15 сәуір – Kaznews. Моңғолияда кейінгі тәулікте 742 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
Айта кетейік, бұған дейін 14 сәуірде 1220 жағдай, ал 13 сәуірдегі жағдай бойынша 885 адамнан COVID-19 анықталған болатын.
Аймақтар бойынша, бүгін Улаанбаатар қаласында 654, Архангай 6, Дархан 14, Орхон аймағынан 28, Завхан 4, Дундговь 3, Дорноговь 1, Сүхбаатар 2, Сэлэнгэ 6, Төв 10, Увс 1, Ховд 5, Хөвсгөл 1 және Хэнтий аймағынан 4 жағдай тіркелді.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 18,565.
Елімізде кейінгі тәулікте – 385 адам коронавирустен жазылып шыққан.
Моңғолия бойынша аурудан айыққандар саны – 10,638.
Сонымен қатар, Моңғолиядағы коронавирус ақуалының таралуына байланысты Оксфорд университетінің қатысуымен құрылған Our World In Data статистикалық ақпараттық порталы жаңа ақпарат берді. Сайттың хабарлауынша Моңғолияның миллион тұрғынға шаққандағы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде 44-орында тұр.
14 сәуірдегі мәліметке жүгінсек Моңғолияда миллион тұрғынға шаққанда 276,23 жаңа жағдай тіркелді. Әлемдегі эпидемия деңгейі жоғары бес елмен салыстырғанда Моңғолия Үндістан, АҚШ және Ресейді басып озғанын көруге болады.
Ал, Азия құрлығында бірінші орынға шыққанын көруге болады.
Халқы аз ел үшін бұл үлкен қауіп. Сондықтан аймақтық Төтенше комиссияның тақауырына құлақ асып, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, маска тағып жүру аса маңызды болып отыр.