18 сәуір – Kaznews. Еркін күрестен Моңғолияның әйелдер құрамасы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында өткен Азия чемпионатынан 2 алтын, 4 күміс және 1 қола медальмен оралды.
Бұл біздің балуандар үшін құрлықтағы жоғарғы нәтижелердің бірі. Өйткені Моңғолия құрамасы құрлықтық додада командалық есепте алғаш рет көш бастап отыр.
55 келі салмақ дәрежесінде М.Дөлгөөн мен 65 келі салмақ дәрежесінде З.Болортунгалаг алтын медаль, 57 келі салмақ дәрежесінде А.Батцэцэг, 59 келі салмақта Б.Шоовдор, 62 келі салмақ дәрежесіне Х.Болортуяа, 68 келі салмақ дәрежесінде Э.Дэлгэрмаа қатарлы спортшылар күміс медаль иеленсе, 72 келі салмақта Э.Цэвэгмэд қола медаль иеленді.
Командалық есепте бірінші орынға Моңғолия (2 алтын, 4 күміс, 1 қола 173 ұпай), екінші орынға Үндістан (4 алтын, 1 күміс, 2 қола 168 ұпай), үшінші орынға Қазақстан Республикасы (2 алтын, 1 күміс, 3 қола 156 ұпай) жайғасты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда “Facebook” желісінде парақшамызға тіркеліңіз!