Connect with us

Дерек

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

Published

on

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм жарық көрді.  Қазақстан тарихы жобасы хабарлады.

«Әулет» сериясымен түсіріліп жатқан деректі фильмдер топтамасының бұл жолғы саны Жеңісхан Дүзелбайұлына арналыпты.

Фильмнің авторы – Алтынбек Құмырзақұлы. Фильмде аңыз тұлғаның өмір жолы мен елдік жолындағы күресі толықтай баяндалған.

Туындыда ел көп біле бермейтін деректер қамтылған.

«Қазақстан тарихы интернет-жобасы жыл басында «Әулет» жобасын түсіруді қолға алған болатын. Бұл бағдарлама қазақтағы текті (аристократ) кім, ол қалай қалыптасады деген гамлетті сұраққа жауап іздейді. Бағдарлама аясында Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Бауыржан Момышұлы, Мұқағали Мақатаев тағы басқа алыптар әулеті туралы фильмдер түсірді. Кезекті фильмімізді Моңғолия қазақтарына белгілі тарихи тұлға, аңыз адам, Баян-Өлгей аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі – Жеңісхан Дүзелбайұлына арнадық» – дейді А. Құмырзақұлы.

Жоба жетекшісінің айтуынша, «Әулет» бағдарламасы арқылы жастарға зиялы ұғымының мағынасын ұғындырып, болашақ ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиет ұялатып, тарихты қастерлеуге шақырады.

Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы 10 дерек

  1. Жеңісхан Дүзелбайұлы – 1906 жылы Баян Өлгий аймағының Улаанхус сұмынының Дайын өлкесінде Дүзелбайдың тұңғыш ұлы болып дүниеге келген.
  2. Әкесі ерте қайтыс болып жастайынан жетім қалған. Шешесі Әніштің қолында бауырлары Әзімхан, Жүнісхан, Мінісхан, Рысхандармен бірге тәрбиеленді.
  3. Жеңісхан өз бетінше арабша хат танып, Ақбалшықта малдың шикізатын алатын Иван деген орысқа қызметке кіріп, малдың өнімін жинады.
  4. 1930-жылы Кеңес Одағының астанасы Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетіне (КУТВ) оқуға түсіп, 1932-жылы бітірді. 1932-1936 жылы Шеруші хошууның сауда бөлімшесінің бастығы.
  5. 1936-1940 жылдары Қобда аймағының Сауда ұйымының бастығы қызметірін атқарады. 1940-жылы Ұлы Хуралдың 8-съезіне өкіл болып қатысады.
  6. 1943-1951 жылдары Баян-Өлгий аймағының басшысы. 1951-1964 жылдары авто өртеңнің аймақтық бөлімшесі, Монголбанктің аймақтық бөлімшесі бастығы қызметтерін атқарып, 1964-жылы дербес зейнеткерлікке шығады.
  7. Мемлекеттік Ұлы Хуралдың 8, 9, 10-съездеріне, МХРП-ның 11, 12, 17, 18-сьездеріне делегат болып сайланған.
  8. Шығыс Түркістанды азат ету майданына қатысып, неміс маузерімен сыйланған.
  9. Монғолия Үкіметі еңбегін жоғары бағалап, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен 2 мәрте, «Алтын жұлдыз» орденімен 2 мәрте және «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл», «Біз жеңдік», «Жапонияны жеңудің 30 жылдығы» мерекелік медалдарымен марапатталған.
  10. «Халық Революциялық күрестің аға қайраткері» атағына ие болған.

Continue Reading

Дерек

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

Published

on

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

19 қыркүйек күні Моңғолия Президенті әкімшілігі әлемге әйгілі университеттерге білім алуға мүмкіндік беретін «Жолдау-2100» стипендиялық бағдарламасы арқылы шетелге жолдама алған 415 баланың есімін жариялады. Бұл тізімде Баян-Өлгий аймағынан 8 түлектің есімі аталады.

Баян-Өлгий аймағынан жоғарғы оқу орындарына ілестіру бірыңғай сынағын сәтті тапсырып «Жолдау-2100» стипендиялық бағдарламасы арқылы әлемге әйгілі университеттерде білім алуға жолдама алған түлектер тізімі.

  1. Бекболат Нурбол – Баян-Өлгий аймағы, Бугат
  2. Аманкелді Дидар – Баян-Өлгий аймағы, Буянт
  3. Берден Ләйлім – Баян-Өлгий аймағы, Өлгий
  4. Ержан Серхулан – Баян-Өлгий аймағы, Дэлүүн
  5. Ерболат Ақжібек – Баян-Өлгий аймағы, Цэнгэл
  6. Манарбек Ақерке – Баян-Өлгий аймағы, Баяннуур
  7. Хулан Балмаржан – Баян-Өлгий аймағы, Улаанхус
  8. Асылхан Ақтілек – Баян-Өлгий аймағы, Ногооннуур

Сондай-ақ, Ховд аймағынан Уатхан Музафар есімді оқушы аталмыш стипендия иегері атанған.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Continue Reading

Дерек

Топ-10 Моңғолияның белгілі актерлері

Published

on

14 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның ұлттық кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Казньюс ақпарат агенттігінің көзқарасы бойынша осы саладағы үздік деген он белгілі актерді назарларыңызға ұсынбақпыз. 

Бірінші орында, Ұлттық кино өнер академиясының үздік актері Ц.Цэрэнболд. Әріптестері арасында ширақ денесі және қоңыр дауысымен ерекшеленген. Ц.Цэрэнболд Netflix жасаған “Марко Поло” фильмінде Шыңғыс хан рөлін сомдаған. Қазақстандық “Жау жүрек мың бала” фильміндегі Жоңғар ханы Галданцэрэн, “Қазақ хандығы: Алмас қылыш” фильміндегі батыр рөлдері арқылы көрерменге таныс болды.

Екінші орында, Б.Амарсайхан. “Марко Поло” фильмінде Арықбұға рөлін сомдаған. Ол өз атын кино әлемінде брендге айналдыра білген санаулы актерлердің бірі және Голливуд стандарттарын Моңғолияда жүзеге асырушылардың бірі. Оның басты рөлде ойнаған “Бодлын хулгайч”, “Аравт” фильмдерін көріп өз бағаңызды беруіңізге болады.

Үшінші орында, О.Дөлгөөн (@dulguun.odkhuu), 24 жасында Уильям Шекспирдің «Ромео және Джульетта» атты романтикалық комедиясында Джульетта рөлін сомдаған. Еліміздегі сұлулардың тізіміндегі актриса, инстаграмда ең көп жазылушысы бар жұлдыздардың бірі.

Төртінші орында, Д.Баттөмөр. Көрермендер оны “банш Батаа” деп әжуалайды. Басты рөлде ойнаған “Трио” фильмі Варшава халықаралық кино фестиваліне жолдама алған.

Бесінші орында, С.Лхагвасүрэн. «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алған актерлердің бірі. Бұл атағынан-ақ оның қандай дәрежеде танымал болғанын білуге болады. С.Лхагвасүрэн атын естігенде көз алдымызға «Помогите нам 2,3», «Нийслэл хүүхэн» келеді. 

Алтыншы орында, Д.Пүрэвсүрэн (@puujee1215). Көрермендердің көзайымына айналған, моңғолиялық актриса фильмде тек басты рөлдерді сомдайды. Бүгінде ең сұлу актрисалар тізімінде көш бастап тұр. Боолын гэрээ (Құл келісімі), Цасан охин (Ақшақар), Амьдрал (Өмір) атты фильмдері арқылы көрермен жүрегін жаулап алған.

Жетінші орында, Ж.Алтаншагай, Көрермендердің көзайымына айналған, моңғолиялық актер жанкүйерлерін үнемі жаңа жобаларымен қуанту үстінде. Олай дейтініміз әріптестерімен бірге түсірген «Зура 2» фильмі жуықта ғана көрерменге жол тартты.

Сегізінші орында, Б.Мишээл (@misheel.official). Еліміздегі сұлулардың тізіміндегі актриса, бүгінде ана атанып отыр. Жас болсада жиырмаға жуық фильмнің түсіріліміне қатысқан.

Тоғызыншы орында, Г.Ундармааны (@g.undarmaa) білмейтін қазақ жоқ шығар. Еңбек жолын «Шинэ үе» әзіл сықақ театрынан бастаған ол, бүгінде кино саласында сұраныса ие танымал актрисаның бірі.

Оныншы орында, С.Тэмүүжин (@temka_emotsi_official), Д.Түвшинтөр (@tutu__0806), Г.Анхбаяр (@ankhbayar_g) үштігі. Бұл үшеуі де бала кезінен жан-жақты болып өседі. Олардың қолынан келетіні кез келген көрерменге күлкі сыйлау. Үшеуінің есімі аталған кезде есіңізге «Гурван найз: Яасан байх уу?» келіп тұрған болар. Келісесіз бе?

Continue Reading

Дерек

Моңғолияның 2050 жылға дейінгі стратегиясының 9 бағыты

Published

on

Моңғолия 2020 жылы елдің “2050 стратегиясын” жасақтаған. Оны ел үкіметі министрлермен, қоғам қайраткерлері және саясаттанушылармен бірлесе отырып жасаған.

2050 стратегиясы 9 бағыттан тұрады:

1. Ұлттың негізгі құндылықтары – ұлт ретінде терең құндылықтарды терең ұғынып, сезіне білу.

2. Адами капитал – Әлемдік бақыт индексі бойынша Моңғолия халқының үздік он ел қатарына қосу мен адами даму индексін көтеру.

3. Өмір сапасы мен орта тап – халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, 2050 жылға дейін орта тап өкілдерін арттыру.

4. Экономика – дамыған елдердің қатарына қосылу, адам санына шаққанда табысты 15 мың АҚШ доллары ету.

5. Тиімді басқару – жемқорлыққа қарсы, адам құқықтары мен бостандығын сақтайтын басқару жүйесін жетілдіру.

6. Жасыл өсім – экологияны жақсарту мен халықты табиғатты аялауға үйрету.

7. Аймақтық даму – елдің түрлі аймақтарын дамыту, олардың өсу қарқынын арттыру.

8. Бейбіт қауіпсіз қоғам – ішкі және сыртқы ортада халыққа қауіпсіз қоғам құра білу.

9. Улаанбаатар қаласы мен серіктес қалалар – жаңа серіктес қалаларды салу және дамыту, Улаанбаатарды көркейту.

Continue Reading

Басты назарда