Connect with us

Моңғолияда

“Ұрланған” сайлау және сайлану құқығы немесе Моңғолияда сайлау қалай өтеді

Published

on

2017 жылғы кезекті президент сайлауында екінші реткі дауыс беруде сайлауға қатысқан 1 млн 207 мың 787 азаматтың 99 мың 494 –і, яғни 8,23 пайызы сайлау парақшасына мүлде белгі қоймаған «ақ» парақтар шыққан ерекше оқиға болды. Сол кезде алғашқы кезеңде келесі сатыға өте алмаған атын ұсынушы мұны бір саяси күштің «кек алуы» деп түсіндіргенімен бұл елімізде сайлау мен сайлану құқығының жүзеге асырылуы дағдарысқа тірелгенін көрсеткен еді.

Біз сайлау мен сайлану құқығын Конституция мен Сайлау туралы заңда көрсетілгендей МҰХ, Президент және жергілікті Хуралдарды сайлауы кезінде 3 сайлауда 4 жылда бір пайдалана аламыз.

• Ал нақты жағдай қандай?

• Біз қалаған адамды немесе өзіміз атымызды ұсынып, сол үшін дауыс бере аламыз ба?

• «Тәртіпсіз баланы ұрып тәрбиелейді» деген сияқты алдын ала келісілген сценарий арқылы сайлау атты қойылымға қатысып, көрсетілген жолмен жүріп, біреудің көңіліне қарап, дауыс бере салдыңыз ба?

• Сайлаған өкіліміз «сен қайдан келдің» дегендей паңданып, ішкен-жегеннің қалай болатынын көрсеткенде «Ойпырым-ау мынау қайдан шықты» деп таң қалысып жүрсіздер ме? Осындай жауабы жоқ сауалдар көп-ақ.

Ал шынтуайтында, біздердің сайлау мен сайлану құқығымызды көзге көрінбейтін, құлақ естімейтін тәсілдер арқылы біреулер құпия жолдармен ұрлап жатыр. Ендеше осы құпия сызбаға назар аударып көрелік.

Бірінші сауал. Саяси партиялар өзара аумақты қалай бөліседі.

1992 жылғы МҰХ-ның алғашқы сайлауына дауыс беруге тиісті азаматтардың 95,6 пайызы қатысып, ел бойынша билікке үлкен сенім жүктеген еді. Алайда одан кейінгі МҰХ-ның сайлауларында партиялар күшейіп, биліктің дәмін татып, әмияндары бірігіп кеткен кезден бастап, МҰХ мен АӨХ сайлауында аумақ бөлісу деген ұғым пайда болды. Оған тағы бір себеп – аумақтың аясы кішірейіп, сол аумақтан 76 өкіл сайлануы. Саяси партиялар басшылары деңгейінде сайлаудың белгілі бір аумағында бір партия өзінің сенімді деген адамын бәйгеге қосып, қалған партиялар қатысқан болып, әлсіз адамын салып немесе мүлдем атын ұсынбайтын келісім осылай аталады. Бұл ойынға көбінесе партиялардың ақауыздары қатысып, «бір-бірімізге жем болмайық» деген ымыра жасалады. Ал шағын партиялар «Сіздер жеңіске жеткен соң біздерді де ұмытпаңыздар» деген шартпен ойынға кіріседі.

Екінші сауал. Сайлауда біз қалаған адамның аты ұсыныла ма? Оған сайлаушылар біздер қаншалықты қатысып отырмыз?

