Connect with us

Спорт

Азия чемпионаты: А.Жандос, А.Құлын, Б.Жанаргүл жартылай финалда

Published

on

23 қаңтар, KAZNEWS. Ташкентте 22 жасқа дейінгі жастар арасында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы KazNews ақпарат агенттігі Азия бокс конфедерациясына (ASBC) сілтеме жасап хабарлайды.

ASBC хабарлауынша, бокстан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатына қатысу үшін жиырма екі мемлекет тіркелген. Бірақ жаңа шектеулер мен Ковид-19 сынамаларына байланысты Ташкентте Ирак, Жапония, Иордания, Кувейт, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка, Тәжікстан және Өзбекстан қатарлы 12 елдің былғары қолғап шеберлері рингде өнер көрсетуде.

Ташкент рингісінде қыздар 12, ерлер 13 салмақ санаты бойынша сайысқа түсіп жатыр.

Ал, Моңғолия құрамасынан 15 спортшы (қыздар жеті, ерлер сегіз) бақ сынауда.

Олардың арасында 48 келі салмақта Жанаргүл Бейсенбейқызы, 50 келі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері Құлын Алтынбекқызы, ерлерден 67 келі салмақта Азия чемпионатының қола жүлдегері Жандос Асқарұлы бар.

Жандос Асқарұлы алғашқы кездесуінде ирак спортшысы Мохаммед Каррар Ниаматты ұтып, қола жүлдені қанжығасына байлады. 25 қаңтар күні жартылай финалда күміс жүлде үшін қырғыз спортшысы Асанкул уулу Султанмен сайысқа түсетін болады.

48 келіде өнер көрсететін Жанаргүл Бейсенбейқызы жарысты 26 қаңтар күні бірден жартылай финалдан бастайды. Оның жартылай финалдағы қарсыласы өзбек спортшысы Фозилова Фарзона. Ол қарсыласынан айласын асырса финалда тәжік пен жапон споршысының жеңгенімен кездесетін болады.

50 келіде өнер көрсеткен Құлын Алтынбекқызы алғашқы айналымда яғни ширек финалда бос, 26 қаңтарда бірден шаршы алаңға шығады. Ол 24 қаңтардағы тәжік пен өзбек спортшылар арасындағы ойында жеңген спортшыны күтіп тұр.

Демек, кемінде үш қола жүлде қоржында деген сөз.

Естеріңізге салсақ, 2019 жылғы Азия чемпионатында Жандос Асқарұлы мен Құлын Алтынбекқызы қола жүлдегер атанған болатын.

Спорт

Бекнұр Қалиұлы Қырғызстандағы халықаралық турнирде финалға жолдама алды

Published

on

25 наурыз, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының былғары қолғап шебері Бекнұр Қалиұлы Қырғызстандағы халықаралық турнирде финалға жолдама алды. Бұл туралы Баян-Өлгий аймағының Бокс Федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

24 наурыз күні Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында Наурыз айның 20-25 аралығында өтіп жатқан Кеңес Одағының Батыры Дуйшенкул Шопоковты еске алуға арналған 45-ші бокстан халықаралық турнирдің жартылай финалы өтіп, Монғолия ұлттық құрама командасы боксшылары Хархүү Энхмандах (54 келі) пен Доржсамбуу Ганболд (57 келі) қола жүлдегер атанды. 

Сонымен қатар, Хархүү Энх-Амар (60 келі) Өзбекстан боксшысы Бахтиров Айыпхонды 5:0 есебімен ұтып финалға шықса, ринг иесі Сайпов Сарбатбекті 3:2 есебімен ұтқан Бекнұр Қалиұлы да (+92 келі) финалға жолдама алды.

Бұл жарыстан қола жүлде иелері 500 долларға ие болса, күміске 700, жеңімпазға 1400 доллардан беріледі.

Бүгін 25 наурыз күні финалда өнер көрсететін Хархүү Энх-Амар мен Бекнұр Қалиұлына сәттілік тілейміз! 

Бекнұр Қалиұлының финалдағы қарсыласы Елшороулы Оматбек болмақ.

Айта кетсек, ұлттық құрама командасы бұл жарыстан кейін Өзбекстан елінде оқу жаттығу жиынына қатысып, аталмыш елдің Ташкент қаласында 01-14 мамыр аралыңында өтетін Әлем чемпионатына қатысатын болады.

Continue Reading

Спорт

Бекнұр Қалиұлы бокстан ел чемпионы атанды

Published

on

KAZNEWS. 11-12 ақпан күндері “Орталық” спорт кешенінде ересектер арасында бокстан Моңғолия чемпионаты мәресіне жетті. 5 күн бойы 185-ге жуық былғары қолғап шеберлері өзара мықтыны анықтады.

Қайнар Қайсанайұлы бастаған Баян-Өлгий аймағының былғары қолғап шебелері 1 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды. 

+92 келі салмақта финалда Бекнұр Қалиұлы мен Ерболат Төлекұлы кездесіп, 4:1 есебімен Бекнұр Қалиұлы бокстан 2023 жылғы ел чемпионы атанды. Ерболат Төлекұлы ел чемпионатының күміс жүлдесін қанағат тұтты. 

Ерлер арасындағы 75 келіде Жандос Асқарұлы күміс жүлдегер, 60 келі салмақта Нұрлан Асқарұлы қола жүлдегер атанды.

Сонымен қатар қыздар арасындағы 75 келіде Зейнеп Әзімбайқызы мен 48 келі салмақта налайхандық Жанаргүл Бейсенбейқызы да  финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. 

Айта кетейік, Еркін Жамантайұлы жаттықтыратын “Хилчин” спорт клубы қорытынды есеп бойынша үшінші орыннан көрінген. 

Continue Reading

Спорт

Аргентина бастаған төрт мемлекет 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді

Published

on

Аргентина, Уругвай, Чили және Парагвай елдері футболдан 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді. Бұл туралы ҚазАқпарат Аргентина футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аргентина футбол федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бұл аталмыш төрт елдің тарихындағы маңызды оқиға болмақ.

«Әлем кубогының 100 жылдығы қарсаңында біз оны тағы да өткізуді армандаймыз. Біз, оңтүстікамерикалықтар, футболмен өмір сүреміз. Бұл үлкен міндеттеме екендігін білеміз. Аргентина, Уругвай, Парагвай және Чилидің 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге лайық екендігін бүкіл әлемге дәлелдейміз», деді К.Тапиа.

Аргентинаның өткен жылы Қатардағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанғаны мәлім.

Келесі дүниежүзілік біріншілік 2026 жылы АҚШ пен Мексикада өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Криштиану Роналдудің Сауд Арабиясының футболына қандай өзгеріс әкелгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Лионель Месси Оңтүстік Американың үздік ойыншысы атанды.

Continue Reading

Спорт

Моңғолия боксшылары Қазақстан құрамасымен оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Published

on

Бокстан Ұлттық құрама спортшылары Қазақстан Республикасының боксшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп, жолдастық кездесу өткізеді.

Спорттық шара мұндай жоғары деңгейде осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Біріккен жаттығулар екі жаққа да тиімді болмақ. Екі құраманың да биылғы жылы алдына қойып отырған басты мақсаты – 2024 жылғы Париж олимпиада ойындарында жүлделі орындарға қол жеткізу болмақ.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 weeks ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек3 months ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек3 months ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек4 months ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек4 months ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек6 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек6 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Дерек6 months ago

Топ-10 Моңғолияның белгілі актерлері

14 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның ұлттық кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Казньюс ақпарат агенттігінің көзқарасы бойынша осы саладағы үздік деген он...

Басты назарда