Connect with us

Мәдениет

Моңғолия Тоғызқұмалақ федерациясының президенті сайланды

Published

on

10 наурыз, KAZNEWS. Моңғолия Тоғызқұмалақ федерациясының басшылық құрамына өзгерістер енді. 

Моңғолия Тоғызқұмалақ федерациясының президенті болып кәсіпкер Нұрбек Жырғауұлы тағайындалды.

Баян-Өлгий аймағының Орталық кітапханасында федерация президентін тағайындау рәсіміне орай тоғызқұмалақтан сайыс өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Сайысқа 80 -ге жуық спортшы бақ сынады. Жиында федерациямен Орталық кітапхана арасындағы ынтымақтастық, тоғызқұмалақтан ел чемпионатын өткізу және де тағы басқа мәселелер қаралды.

Моңғолияда 2022 жылы 37 спорт түрінен ел біріншілігі өтеді деп белгіленген.

Олардың арасында қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны Тоғызқұмалақ бар. 2022 жылы шілде айының 7 күні Тоғызқұмалақ ойынынан ел біріншілігі Баян-Өлгий аймағында өтпек.

Естеріңізге салсақ, 2018 жылы Баян-Өлгий аймағында тоғызқұмалақ ойынынан Азия чемпионаты өткен болатын.

Мәдениет

Әнші Берденбек Ерғабылұлы концерт береді

Published

on

07 желтоқсан, KAZNEWS. Баян-Өлгийлік танымал әнші Берденбек Ерғабылұлы 2022 жылы 09 желтоқсан күні аймақтық М.Құрманхан атындағы Музыка драма театрында концерт береді.

Айта кетейік, Берденбек Ерғабылұлының “Жақсы көрем” деп аталатын концерті 09 желтоқсан күні сағат 19:00 -да басталады. Билет бағасы 10,000 төгрөг болады. 

Байланыс телефоны: 95013773

Continue Reading

Мәдениет

«Бүркіт» драмасын көруге шақырамыз

Published

on

17 қараша, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театрының 66 реткі «Қысқы маусым»-ның ашылуына орай Моңғолия Өнеріне еңбек сіңірген қайраткер Ақтан Бабиұлының «Бүркіт» туындысы желісімен жазылған Моңғолия Мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер Шынай Рахметұлының «Бүркіт» драмасын 18-19 қараша күндері көруге шақырамыз.

М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театры

Байланыс телефоны: 99421360

Continue Reading

Мәдениет

Халықаралық өнер сайысында Тілектес Ақылбекұлы 1 орын иеленді

Published

on

Шетелден келген қазақ өнерпаздары Тараз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті, деп хабарлайды KazNews.mn Отандастар қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 11-12-тамыз күндері Тараз қаласындағы «Баласағұн» атындағы мәдениет сарайында «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі (бұдан әрі – Фестиваль) өтті. Фестивальға шетелдегі 8 елден келген өнерпаз қандастарымыз қатысты.

Фестиваль 11 тамызда жұмысын бастады. Бұл күні қолөнершілер бұйымдарын көрмеге орналастырды, одан бөлек барлық қатысушылар көне Тараз қаласының мәдени-тарихи жерлерімен танысып, Жамбыл облысының әкімінің қабылдауында болды.

12 тамызда қатысушылардың барлығы әр аталым бойынша күні бойы өнер көрсетті. Атап айтқанда, фестиваль аясында вокал-дәстүрлі ән айту, жыр мүшәйрасы, терме мен күй сайысы және қолөнер номинациялары бойынша 35 үміткер бақ сынасты. Айта кету керек бұл фестивльге қатысуға барлығы 140 үміткер тіркелді. Өнер фестиваліне Түркия, Иран, Монғолия, Қытай, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты мемлекеттерден өнерпаздар іріктелді.

Халықаралық өнер сайысының бас жүлдесін Ресейден келген қолөнерші Айнагүл Барамбаева (500 000 теңге және телевизор) иеленді.

Байқау жеңімпаздары:
І) Жамбыл атындағы “Терме мен Күй” номинациясы бойынша
І орынды (300 000 теңге) – термеші Жаңғар Мамбетназаров (Өзбекстан);
ІІ орын (200 000 теңге) – термеші Нұрсалиев Жанайдар (Ресей)
ІІІ орын (100 000 теңге) – күйші Байзуллаев Арман (Ресей)

ІІ) Роза Бағланова атындағы “Вокал, Дәстүрлі ән салу” аталымы бойынша
І орын (300 000 теңге)- Нұршат Зейіпхан, (Қытай)
ІІ орын (200 000 теңге)- Кдырова Инеш, (Украина)
ІІІ орын (100 000 теңге)- Рустам Русланов, (Қырғызстан)

ІІІ) Абай атындағы “Мүшәйра” аталымы бойынша
І орын (300 000 теңге) – Тілектес Ақылбекұлы, (Моңғолия)
ІІ орын (200 000 теңге)- Мырзатхан Танжира, (Моңғолия)
ІІІ орын (100 000 теңге) – Абдіқалиев Мейрамбек, (Өзбекстан)

ІV) “Қолөнер” аталымы бойынша
І орын (300 000 теңге) – Шалақ Қадифен, (Иран)
ІІ орын (200 000 теңге)- Ырыстанұлы Базар, (Түркия)
ІІІ орын (100 000 теңге) – Ханжарбай Сетерхан, (Моңғолия)

Одан бөлек Шерхан Мұртаза атындағы көрермен көзайымы онлайн дауыс беру бойынша термеші Дәурен Құралбек (Қытай елінен) сыйлыққа (400 000 теңге) ие болды.

Continue Reading

Мәдениет

KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN

Published

on

KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек3 days ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек2 weeks ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек2 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек3 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Дерек3 months ago

Топ-10 Моңғолияның белгілі актерлері

14 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның ұлттық кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Казньюс ақпарат агенттігінің көзқарасы бойынша осы саладағы үздік деген он...

Дерек3 months ago

Моңғолияның 2050 жылға дейінгі стратегиясының 9 бағыты

Моңғолия 2020 жылы елдің “2050 стратегиясын” жасақтаған. Оны ел үкіметі министрлермен, қоғам қайраткерлері және саясаттанушылармен бірлесе отырып жасаған. 2050 стратегиясы...

Дерек3 months ago

Құтлық Елтеріс қағанға арналған көне түркі дәуіріне тиесілі ғұрыптық кешені табылды

KAZNEWS. Улаанбаатар. 2022 жылғы 25 тамыз – Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия академиясының Тарих және археология институты бірлесіп жүргізген «Номгон-2022»...

Дерек4 months ago

Шахматтың жаңа жұлдызы Б.Мөнгөнзул туралы 10 дерек

12 тамыз, KAZNEWS. Үндістанның Ченнай қаласында шахмат олимпиадасы деп аталатын 44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы жүріліп өтті. Моңғолиядан Э.Гурванбаатар бастаған ұлттық...

Басты назарда