «Арман» таеквонда клубының жетекшісі Ерұлан Шөленұлы қорытындылап берді.

Байрақты бәсекеге 55 командадан 520 спортшы күш сынасты. Жастар арасындағы -55 келі салмақта өнер көрсеткен Айдарханұлы Тасқын қола медаль, ересектер арасындағы сайыста -68 келі салмақта өнер көрсеткен Сейлұлы Ақниет қола жүлдегер атанды.

Қыздар арасындағы -70 келі салмақта өнер көрсеткен Құмырбекқызы Гүлдәурен қола медаль иеленсе, +70 келі салмақта Асылбекқызы Әсемхан 2021 жылғы ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.

Ел біріншілігіндегі Баян-Өлгий спортшыларының жеңіске деген ұмтылысының жоғары екенін көруге болады. Таеквондашы жастардың өнері жылдың үздік оқиғасына лайық.

7. Моңғолиялық ерлі-зайыпты әншілер «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнін орындап хошеметке ие болды

Моңғолиялық ерлі-зайыпты әншілер А.Анхбаяр мен Б.Чанцалдулам ақын сазгер Тынышбайұлы Рахымның «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнін орындап, әлеуметтік желіде хит болды. Казньюс ақпараттық агенттігі қос әншімен байланыс орнатып, әңгімеге тартқан еді.

А.Анхбаяр бұл әнді алғаш рет 1993 жылы Увс аймағында әскери міндетін атқарып жүрген кезде Баян-Өлгий аймағынан келген Молдаш, Қуанған, Аманбек есімді қазақ әскерлер аузынан естіп, сөзі мен әнін жаттап алғанын айтады. Содан бері үнемі айтып жүрген. Өнер жолын қуғаннан кейін бұл әнді орындау қажет екен деген ой келген. Қазақ әндерінің әуені керемет болады. Сол үшін де қазақ шығармаларындағы биік құзар шыңдар, әдемі табиғат, қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілетінін ұнатады.

Ал, оның зайыбы Чансалдуламның айтуынша: «Алғаш танысқан кезде Анхаа маған гитарамен бір ән орындап беретін. Ол әннің сөзін түсінбесем де әуені керемет болатын. Сөйтсем осы ән екен. Махаббат туралы ән әрі музыкасы көңілімнен шыққан соң бұл әнді ұнатып қалдым. Содан дует болып орындайық деп жолдасыма ұсыныс жасадым. Ол да қуана келісті» – дейді.

Әнді жарыққа шығарғалы көп болмаса да, қазақ халқының зор алғысына бөленіп жатырмыз. Бұл бізді ерекше жігерлендірді. Тезірек әдемі киімдер тіккізіп, клип жасап шығаруды ойлап отырмыз. Сіздерге бізді құрметтеп, сұхбат жасау мүмкіндігін беріп отырғандарыңызға алғыс білдіреміз. Оқырмандар мен барша қазақ халқына тек қана әлемдегі бар жақсылықтарды тілейміз!

8. С.Нұртілек пен Б.Иманғали жасөспірім палуандар арасындағы ел біріншілігінен күміс жүлде алды

Моңғолдың ұлттық күресінен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі Улаанбаатар қаласында өтті. Жарысқа елдің 21 аймағы мен Улаанбаатар қаласының 9 ауданынан үздік 60 спортшы қатысты.

16 жас аралығындағы бәсекеде Сонгинхайрхан ауданының палуаны С.Бат-Эрдэнэ 27 палуанды ұтып чемпион атанса, Баян-Өлгий аймағының спортшысы С.Нұртілек 26 палуанды жеңіп күміс медаль иеленді.

Ал, 17 жас аралығындағы бәсекеде Сэлэнгэ аймағының палуаны Г.Төгсжаргал 28 палуанды ұтып жеңімпаз атанса, Баян-Өлгий аймағының палуаны Иманғали Бақытұлы 27 палуанды тізе бүктіріп күміс медаль иеленді.

9. Математика пәнінен академик Мекей Әбішұлы атындағы батыс зоналық дәстүрлі олимпиадасында аймақтық оқушылар көш бастады

Өлгий қаласында математика пәнінен Моңғол елінің «Халық ұстазы», доктор, профессор, академик Мекей Әбішұлы атындағы 7-ші батыс зоналық олимпиада өтті. Математика пәні бойынша өтіп жатқан сайысқа аймағымыздан және көршілес Увс, Ховд, Баянхонгор аймағынан командалар келіп қатысты.

Батыс зоналық олимпиадаға 20 команда 300 оқушы, 40 ұстаз бақтарын сынап, қорытынды есеппен Баян-Өлгий аймағының 1-ші командасы бірінші орын, Увс аймағының 1-ші командасы екінші орын, Баянхонгор аймағы мен Увс аймағының 2-ші командасы үшінші орын иеленді.

