Connect with us

Спорт

Бокс. Құлын Алтынбекқызы Әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Published

on

19 сәуір, Kaznews. Бүгін Польшаның Кельц қаласында бокстан өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінде 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Моңғолиялық Құлын Алтынбекқызы шаршы алаңда Қазақстандық Гүлнар Тұрапбайды 5:0 (29:28, 29:28, 29:28, 29:28, 29:28 ) есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.

Демек, Құлын Алтынбекқызында кем дегенде қола медаль бар.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек Құлын үшін әлем чемпионатындағы 2-ші жекпе-жек болатын. Бұған дейін ол украйналық Дарья-Ольга Гутаринаны жеңген еді.

20 cәуір күні Құлын жартылай финалда ресейлік Валерина Линковамен кездеседі.

Спорт

Жәнібек Әлімханұлы өзін орта салмақтың патшасы деп атады

Published

on

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) кезекті рет WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Деметриус Андрадемен (30-0, 18 КО) жекпе-жек өткізуді талап етті, – деп хабарлайды Kaznews.mn тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

“Эдди Хирн маған орта салмақтағы чемпионыңды – Андрадені бер. Мен оны титулынан айырамын. Мен дивизион патшасымын. Боб Арум, мен дайын”, – деп жазыпты Жәнібек Twitter-де.

Еске салайық, қазақстандық боксшы маусымда өткен кейінгі жекпе-жегінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантты мерзімінен бұрын жеңді.

Жекпе-жектен кейін Әлімханұлы WBO-ның орта салмақтағы чемпионы америкалық Деметриус Андрадені айқасқа шақырып, жетінші-сегізінші раундта нокаутқа түсіруге уәде берді.

Continue Reading

Спорт

Э.Содномпилжээ пауэрлифтингтен паралимпиада чемпионы атанды

Published

on

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Моңғолия командасы алғашқы алтынын иеленді деп хабарлайды KazNews.mn.

Пауэрлифтингтен ерлер арасында 107 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Энхбаярын Содномпилжээ Паралимпиада чемпионы атанды.

Ол өзінің үздік нәтижесінде 245 келіні көтеріп, папалимпиада ойындарының рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды.

Күмісті малайзиялық Жон Ие Хи (237 келі), қоланы ирандық Рази Саман (231 келі) иеленді.

Естеріңізге салсақ, Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Моңғолия намысын 11 спортшы қорғауда.

Continue Reading

Спорт

Сайд Моллай Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанып, Моңғолия 33 орынға тұрақтады

Published

on

27 шілде, KAZNEWS. Дзюдодан Моңғолия құрамасындағы ирандық легионер Саейд Моллай Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

-81 келі салмақ дәрежесінде Саейд Моллай ширек финалда грузин палуаны Тато Григалашвилиден, жартылай финалда австриялық Шамил Борчашвилиден басым түсіп, финалда жапониялық Нагасе Таканориге есе жіберіп алды.

Токио Олимпиадасында Моңғолия құрамасы дзюдо күресінен екі қола, бір күміс медаль жеңіп, жалпы есепте 33 орынға тұрақтады.

Continue Reading

Спорт

Токио-2020: Сайд Моллай Токио Олимпиадасының финалына шықты

Published

on

27 шілде, KAZNEWS. Дзюдодан Моңғолия құрамасының үздігі Саейд Моллай Токио Олимпиадасының финалына шықты.

-81 келі салмақ дәрежесінде Саейд Моллай ширек финалда грузин палуаны Тато Григалашвилиден, жартылай финалда австриялық Шамил Борчашвилиден басым түсті.

Енді Саейд Моллай Олимпиаданың финалында жапониялық Нагасе Таканоримен белдеседі.

Естеріңізге салсақ, Саейд Моллай 2019 жылғы желтоқсанда Моңғолия азаматтығын алған болатын.

Photo: IJF 

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 week ago

Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Химия бойынша Нобель сыйлығын молекулалар синтезінің жаңа әдістерін ашқаны үшін неміс ғалымы Беньямин Лист пен британдық Дэвид Макмиллан алды. Бұл...

Дерек2 weeks ago

Моңғолиялықтар қараша айында неше күн демалады?

05 қазан, KAZNEWS. Моңғолиялықтар қараша айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 10 күн демалады. “Шыңғыс ханның дүниеге келген қыс...

Дерек4 weeks ago

Интернетте жиналған ақпарат қайда сақталады?

Интернет – миллиондаған терабайт ақпаратқа толы терең мұхит. Күн сайын адамдар ғаламторға көптеген бейнелерді, суреттерді, құжаттарды және басқа мазмұнды ақпараттарды...

Дерек1 month ago

Саяхатшы Х.Энхтайван: Ікей батыр туралы не білеміз?

04 қыркүйек, KAZNEWS. Саяхатшы Х.Энхтайван әлеуметтік желісінде Ікей батыр Мәзімұлы туралы қызықты жазба жариялап, қазақтың қайсар ұлы туралы мәліметпен бөлісіп,...

Дерек2 months ago

Жол кептелістерінен Улаанбаатар экономикасына 947 млн доллар шығын келеді

20 тамыз, KAZNEWS. Кептелістердің кесірінен Улаанбаатар қаласының экономикасына жылына 947 миллион АҚШ доллары шамасында шығын келеді. Үкіметтің өткен сәрсенбі күнгі...

Дерек5 months ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек5 months ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек5 months ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Басты назарда