2021 жылғы 11 қараша күні «Казньюс» ақпарат агенттігінің құрылғанына 10 жыл толады. 2011 жылы моңғолияда қазақ тілді ақпарат порталы ретінде құрылған. «Казньюс» ақпараттық агенттігінің құрылтайшысы Өмірбек Қабайұлы.
Моңғолия Байланысты реттеу комитетіне ақпараттық құрал ретінде тіркелген. Моңғолия сайттар қауымдастығының мүшесі.
2019 жылы спортты насихаттаушы ақпараттық агенттік марапатын алған. 2020 жылы «Үркер» ұлттық сыйлығы аясында «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдығына арналған арнайы сыйлықтың жеңімпазы атанған.
2020 жылға дейін агенттіктің сайты 5 рет жаңарып, заманауи талаптарға сай қызмет көрсетіп келеді.
«Казньюс» ақпарат агенттігінің www.kaznews.mn веб-сайты арқылы Моңғолия туралы, Баян-Өлгий аймағы туралы жаңалықтар таратылып келеді. Бүгінге дейін 3000 -нан астам мақала сайтқа жарияланған.
«Казньюс» ақпарат агенттігі Моңғолияның, Баян-Өлгий аймағының интернеттегі имиджін жақсартып, елді, аймақты танытуға үлес қосуда.