Connect with us

Моңғолияда

«Казньюс» агенттігінің құрылғанына биыл 10 жыл толады

Published

on

2021 жылғы 11 қараша күні «Казньюс» ақпарат агенттігінің құрылғанына 10 жыл толады. 2011 жылы моңғолияда қазақ тілді ақпарат порталы ретінде құрылған. «Казньюс» ақпараттық агенттігінің құрылтайшысы Өмірбек Қабайұлы.

Моңғолия Байланысты реттеу комитетіне ақпараттық құрал ретінде тіркелген. Моңғолия сайттар қауымдастығының мүшесі.

2019 жылы спортты насихаттаушы ақпараттық агенттік марапатын алған. 2020 жылы «Үркер» ұлттық сыйлығы аясында «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдығына арналған арнайы сыйлықтың жеңімпазы атанған.

2020 жылға дейін агенттіктің сайты 5 рет жаңарып, заманауи талаптарға сай қызмет көрсетіп келеді.

«Казньюс» ақпарат агенттігінің www.kaznews.mn веб-сайты арқылы Моңғолия туралы, Баян-Өлгий аймағы туралы жаңалықтар таратылып келеді. Бүгінге дейін 3000 -нан астам мақала сайтқа жарияланған.

«Казньюс» ақпарат агенттігі Моңғолияның, Баян-Өлгий аймағының интернеттегі имиджін жақсартып, елді, аймақты танытуға үлес қосуда.

Моңғолияда

Қазақстан Елшісі Моңғолияның Премьер-Министрімен кездесті

Published

on

2021 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Премьер-Министрі Лувсаннамсрай Оюун-Эрдэнэмен кездесуі өтті.

Ж.Әділбаев Л.Оюун-Эрдэнэ мырзаны Премьер-Министр қызметіне тағайындалуымен және дәстүрлі Шаған мерекесімен (ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл) құттықтады.

Кездесу басында қазақстандық дипломат 2021 жылғы 27 ақпанда Улаанбаатар – Алматы және 5 наурызда Улаанбаатар – Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша эвакуациялық арнайы рейстерді ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, Елші Моңғолия Үкіметінің басшысына 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасында коронавирустық індетке қарсы екпе жұмыстары басталғанын хабарлады. Сонымен қатар, моңғол тарапына вакцинация әртүрлі топтардың эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны жеткізілді.

Өз кезегінде Л.Оюун-Эрдэнэ Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастық дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері тұрақты дамуда екенін және осы ынтымақтастық деңгейін арттыру үшін барлық салаларда белсенді өзара іс-қимыл жасау қажеттілігін атап өтті.

Осы тұрғыда, моңғол тарапы Моңғолияның бұрынғы Премьер-Министрі У.Хурэлсухтың 2019 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтанға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады. Осы орайда, Моңғолия Үкіметінің басшысы жоғарыда аталған сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру бағытындағы жұмысты күшейту мақсатында Жұмыс тобын құру бастамасын көтерді.

Сонымен бірге, Моңғолияның Премьер-Министрі мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды және халықты қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу жөнінде қызығушылық білдірді.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық қатынастарды кеңейту мақсатында жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен бірлескен халықаралық іс-шаралар ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Бұдан басқа, тараптар ауыл шаруашылығы, көлік, туризм, сауда-экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ халықаралық сахнадағы іс-қимылдарды үйлестіру салаларында екіжақты қарым-қатынастардың күн тәртібіндегі бір қатар өзекті мәселелерді конструктивті түрде талқылады.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия Премьер-министрі ең алдымен коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты

Published

on

22 ақпан, KAZNEWS. Өткен аптадағы үздік оқиғаларға шолу жасап көрдік.

«Бір есік – бір тест» акциясы бойынша 420 мыңға жуық адам коронавируске тест тапсырды.

Моңғолия Үкіметінің кезекті отырысында денсаулық саласы мен экономиканы қайта тұрақтандыру үшін 10 триллион төгрөгтің кешенді жоспарын бекітті.

Моңғолия Премьер-министрі Л.Оюун-Эрдэнэ Жұқпалы ауруларды зерттеу ұлттық орталығының жұмыстарымен танысты. Вакцина алу жұмыстары басталғанын айтып, өзі ең алдымен коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты.

Пандемияға қарсы жұмыс жасайтын ұйымдардан басқа мемлекеттік және жергілікті мекемелер, мемлекеттік қазынадағы кәсіпорындар жыл соңына дейін бюджетті үнемдеу режиміне көшті.

Continue Reading

Моңғолияда

Қазақстаннан чартерлік рейспен 250 азамат келеді

Published

on

19 ақпан, KAZNEWS. Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы азаматтары үшін отанына қайтуға ұсыныс білдірген азаматтардың тіркеуін жаңалауда. Бұл туралы Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады.

Тіркелу үшін мына жерге басыңыз!

Тіркелгеніңіз туралы және тіркелмеген азаматтар +77272472535 номеріне хабарласу арқылы толық мәлімет алуға болады.