Дербес атын ұсынушыларға соншалықты сенім артпайтын біздер партиялар кімді ұсынса, соны ғана сайлаймыз. Осынының салдарынан сайлау тек саяси партиялардың ісіне айналып, азаматтардың қатысуы жоққа тән болды. Сайлау аумақтарына білімді де білікті азаматтарды ұсынуға партиялар ұмтылыс жасап көрсе де, нәтижеге жетпеді. Мысалы, бұрынғы МХРП-ның «Прогноз» зерттеу орталығы арқылы МҰХ сайлау алдында әрі аумаққа сауалнама жүргізіп, атын ұсынушыларды анықтамақ болғанымен сауалнама қортындысын өзгерту, теңесіп қалғанда өзара дауласу мәселесі туындағандықтан «мұны бастықтар шешкен жөн» деп жайына қалдырды. Демократиялық партия да жөні түзу адамды Президентке шығармақ болып, Америкалық жүйемен атын ұсынушыны анықтап көрмек болғанымен бұл сәтсіздікке ұшырады. Қазір МХП-сы 369 мүшесі бар конференциясынан, ДП алғашқы сатылы ұйымдарынан дауыс жинау арқылы МҰХ, Президент сайлауына атын ұсынып отырғанымен партияның билік басындағылар бұрынғыдай өздері шешіп отыр. Аумақтарды бөлісу іс әрекеті партия ішінде жүріледі. Алдымен партиядан атын ұсыну құқығы үшін бәсекеге түсіп, кім партия басшысы немесе ықпалы күшті фракцияға жақын, кім ақшалы болса, сол амалын тауып, қажетті уақытында ақша ұсынған жағдайда атын ұсыну аумағын иеленеді. Әрине, партия басшылары деңгейінде бөлінген аумақтардан күмәнді аумаққа ешкімде барғысы келмейтін болса да, жолы болмаған жолдас партиясының уәде еткен мансабын арқалап, тәуекелге бел буады.

Аумақты бөлісу кезінде сол аумаққа нәрсе істегені маңызды болғандықтан мемлекет деңгейінде ойлап, жұмыс жүргізуге міндетті МҰХ мүшелерін «жыра-жылғаның» депутатына айландырып, сайлаушы қауымның бағалау аумағын кішірейтіп, мемлекет қаржысымен салынған Спорт алаңы қатарлылармен өкілдерді бағалау теріс бағытқа жетелеуде. Соның салдарынан көрімдеу дәретхана салынса да, МҰХ мүшелері барып лента қиятын дәстүр қалыптасты. Өкініштісі еліміздегі партиялар арасындағы ымыра мен өз ішіндегі у езушілік, өз адамдарын ұсыну үшінгі фракциялардың құпия күресі, билік пен ақша үшінгі бәсеке біздердің сайлау және сайлану құқығымызды ұрлап отыр.

Үшінші сауал. Атын ұсынушылар туралы нақты және шынайы ақпарат алып, жауапкершілікті таңдау жасай аламыз ба?

Атын ұсынушы және оның бағдарламасы туралы қолжетімді шынайы ақпарат алу сайлаушы құқығын иеленудің басты факторы. Атын ұсынушы әділ де әдепті болып, сайлаушылардың саналы түрде дұрыс таңдау жасауына ықпал етеді. Сондықтан да сайлау туралы заңда жалған уәде беру, ақша тарату мен сайлаушылардың дауысын сатып алу мақсатында қандай бір іс әрекет етуіне тыйым салынған. Ал шынайы өмірде бұл мүлдем басқаша. Атын ұсынушылардың үгіт-насихат жұмысы, біріншіден, заңға сәйкес жариялы түрде, екіншіден, ойына келген қулық, сұмдықтың барлығын жасайтын нұсқамен жүріледі. Алғашқы нұсқа бойынша барлығы да бір деңгейде жүріліп жатқан сияқты болғанымен әркім қалтасына қарай көсіледі. Бұл теңіз үстіндегі мұзтаудың беті ғана. Ал келесі нұсқасы бойынша атын ұсынушылар барлық уақыты, қаржысы мен адам күшін аямай пайдаланады. Алғашқы кезекте атын ұсынушылар өз аумағындағы партия мүшелері мен белсенділерді жұмылдырудан бастайды. Жеңіске жету үшін оларға еңбекақы деп ақша ұсынып, басқа да әлеуметтік қамқорлықтар немесе жеңгеннен кейін лауазымға тағайындау, шетелдерге демалысқа жіберу, билік шеңбері аясында жем бөлісу қатарлы уәделер береді. Олар бестік, ондық жүйесін құрып, ең ықпалды және белсенді азаматтар, атын ұсынушының сенімді адамдары мен ұйым-мекемелерге байланысты жұмыс жүргізеді. Оны қысқаша баяндасақ.

