06 сәуір, KAZNEWS. Дзюдодан Моңғолия құрамасының кейбір мүшелерінен коронавирус анықталғандықтан -81 келі салмақ дәрежесіндегі Сайд Моллайдан өзге спортшылар 6-9 сәуір аралығында Қырғызстанда өтетін Азия, Тынық мұхит елдерінің кезекті чемпионатына қатыса алмайды.
Дзюдодан Моңғолия құрамасы олимпиада жолдамасы үшін Ташкент гранд слам жарысына қатысу үшін елден 26 ақпанда аттанған болатын. Ташкент гранд слам жарысынан екі алтын, бір күміс және бір қола жүлде алған.
Алайда, Ташкент гранд слам жарысынан кейін құрама команда Грузия астанасы Тбилиси қаласыда өткен халықаралық оқу жаттығу жиынына қатысқан. Бұл сәтте құраманың кейбір спортшылары коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, Тбилиси гранд сламына толық құраммен қатыса алмады. Коронавирус жұқтырмаған спортшылар бұл жарыстан екі алтын, екі қола жүлде алған. Ал сәуірдің 1 күні өткен Анталья гранд сламына қатыспай Қырғызстанда өтетін Азия, Тынық мұхит елдерінің чемпионатына қатысуды жоспарлаған болатын.
Айта кетейік, Қырғыстан Республикасының Бішкек қаласында өтетін Азия, Тынық мұхит елдерінің чемпионатына 30 елден 215 спортшы бақ сынайды.
Бұған дейінгі ұйымдастырылған Азия чемпионаттарынан Моңғолия 20 алтын, 41 күміс, 85 қола медаль алып, көрсеткіш бойынша құрлықта 4 орында тұр.