10. Жылдың үздік 3 бейнебаяны анықталды

Баян-Өлгий аймағы эстрадасының танымал жұлдыздары НҰР тобы (Кертай Зархумұлы, Сәтжан Класханұлы) мен Заманбек Абдуллинұлы бірлесіп ақын Мейраш Қибатайұлының сөзіне жазылған “Әдемі қыз” әніне, Нұр тобы «Баян-Өлгий мекенім» әніне, Моңғолияның ең танымал әншісі С.Жавхлан «Өлгий жерлестер дамыту кеңесі» -нің директоры Нұрбек Жырғауұлының қолдауымен “Өнөд орших Өлгий” әніне жаңа бейнебаян түсірді. Бұл бейнебаяндар әлеуметтік желіде үлкен қолдауға ие болуы Казньюс ақпарат агенттігінің 2021 жылғы үздік оқиғалар тізбегіне қосылып отыр.

Жаңа жылда жағымды жаңалықтарымыз көп болсын ағайын! 

KAZNEWS AGENCY

Дерек

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Published

on

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында қол қойылған құжаттар тізімі:

1. Астана Актісі;

2. Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;

3. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

4. Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

5. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;

6. Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

7. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;

8. 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;

9. Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;

10. «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;

11. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;

12. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).

Continue Reading

Дерек

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

Published

on

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді.

Үндістанның Ғарышты зерттеу ұйымы (ISRO) ай бетіндегі күн батып, түн басталғаннан кейін, станциялары шамамен 22 қыркүйекте қайта жұмыс істей бастайды деп хабарлады.

Жоғарыда аталған станциялардың батареялары күн сәулесімен қуатталады.

Айдағы бір тәулік төрт аптадан астам уақытты құрайды. 

23 тамызда Үндістанның «Чандрайан-3» станциясы «Викрам» қондырғышын айға сәтті қондырған.

Викрам станциясының корпусына бекітілген Прагяан өздігінен жүретін станциясы ай бетінде жұмыс істей бастады.

Continue Reading

Дерек

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

Published

on

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып қайтты.

Сонымен Кристиан Бэйл деген кім?

Кристиан Чарльз Филип Бэйл (ағылш. Christian Charles Philip Bale; 30 қаңтар 1974, Пембрукшир, Уэльс, Ұлыбритания) — ағылшын актері. Алғашқы кинокарьерасын тәуелсіз шағын жобалардан бастаған.

Бейл 13 жасында Стивен Спилбергтің «Күн Империясы» (1987) фильмінде ойнаған ролінде алғаш рет көрермен көзіне түсті. 2000 жылы «Америкалық Есалаң» картинасында қанішер Патрик Бэтменді сомдаған үшін кино сыншылар назарына ілікті. Ол «Машинист» (2004) киносында Тревор Резникті ойнау үшін 63 фунт салмақ тастайды, сол үшін оған актерлік шебері үшін жақсы абырой алып келеді.

Кристиан Бейл Кристофер Нолан режиссерлік еткен «Бэтмен: Бастама» (2005), «Қара сері» (2008) және «Қара сері: Жандану» (2012) трилогиясында Брюс Уэйн/Бэтменді ойнағаннан кейін көпшілікке таныла бастады. «Күрескер» (2010) биографиялық фильмінде Дикки Эклундты сомдағаны үшін Бейл сыншылардан жақсы баға алды және бірнеше марапаттарға ие болды, соның ішінде бірінші рет Екінші пландағы үздік ер ролі номинациясы бойынша Оскар және Алтын глобус сыйлықтарының иегері атанады және Екінші пландағы үздік ер ролі үшін АҚШ Гильдия киноактерлер сыйлығымен марапатталынады.

2013 жылы «Америкалық сергелдең» драмалық комедиясында ойнайды, сол үшін Бейл екінші рет Оскар номинациясына түседі және бұл номинация бірінші рет үздік ер ролі үшін еді.

Continue Reading

Дерек

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

Published

on

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. 

Баян-Өлгий аймағының құрамасы алғаш рет 4 -ші орынға тұрақтап, 1 миллион 500 мың төгрөг ақшалай сыйлықмен марапатталды.

Казньюс ақпарат агенттігі аталмыш ел біріншілігіне қатысқан ойыншылардың орташа жасын есептеп шығарды.

Казньюс сараптамасына сүйенсек, К.Наурызғажы бапкерлік еткен футболшыларымыздың орташа жасы – 23 де.

Ең кішкенесі 16 жаста, ең үлкені 32 жаста екенін байқауға болады. 

Н.Халук 16, З.Капитрон 17, Т.Серлан, С.Ердос, М.Айболат, Е.Ақжол 21, Т.Бақыт 22, Қ.Дәуренбек, Қ.Ерқанат 23, М.Ертіс, Т.Ақжол 25, А.Айдын 26, Б.Ертіс 29, А.Тұрар 32 жаста.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек6 months ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек8 months ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек9 months ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек1 year ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек1 year ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек1 year ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек1 year ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек1 year ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда