KAZNEWS – 12 желтоқсанда Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан биылғы жылдың қорытынды турнирі басталады. «Мастерс жарысына» әлемнің 67 елінен таңдаулы 450 балуан қатысады.
Қытайда өтетін қорытынды турнирге Моңғолия құрамасынан 20 спортшы сынға түседі. Олардың арасында дзюдодан әлем чемпионы Сайд Моллай бар.
Азаматтығын ауыстырған спортшы бұрын Иран атынан күресіп 2017 жылғы әлем чемпионатынан қола медаль алса, 2018 жылы әлем чемпионы атанған болатын.

Әлем чемпионы атанған сәті, 2018 жыл, Баку
2019 жылғы әлем чемпионатында Иран үкіметінің саяси көзқарасы салдарынан жартылай финалда ұтылғаны кейін белгілі болды. Сайд Моллай Германия азаматтығын алады деген қауесет спорт сүйер қауым арасында тараған болатын.
Бірақ ол, Моңғолияны таңдады.
“Judo Inside” агенттігінің хабарлауынша Моңғолия дзюдодан 2004 жылдан бері олимпиада ойындарында үздіксіз жүлде алып келеді. Бұл үрдісті жалғастыру үшін ішкі бәсекелесті арттыру мақсатында Сайд Моллайді әкелді, – деп жазады.

Сайд Моллай, Моңғолия Президенті Х.Баттулганың қабылдауында тұр. 2019 жыл. Улаанбаатар
Сайд Моллай -81 келі салмақ дәрежесінде белдесетін болады.