09:30 Аймақтық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы С.Айгүл мәлімдеме жасады.
Аймақтық ауруханаға кеше кешке дене қызуы бар адам короновирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен ауруханада оқшауланып бақылауға алынған.
Ол азамат 2020 жылы 10 қаңтар күні Қытай Халық Республикасына барып 6 ақпанда Моңғолияға қайтқан. Хобда аймағы арқылы кеше түнгі сағат 21:00 кезінде Баян-Өлгийге келген.
Денсаулық сақтау басқармасы күдікке ілінген азаматтың дене қызуы түскенін хабарлады.
08:00
Баян-Өлгий аймағында коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен дене қызуы бар адам бақылауға алынды. Бұған байланысты аймақтық Төтенше комиссия 2020 жылы 12 ақпанның түнгі сағат 03:00 –те шұғыл шақырылып төменгі шешімдерді шығарды.
- Коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген адамның маңайында болған азаматтарды оқшаулап бақылауда ұстау
- Тірлік, Ақдәм базарының жұмысын сараптама нәтижесі шыққанға дейін уақытша жабу
- Ресторан, кофе шоп, караоке және мешіттердің қызметін 2 наурызға дейін уақытша жабу
- Күдікке ілінген адамнан сынама алып, орталыққа жеткізу.
- Барлық автожолға пост жұмыстатып, сырттан келетін жолаушыларға санитарлық бақылауды күшейту, Мамандық бақылау басқармасы, Төтенше жағдайлар басқармасы, Полиция басқармасы, Мал дәргери басқармасынан күш қосып жұмыстау
- Қызметкерлерді медициналық жабдықпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.
Азаматтар назарына:
- Сынаманы жеткізу комиссия шұғыл жолға шықты
- Бұл коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деген күдік болғандықтан расталған ақпарат емес. Сондықтан сабыр сақтаударыңызды өтінеміз.
- Денсаулық басқармасының ақпаратынан өзге ақпараттарға сенбеу, жалған ақпарат таратпау
- Көпшілік жерге бармау
- Балаларды үйде ұстау
- Барлықтарыңыз маска тағып, қолдарыңыз бен орталарыңызды үнемі таза ұстауларыңыз керек.
- Коронавирустан алдын алу үшін аймақ әкімі мен Төтенше комиссияның шешіміне бағыну
- Мемлекеттік қызметкерлердің қойған талабын орындауларыңызды сұраймыз.
АЙМАҚТЫҚ ТӨТЕНШЕ КОМИССИЯ
Ал, аймақтық Полиция басқармасы жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Сурет: Аймақ Әкімінің Іс басқармасы