KAZNEWS – Токиода өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының үшінші жарыс күні де моңғолия балуандар үшін сәтсіз болды.
Бүгін ерлерден 73, қыздардан 57 келідегі спортшылар татамиге шыққан.
Өкінішке орай, 73 келіде бақ сынаған Цэнд-Очир Цогтбаатар бірінші белдесуінде Тәжікстандық Хожазода Бехрузиден есе жіберіп алды. Бұл салмақта белдескен тағы бір Моңғолиялық палуан Ганбаатар Одбаяр екінші айналымда Филиппиндік Кейсей Наканоны, үшінші айналымда Мысырлық Мохиелдин Мохаметті ұтқанымен, төртінші айналымда Түркиялық Ж.Билалдан ұтылып қалды.
Ал қыздар арасында 57 келіде белдескен Лосол Энх-Отгон бірінші айналымда Ресейлік спортшыдан жеңіліс тапты.
Айта кетейік, Токио төріндегі әлем біріншілігінің бірінші күні құрама қоржынына бір қола медаль түскен. Оны қыздар арасында -48 келідегі Мөнхбат Уранцэцэг алған.
Бұл жолғы әлем чемпионатында ерлер арасындағы жеңіл салмақта моңғолия құрамасына жүлде бұйырмады. 60 келіде Дашдаваа Амартүвшин жүлдесіз қалса, 66 келі салмақта қола медаль үшінгі белдесуде Ё.Басхүүдің жолын Молдавалық В.Денис кесті.
03 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының “Тас түлек” клубының палуаны Батырбек Шәрівұлы Өвөрхангай аймағында ұйымдастырған мемлекеттік “гарьд” дәрежелі палуан Ц.Бямба-Отгонға құрмет көрсетуге арналған сайыста жасөспірімдер арасында топ жарып, бірінші орын иеленді.
Батырбек Шәрівұлы 16 жаста. Сұмындық піл дәрежелі палуан атағы бар. Батырбек бұған дейін Завхан аймағы орнауының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған мерей тойда жасөспірімдер арасында топ жарған болатын.
29 тамыз, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының Футбол федерациясының бас демеушісі ретінде Turan World компаниясы жұмыстайды.
Бұл туралы ақпарат Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы мен аймақтық Футбол федерациясының басшысы Ертай Оралұлы арасындағы кездесуден кейін белгілі болды.
Тараптар 5 жылдық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған.
Келісім шарт аясында аймақтық футбол құрамасының киімдері толығымен жаңартылып, жарыстарға қатысу үшін қаржылай қолдау көрсетіліп тұрады.
2023 жылғы 4-12 тамыз аралығында Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында тоғызқұмалақтан VI Азия чемпионаты өтуде.
Жарысқа 9 елдің (Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Бангладеш, Филиппин, Ресей Федерациясының Алтай және Саха Республикалары, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан) 200 астам спортшысы қатысуда.
Жарысты Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы мен Моңғолия Тоғызқұмалақ Федерациясы бірлесіп өткізуде.
Жарысқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Самұрық-Қазына қоры мен Спорты дамыту қоры демеушілік қолдау көрсетуде.