ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Н.Шарбиев Таза ауа бойынша жоғары деңгейдегі форумға қатысты. Бұл туралы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Н.Шарбиев 2023 ж. 2-3 наурызда Ұлан-Батырда өткізілген Таза ауа бойынша жоғары деңгейдегі форумға қатысып, осы ісшараға қатысушыларды Қазақстанда мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып жатқан таза ауамен қамтамасыз ету шараларымен таныстырды.
Н.Шарбиев сондай-ақ Моңғолияның Қоршаған орта және туризм министрі Б.Бат-Эрдэнэ және БҰҰ Азия және Тынық мұхиты экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы А.Алисджабанамен бірге Азия мен Тынық мұхиты елдері үшін ауаның ластануына қарсы тұру ісшаралар бағдарламасы шеңберінде Ұлан-Батырдың «киіз үйлер» ауданының ағымдағы ахуалымен және Моңғолия астанасында ауа ластануын азайту бағытында асырылып жатқан технологиялық шешімдермен танысты.
Моңғолияның Қоршаған орта және туризм министрлігінің ұйымдастыруымен және ЭСКАТО-ның жәрдемімен өткізілген осы халықаралық форумға АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Австралия, Корея Республикасы, Сингапур, Ресей, Түркия, Қытай, Жаңа Зеландия, Молдова секілді 53 мемлекеттен 200 астам жоғары лауазымды тұлғалар мен ғалымдар қатысты. Ісшара барысында ғимараттардың энергиялық өнімділігі, қуаттың таза көздерінің артықшылықтары, халықтың денсаулығын жақсарту, ауаның ластануы мен парниктік шығарындылардың салдарымен күресу, жағар-жанармайға жұмсалатын шығындар секілді мәселелер қарастырылды.