KAZNEWS – Дзюдодан Моңғолия құрамасы Токиода өткен әлем чемпионатында бір қола медальді қанағат тұтты
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Мөнхбатын Уранцэцэг жарыстың алғашқы күнінде қола медаль иеленген болатын.
Бұдан бөлек спортшылармыздың ең жоғарғы көрсеткіші 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесідегі Ё.Басхүү болды. Ол 1/8 финалға шығып сүрінді.
Жарыстың соңғы күні аралас командалық сайысқа қатысушы 15 ел төменгідей топқа бөлінген болатын.
А – Жапония, Голландия, Оңтүстік Корея
В – Бразилия, Германия, Азербайжан, Португалия
С – Франция, Куба, Қазақстан, Австрия
D – Моңғолия, ҚХР, Ресей Федерациясы, IJF босқындар командасы
Моңғолия құрамасы әлем чемпионатының алғашқы кездесуін ҚХР-ның құрамасымен өткізіп 4:3 есебімен жеңіп, 1/8 финалында Ресей дзюдошыларына 4:0 есебімен ұтылып қалды.
Жұбаныш белдесуінде Куба құрамасын 4:0 есебімен ұтып, қола жүлде үшінгі сайыста Бразилия құрамасынан 4:2 есебімен жеңілді.