Kaznews.mn – Мемлекеттік Ұлы Хуралдың сайлау заңы бойынша ат ұсыну процессі 16 мамырда аяқталған болатын. Ал, Сайлау комиссиясында үміткерлерді депудаттыққа кандидат ретінде тіркеу мерзімі 17 мамырда басталып, 21 мамырда аяқталуға тиіс.
Сайлау комиссиясы бес күннің ішінде үміткерлердің материалдарын қарап, сайлау заңнамаларына сай деп танылса 26 мамырда депутаттыққа кандидат ретінде тіркеу жөнінде қаулы шығарады.
Сондай-ақ, Маусымның 2 күні кандидаттарды ресми жариялайды. Куәлік табыс етіліп, сайлау алдындағы үгіт насихат науқаны басталады.