Бестік, ондық жүйесі: Атын ұсынушынының қолдаушылары бестен он адамды жауаптанып, дауыс бергізумен қатар олардың басқаларға ауып кетуінің алдын алып, барлық жұмысты атын ұсынушының штабының алдында жауаптанады. Бұл желілік бизнес үлгісімен жүріледі. Немесе өрмекшінің торы сияқты барлық сайлаушыларды қамту мақсатын көздейді.

Мақсатты топтармен жұмыстау: Сол аумақтағы жерлестер, ағайын-туыстар, әлеуметтік әлсіз топтар, жастар ұйымы, қариялар одағы, пәтер үй меншіктенушілер одағы, жерлестер алқасы қатарлы ұйымдармен қатар маскүнемдікке салынған топтарды да назардан тыс қалдырмай, олардың әрқайсысына сәйкескен уәде беріп, қалтасын ақшаға толтырады.

Барлық адамдармен жұмыстау: Қазір қоғам ғаламтор желісіне байланғандықтан оның да маңызы зор. Атын ұсынушының әрқайсысы өз аумағындағы сайлаушы жасындағы барлық адамдардың толық мәліметін Мемлекеттік тіркеу қызметінен тауып алады. Оған заңмен тыйым салынғанымен біздің қоғамда болмайтын нәрсе жоқ болғандықтан оның да жолы табылады. Сондай-ақ пәтер үй меншіктенушілер, қариялар, жастар ұйымы қатарлы бейресми ұйымдар өздеріне тіркелген азаматтардың тізімін атын ұсынушыға береді, әрине ол ақылы. Соңғы жылдары банк, қаржылық ұйымдардағы азаматтардың қарызы туралы мәліметтері де қолды болғаны көрініп жүр. Олар сіз туралы барлық ақпарат қолына түскеннен кейін ұялы телефоныңызға қоңырау шалып, мәселеңізді шешіп беруге уәде беріп, атын ұсынушыға дауыс беруге шақырады. Ол үшін үлкен ұялы байланыс операторлары сияқты құрылымда жұмыс жүрігізіледі. Бас тартуға болмайтын ұсыныс айтылғандықтан, әрине ол адам сол үшін дауыс береді.

Сатып алудан сақтанып сатып алу: Атын ұсынушының әрқайсысы «ұрының арты қуыс» дегендей бәсекелесінің заңсыз жолдарымен әрекет ететініне толық сенімді болады. Бұл сенімін оның айналасындағы штабтағылар, партия белсенділері мен оған “жақсылық тілеушілері” тіптен нығайтады. Атын ұсынушы дауысты бәсекелесіне жіберіп алмау үшін алдын-ала сақтанып, сайлаушылардың алақанын майлайды. «Алмақтың да салмағы бар» дегендей жинағандарын жоғалтпау үшін атын ұсынушы сайлау уақыты аяқталғанға дейін оларды айналсоқтаумен болады. Бұл көп ақшаны қажет етеді. Оны атын ұсынушы жеке есепшотынан, көбінесе демеушілерінен шығартады. Бұл оны басқаларға қарызды етіп, күндердің бір күнінде оларға лауазым немесе заңсыз артықшылық беру қатарлы жолдармен қарыздарын қайтаруға мәжбүрлеп қояды. Жоғарыдағы аталған жағдайлардың барлығы бағдарламаларын жарыстырып, білімі мен біліктілігі, тәжірибесі мен әдебі арқылы дауыс алу мақсатындағы сайлау үгіт насихатын мүлдем теріс жаққа бағыттап, сайлау құқығын табанға басып, ақша мен билікті алау етіп, сайлану құқығын ұрлық жолымен алудың тағы бір түріне айналды.

Төртінші сауал. Бұл ұрлықтың барлығын атын ұсынушы істей ме?

