KAZNEWS – Мемлекеттік Ұлы Хуралдың сайлау заңы бойынша 10 мамырдан бастап сайлауға түсуге тіркелген партия, партиялық коалициялар кандидаттарын жариялау басталады. Анығырақ айтсақ заң бойынша мамырдың 1-16 күндері партия, партиялық коалициялар парламент сайлауына түсетін кандидаттарын ұсына алады.
Мемлекеттік Ұлы Хуралдың сайлау заңының 29.1 бабында «Сайлауға түсуге тіркелген партия, партиялық коалициялар дауыс беру күнінен 45 тәулік бұрын кандидаттарының атын ұсыну жұмысын бастап, 7 күн ішінде аяқтайды» делінген.
Моңғолияның кезекті Парламент сайлауына 15 партия, 4 коалиция түсетіні белгілі болған.
Дербес атын ұсынушылар қол жинауға кірісті
Бұл жолғы Парламент сайлауына 208 үміткер дербес атын ұсынуға ниет білдіріп, сайлау бағдарламасын ұсынған. Сайлау заңы бойынша дербес атын ұсынушы 801 –ден кем емес қолдаушының қолын қойдырып әкелуі керек. Сондықтан дербес атын ұсынушылар сайлауға түсетін аумағынан қол жинап бастады.
Сайлау комиссиясынан тәжівирусқа байланысты дербес атын ұсынушыларға қолдаушыларының қолын қалай жинауға болатыны жөнінде кеңестерін берген.