2021.02.27 күні Алматы – Улаанбаатар бағытына “Хүннү айр” компаниясының арнайы рейсімен 90 адам, 2021.03.05 күнгі Нұр-Сұлтан – Улаанбаатар бағыты бойынша “МИАТ” компаниясының рейсімен 160 адам тасымалдану жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтаннан арнайы ұшақпен 170 азамат елге жеткізіледі
Хүннү Эйр әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашады
Қазақстан Республикасының 96 азаматы отанына қайтарылды
Нұр-Сұлтанға 30 тамызда арнайы ұшақ ұшады
Қазақстаннан келген үш адамнан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ
Д.Нямхүү: Қазақстаннан келген 3 адамнан коронавирус анықталды

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулганың құттықтауы (Қазақша субтитр)

Published

on

12 ақпан, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга моңғол халқын дәстүрлі мерекесі, жыл басы Шаған мерекесімен құттықтады. Казньюс ақпарат агенттігі Президенттің құттықтауын қазақша субтиртмен ұсынады.

Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулганың құттықтауы 

Ұлы мәңгілік көк тәңірдің қалауымен туған жерімізде мыңдаған жылдар бойы мекен еткен тәуелсіз Моңғолия халқы!

Шартарапқа шашырай қоныстанған бауырлас моңғол тектес ағайындарым!

Сіздерді қыстың бетін қайтарып, көктемнің шуақты жылуын сездіретін, ұлы қағандардан мұраға қалдырған, ұлық дәстүрлі мерекеміз жыл басы Шаған мейрамы, Он жетінші алпыстықтың Сиыр жылының келуімен құттықтаймын!

Жер ананың желдері де бірдей соқпайтыны сияқты адам өмірі де кемелді бақытқа толы болмайтындықтан ауыртпашылық пен қиындықтарды тек ынтымақ күшімен жеңіп шағатынымыз анық. «Ерте тұрған еркектің бір ісі артық» деп үйреткен ата-баба өсиетін сіз бен біз санамызда оятып, ұлтымыздың қайта өрлеу жолында бірлесіп, мақсат-мұратымыз үшін ұмтылатын кез келді.

Құрметті моңғол халқы!

Келіп жатқан сиыр жылы моңғолдар, сіздер мен біздерді зор табыстарға жетелеп, ерік-жігерімізді жанып, дамудың даңғыл жолына бастағай!

Мәңгілік тәңірдің қалауымен ата-бабамыз құрған Ұлы Моңғол империясының белгісі іспетті, шоқтығы биік Бурхан Халдун тауының бауырайы аясында халқымның Ұлы мейрамы жыл басы Шаған мерекесін тойлап, ырыс пен ынтымақта ғұмыр кешейік, халқымыз аман, бейбітшілік заманда жүздесуге жазсын!

Әр отбасыға бақыт, зор денсаулық, амандық тілеп, жақсы баталар дарысын деймін!

Тұлпар жақсысымен даланы кезейік!

Бірлікпен бәрін жеңейік!

Жаңа жылдың алғашқы күндерін жақсы қарсы алайық!

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Әлемде2 days ago

Халықаралық Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті

05 наурыз, KAZNEWS. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Лувсангийн Баттулгамен кездесті. Кездесу...

Дерек6 days ago

«Отандастар қоры» КеАҚ Вице-Президенті Алғыс айту күніне құттықтау жолдады

Армысыздар, ардақты ағайын! Құрметті отандастар! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 5 жылдан бері айрықша құрметпен...

Әлемде1 week ago

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы Қазақ радиосы — қазақтың өткен өмірінің жаңғырығы һәм қордалы сандығы. Қуанышы мен күйінішінің, тебіренісі...

Reuters Reuters
Әлемде2 weeks ago

ДДСҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін айтты

23 ақпан, KAZNEWS. Коронавирус инфекциясының жаңа түрінің пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық...

Дерек2 weeks ago

Тарихи тұлғалардың есімі қанша балаға қойылған?

18 ақпан, KAZNEWS. Казньюс ақпарат агенттігі моңғолияда балаға қойылған тарихи тұлғалардың есіміне қысқаша зерттеу жасап көрді.  Балаларға тарихи тұлғалардың есімдерін...

Дерек3 weeks ago

2021 жылғы қаңтар айында жарияланған ақпараттарға шолу ұсынамыз

16 ақпан, KAZNEWS. 2021 жылғы қаңтар айында жарияланған ақпараттарға шолу ұсынамыз.

Әлемде3 weeks ago

Мәскеуге жарты ғасырдан бері жаумаған қалың қар түсті

14 ақпан, KAZNEWS. Ресей астанасы Мәскеуге жарты ғасырдан бері жаумаған қалың қар түсіп жолдар жабылып, рейстер бөгеліп қалды. Cоның салдарынан...

Дерек4 weeks ago

2021 жыл атаулы күндерге толы

8 – ақпан, KAZNEWS. 2021 жылы атаулы күндерге толы болмақ. Бұл даталарды атап өту ең алдымен халық мұрасын, құндылықтарын, танымал...

Басты назарда