Солай әрі солай емес. Алғашында мұның барлығын саясаткерлер мен партиялар енгізіп, жүйе қалыптастырғаны үшін, әрине, солай. Ал мұның келесі жағында «сұранысқа ұсыныс» дегендей нарық заңымен сайлауды ақша табатын құрал ретінде көретін қоғамдық үлкен бір топ пайда болды. Олар атын ұсынушыларға бас тартпайтын ұсыныс жасап, ақша сауып пайда табуды көздейтіні шындық. Бұл жағынан атын ұсынушыларды «зардап шегушілер» деп атауға да болады. Сайлау кезінде ақша жасайтын бұл ұйымдасқан топтар барған сайын құрылымдық жүйеге айналып, алаяқтық жасап, халықты алдап-арбап, қорқытып үркітуге көшкен. Мұндай құрылымдарға заң ұйымдары ешқандай жауапкершілік жүктете алмайтындықтан олар сайлау мен сайлану құқығын осылайша ұрлап жатыр.

Бесінші сауал. Адамның барлығы сайлау құқығын сата ма?

Әрине, жоқ. Өзінің наным-сенімі, көзқарасы мен мінезіне сәйкес таңдау жасайтын адамдар көп болғанымен олардың саны барған сайын азайып барады. Олар дауысын сатпаса да, дауыс беруден бас тартып, сайлауға қатыспайтындықтан пікірін сатушы мен сатып алушы көпшілікке айналу қауіпі туындап отыр. 1993 жылғы президент сайлауына қатысушылар сайлаушылардың 93-тей пайызын иеленген болса, 1997 жылы 85 пайыз, 2001 жылы 83 пайыз, 2017 жылы 60 пайыз болып азайды. Мемлекеттік Ұлы Хурал сайлауына дауыс берушілердің де қатысуы осы мөлшерде. Кейбір жергілікті жердегі дауыс берушілер саны 51 пайызға жетпегендіктен қайта-қайта сайлау өткізген жағдайлар орын алды. Оның себебі – партиялардан атын ұсынған үміткер сайлаушылар көңілінен шықпай отырғандығында. Бірден ұнамайтын адамға күшпен таңдау жасата алмайтындықтан сайлауға қатысса да, ақ парақшамен дауыс беріп жатыр. Бұл дегеніміз ешкімді де қолдамайтындар да бар деген сөз. Егер осылай жалғаса берсе дұрыс сайлау өткізе алмауымыз да мүмкін.

Алтыншы сауал. Сайлау және сайлану құқығыңызды ұрлаушылардың жолын кесетін амал бар ма?

Зерттеушілер мен саясаткерлер еліміз Ата заңы бойынша бұл құқығымызды толық иеленудің жолдары көп екенін көп айтып жүр. Осы мақаланы жазушы ретінде мен дауыс беру парақшасына атын ұсынушылармен қатар “барлығына да қарсы дауыс беремін” деген таңдау енгізілуі қажет деп ойлаймын. Кейбір адамдар осылай жасасақ сайлау дұрыс жүрілмейді, қайта сайлау жүрілетін көп қаржы қажет болады деп уайымдайды. Расында да, біз сайлауға аз қаржы жұмсамаймыз. Бірақ біліксіз, әділетсіз, мүдде қайшылығына ұшыраған заң шығарушы ұйымның елге берері аз, келтіретін шығыны шексіз мол болғандықтан, ұлттық қауіпсіздік, тәуелсіздігіміз үшін тәуекел етіп, қайтадан неше миллиардтарды жұмсасақ та қайтер дейсіз. Атын ұсынушыларды сайлаушылар қабыл алмаған жағдайда, партиялар да дұрыс адамның атын ұсынуға ұмтылады. Сайлаушылар да жауапкершілікті таңдау жасап, ұрлықтың жолын кесіп, сайлау және сайлану құқығын шын мәнінде иеленетін болады.

Моңғолия мемлекеттік университеті профессоры,

доктор Оролмаагийн Мөнхбат

Аударған журналист Сәбет Насырұлы

Моңғолияда

Алтынгүл Дәлелқызы: Көктемгі кітап мерекесі 20 мамырда өтеді

Published

on

15 мамыр, KAZNEWS. Көктемгі Ұлттық кітап мерекесі 2022 жылғы 20 мамыр күні орталық алаңда өтеді. Бұл туралы Ақтан Бабиұлы атындағы Орталық кітапхана директоры Алтынгүл Дәлелқызы хабарлады.

