Connect with us

Моңғолияда

Д.Нямхүү: Қазақстаннан келген 3 адамнан коронавирус анықталды

Published

on

Денсаулық сақтау министрлігінің кезекті баспасөз маслихатында Жұқпалы ауруларды зерттеу жөніндегі ұлттық орталығының директоры Д.Нямхүү мәлімет берді.

Оның айтуынша: «Өткен тәулікте Моңғолия бойынша барлығы 241 адамнан сынама алынған. Оның 238 адамынан коронавирус жағдайы анықталған жоқ. Нұр-Сұлтан-Улаанбаатар бағыты бойынша ұшақпен келген 184 азаматтың үшеуін Жұқпалы ауруларды зерттеу жөніндегі ұлттық орталығына оқшаулаған болатын.

Олардан коронавирус жағдайы анықталған жоқ. Ал, қалған 181 азаматтың зерттеу қорытындысынан 3 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 197 ге жетіп, ауруынан айыққандар саны 95 болды. Ем қабылдап жатқандар саны 102.

Ел көлемінде коронавирус анықтайтын алты лаборатория жұмыстап тұр. Батыс өлкеде Хобда қаласында, шығыс өлкеде Дорнодта, Дархан қаласында және Улаанбаатарда үш лаборатория жұмыстап тұр.

Photo: GoGo.mn

Моңғолияда

Моңғолияда аффинажды зауытты салуға қатысты мәселелерді талқыланды

Published

on

21 қазанда Моңғолиядағы ҚР Елшісі Ж.Әділбаев Моңғолияның Тау-кен және ауыр өнеркәсіп министрі Г.Ендонмен кездесіп, Моңғолияда аффинажды зауытты салуға қатысты мәселелерді талқылады. Бұл туралы Kaznews.mn ҚР Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы кездесуге Моңғолияның Тау-кен және ауыр өнеркәсіп министрлігі Ауыр өнеркәсіп департаментінің директоры Д.Даваадорж, «Эрдэнэс Монгол» мемлекеттік компанияның Металлдар мәселелеріне жауапты директоры Б.Ганболд, «Эрдэнэс Алт Ресурс» компаниясының директоры Б.Ачитсайхан және қазақстандық тараптан бұл зауытты салуға жауапты «Symbat Engineering» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры М.Тлеужанов қатысты.

Тараптар аталған нысанның болашақ өндірістік қуаты, техникалық іс жобасы және техникалық-экономикалық негіздемесіне қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тараптар сондай-ақ аталған іс жобаны жан-жақты қайта сараптауға арналған жұмыс комиссиясының шеңберінде жұмыс жүргізуді жалғастыруды ұйғарды.

Continue Reading

Моңғолияда

2022 жылы Тоғызқұмалақтан ел біріншілігі өтеді

Published

on

Биыл пандемияға байланысты көптеген спорт жарысы шегерілді. Енді 2022 жылы Баян-Өлгийліктерді түрлі спорттан зоналық және ел біріншілігі күтіп тұр.

Моңғолияның Денешынықтыру, спорт басқармасының басшысының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі бұйрығы бойынша 2022 жылы 37 спорт түрінен ел біріншілігі өтеді деп белгіленген.

Олардың арасында қазақтың ұлттық ойыны Тоғызқұмалақ бар. Келер жылы шілде айының 7 күні Тоғызқұмалақ ойынынан ел біріншілігі Баян-Өлгий аймағында өтпек.

Естеріңізге салсақ, 2018 жылы Баян-Өлгий аймағында тоғызқұмалақ ойынынан Азия чемпионаты өткен болатын.

Continue Reading

Моңғолияда

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдағы 28 бос орынға конкурс жарияланды

Published

on

Баян-Өлгий аймағында Мемлекеттік әкімшілік лауазымдағы 28 бос орынға конкурс жарияланды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері кеңесінің ақпараттық порталында хабарланды.

Моңғолияның Мемлекеттік қызмет туралы заңның 27 бабының 27.1.2, 27.1.3 тармағында көрсетілген талаптарға сай мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс жариялап отыр.

Аймақтық Білім басқармасында 2, аймақтық Ветеринария басқармасында 7, аймақ Әкімінің Іс басқармасында 5, аймақтық Мамандық бақылау басқармасында 4, Денсаулық сақтау басқармасында 1, аймақтық Жанұя, балалар мен жастардың даму басқармасында 4, аймақтық Жер қатынас, құрылыс, қала құрылымы басқармасында 2, аймақтық Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде 1, аймақтық Қоршаған орта, туризм басқармасында 1, аймақтық Еңбек және әлеуметтік қызмет басқармасында 1 орын бос тұр.

Толық ақпарат алу үшін Мемлекеттік қызмет істері кеңесінің порталына өтіңіз. Сілтеме: https://hh.csc.gov.mn/view/9af68e48-9ed2-4932-b8c7-89895b0af8df

Continue Reading

Моңғолияда

Францияның Моңғолиядағы Елшісі тағайындалды

Published

on

Францияның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елші қызметіне Себастиан Сүрүн тағайындалды.

Моңғолияның Сыртқы істер вице министрі Б.Мөнхжин 5-ші қазан күні Елшіні қабылдап, Моңғолия Президентіне беретін сенім грамотасының көшірмесін алды.

Кездесу барысында Моңғолия мен Франция арасындағы екі жақты және халықаралық деңгейдегі қарым-қатынастар талқыланды.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 weeks ago

Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Химия бойынша Нобель сыйлығын молекулалар синтезінің жаңа әдістерін ашқаны үшін неміс ғалымы Беньямин Лист пен британдық Дэвид Макмиллан алды. Бұл...

Дерек3 weeks ago

Моңғолиялықтар қараша айында неше күн демалады?

05 қазан, KAZNEWS. Моңғолиялықтар қараша айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 10 күн демалады. “Шыңғыс ханның дүниеге келген қыс...

Дерек1 month ago

Интернетте жиналған ақпарат қайда сақталады?

Интернет – миллиондаған терабайт ақпаратқа толы терең мұхит. Күн сайын адамдар ғаламторға көптеген бейнелерді, суреттерді, құжаттарды және басқа мазмұнды ақпараттарды...

Дерек2 months ago

Саяхатшы Х.Энхтайван: Ікей батыр туралы не білеміз?

04 қыркүйек, KAZNEWS. Саяхатшы Х.Энхтайван әлеуметтік желісінде Ікей батыр Мәзімұлы туралы қызықты жазба жариялап, қазақтың қайсар ұлы туралы мәліметпен бөлісіп,...

Дерек2 months ago

Жол кептелістерінен Улаанбаатар экономикасына 947 млн доллар шығын келеді

20 тамыз, KAZNEWS. Кептелістердің кесірінен Улаанбаатар қаласының экономикасына жылына 947 миллион АҚШ доллары шамасында шығын келеді. Үкіметтің өткен сәрсенбі күнгі...

Дерек5 months ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек5 months ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек5 months ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Басты назарда