Моңғолия Парламентінің спикері Г.Занданшатардың бастамасымен 20 мамыр күні Өлгий қаласы “Ікей батыр” атындағы орталық алаңда көктемгі “Ұлттық кітап мерекесі” өтпек.

31-рет өткізелетін кітап мерекесі Өлгий қаласының қонақтары мен тұрғындарының мәдени өміріндегі маңызды оқиға болмақ.

Ұлттық кітап мерекесіне балабақшалар да қамтылады. Олар ең кішкентай оқырмандармен жасөспірімдерге ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны мен парадын көрсетеді.

Көрерменге кітап алмасу акциясы мен ең сирек кездесетін кітаптар көрмесі ұсынылады.

Сондай ақ, кітапханаға жанашырлық танытып жүрген азаматтарға арнайы құрмет көрсетіледі. 

Continue Reading

Моңғолияда

Еркінбек Бөденұлы аймақтық Журналистер одағының төрағасына тағайындалды

Published

on

13 мамыр, KAZNEWS. Еркінбек Бөденұлы аймақтық Журналистер одағының төрағасына тағайындалды. 

Баян-Өлгий аймағының Журналистер одағы “Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі” күніне орай 11 мамырда конференция ұйымдастырды. Бұл конференцияға аймақтағы барлық БАҚ өкілдері, белсенді тілшілер қатысты. 

Одақ төрағасының қызметін атқарушы Еркінбек Бөденұлы одақтың тарихын таныстырып, бұған дейінгі атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді. 

Одақтың бұрыңғы төрағалары Сәбет Насырұлы мен Өмірбек Биқұмарұлы БАҚ саласындағы заңнамалар, жаңа медиалар туралы, Ховда университетінің аймақтағы филиалының ғылыми жетекшісі Хиналған Жылқыайдарқызы журналистика саласы және журналистердің қостілді білімі туралы баяндама жасады.

Конференцияға жиналған БАҚ өкілдері Моңғол Заман газетінің редакторы Асылбек Рахатұлн, ақын Жанат Боқашұлын, журналист Вася Бұлшыпұлын  еске алып, 1 минут үнсіздік жариялады.

Өмірбек Биқұмарұлы одақ төрағасын рәсімдеуге байланысты ұсыныс білдіріп, БАҚ өкілдері бірауыздан Еркінбек Бөденұлын Баян-Өлгий аймағының Журналистер одағы төрағасына тағайындады. 

Аймақтық Бұқаралық радиосының тілшісі Маржан Кәкейқызы мен Дербес телеарнасының журналисті Жұлдыз Жұмағұлқызы “Баспасөз саласының озат қызметкері” төсбелгісімен марапатталды.

Аймақ әкімінің “Құрмет громатасы” Алтайньюс газетінің редакторы Жексенбай Қайыпұлы, Моңғол заман газетінің тілшісі Айгүл Ұстапқызы, Алтай сұмындық белсенді тілші Мерғалым Жәнімханұлы, Саян ТВ тілшісі Б.Энх-Уянга -ға, Аймақтық Азаматтар Өкілдері Хуралының “Құрмет громатасы” Озат Ешмайұлы мен Тілектес Ақынбекұлына табыс етілді.

Шұғыла журналының арнайы марапаты журналист Нұрболат Өнерханұлы мен Айбота Әлиханқызына, Радионың арнайы сыйлығына Хобда аймағының зейнеткер ұстаз, аға журналист Шілдебай Қыранбайұлы,  Көкмайнақ ауыл Қизатхан, Мағауия Сұлтанияұлы атындағы сыйлыққа журналист Аманбек Қанайұлы, Қажекбер атындағы сыйлыққа С.Әнсар, Қуатай атындағы сыйлыққа Муратбай Қажыбайұлы, Өлгий сұмыны “Құрмет медалы” -мен Баяннуур сұмындық З.Қонай, Ногооннуур сұмындық З.Қатпа ағамызға берілді.

Казньюс ақпарат агенттігі де бұл конференцияда аға журналист Тілеухан Ақбайұлы мен Қабдыраш Жекейұлына арнайы дайындаған марапатын құрылтайшысы Өмірбек Қабайұлы табыс етті.

Continue Reading

Моңғолияда

Қарттарға жеңілдікпен демалуға арналған арасандар мен шипажайлар ТІЗІМІ

Published

on

«Қарттар туралы» заңға сәйкес, қарттар жылына бір рет жеңілдікпен шипажайларға демалуға құқылы.

Сондықтан биылғы жылы Моңғолиянығ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасының тендерін жеңіп алған қарттарға жеңілдікпен берілетін демалыс орындарының тізімін ұсынып отырмыз.

Тізімнен Баян-Өлгий аймағынан “Шегіртай арасаны” шипажайын көруге болады. 

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолияның экс-президенттері ақылдасу алқасын құрады

Published

on

Моңғолия Президенті, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы У.Хүрэлсүх елдің экс-президенттерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Моңғолия Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге Моңғолия Президенті лауазымын атқарған П.Очирбат, Н.Багабанди, Н.Энхбаяр, Ц.Элбэгдорж және Х.Баттулга қатысты.

Кездесу барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, сыртқы және ішкі факторлар және басқа да мәселелер жөнінде пікір алмасылды.

Моңғолияның ұлттық қауіпсіздігі, ұлт бірлігі, сыртқы және ішкі саясаттағы мәселелері бойынша бұрыңғы Мемлекет басшылары тығыз ынтымақтастықта болып, ақылдасу алқасын Моңғолияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жанынан құру қажет деп шешті.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 week ago

29 жастағы Айсулуу Тыныбекова туралы 29 дерек

9 мамыр, KAZNEWS. Қырғыз елінің мақтанышы, еркін күрестен олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлемнің екі дүркін чемпионы Айсулуу Тыныбекова 29 жасқа...

Дерек1 week ago

Моңғолия азаматтары 60 елге визасыз бара алады

KAZNEWS – 2021 жылдың 1 қазанынан бастап қарапайым паспорты бар Моңғолия азаматы 25 шет мемлекетке 14-90 күнге визасыз баруға құқылы....

Дерек2 weeks ago

Оңтүстік Корея Моңғолиялық туристер үшін 30 күн визасыз режимге көшті

Оңтүстік Корея үкіметі маусымның 1 күнінен бастап Моңғолия, Вьетнам, Филиппин, Индонезия қатарлы елдің 5 және одан жоғары құраммен келетін туристер...

Дерек3 weeks ago

Илон Маск Twıtter-ге қазақ тілін енгізе ма?

26 сәуір, KAZNEWS. Илон Маск Twıtter-ді сатып алған соң оған бірқатар өзгеріс енгізетінін айтты. Бұл туралы KazUnite.com хабарлады. Әзірге 23...

Дерек3 weeks ago

Ә.Базар мен Т.Аягүл моңғолиялық Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді

27 сәуір, KAZNEWS. Базар Әшімұлы мен Аягүль Тілейханқызы моңғолиялық Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді. Бұл туралы KazNews АА Forbes...

Дерек2 months ago

Еліміздегі 400 ге жуық бүркітшінің 80 пайызы 30-70 жас аралығындағы ерлер

14 наурыз, KAZNEWS. Еліміздегі 400 ге жуық бүркітшінің 80 пайызы 30-70 жас аралығында ерлер. Бұл ақпаратты Моңғолияның Қоршаған ортаны қорғау...

Дерек2 months ago

Цэнгэл өлкесінде жұмыстайтын “ЭС ЖИ Групп” компаниясындағы бос жұмыс орындар

Цэнгэл өлкесінде жұмыстайтын “ЭС ЖИ Групп” компаниясындағы бос жұмыс орындар жарияланды. Үміткерлерді 13 наурызға дейін тізімдейді. Мекен жайы: Баян-Өлгий аймағы,...

Дерек2 months ago

Осы наурызда Улаанбаатарда қандай концерттерді көру керек

Нұр тобы Баян-Өлгий аймағының эстрадасының танымал тобы “Нұр тобы” Улаанбаатар қаласында гастролдық сапармен барып, Тәуелсіздік сарайында жеке концерт береді. 18...

Басты назарда