Connect with us

Моңғолияда

ОСК: Моңғолияның Парламент сайлауына 15 партия, 4 коалиция түседі

Published

on

KAZNEWS – Моңғолияның Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауына түсетін партияларды тіркеді. Бұл туралы ОСК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Заң аясында 2020 жылғы Парламент сайлауына қатысу үшін 15 партия, бірнеше партиядан құрылған 4 одақ (коалиция) сайлау бағдарламасы мен ресми құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына өткізген.

Орталық сайлау комиссиясы барлығының құжаттарын тексеріп, қандай бір олқылықтар жоқ деп шешіп, оларды сайлау додасына қатыстыруға шешім қабылдаған болатын.

Олай болса, парламент сайлауына түсетін партиялар мен партия одақтарына растама куәлігін сәуірдің 30, және мамырдың 1 күндері табыс етті.

Партиялар:
1. Патриоттар партиясы (Эх орончдын нэгдсэн нам)
2. Бостандықты жүзеге асырушылар партиясы (Эрх чөлөөг хэрэгжүүлэгч нам)
3. Ынтымақ партиясы (Их эв нам)
4. Көпшілік партиясы (Зон олны нам)
5. Әлемдік моңғолдар партиясы (Дэлхийн монголчууд нам)
6. Демократиялық партия (Ардчилсан нам)
7. «Халқымызды аялайық» партиясы (Ард түмнээ хайрлая нам)
8. Халықтық партия (Ард түмний нам)
9. Даму жолы партиясы (Хөгжлийн хөтөлбөр нам)
10. Моңғолдың жасылдар партиясы (Монголын ногоон нам)
11. Моңғол Халық партиясы (Монгол Aрдын нам)
12. Отан партиясы (Эх орон нам)
13. Демократиялық жаңару партиясы (Ардчилал шинэчлэлт нам)
14. Халықтың көпшілік билігі партиясы (Ард түмний олонхийн засаглал нам)
15. Ауылды дамыту партиясы (Гэр хороолол хөгжлийн нам)

Партиялар коалициясы
1. Моңғол консервативтер партиясы мен Моңғолияның адам үшінгі партиясы одағының “Конституцияның 19-бабын жүзеге асырайық” коалициясы
“Сахигтун! Үндсэн хуулийн 19” эвсэл (Монгол консерватив нам, Монголын хүний төлөө нам)

2. Моңғол Халық Революцияшыл партиясы, Азаматтық жігер жасыл партиясы, Моңғолияның дәстүрлі біріккен партиясы одағының «Сіз бен біздің одағымыз» коалициясы
“Та бидний эвсэл” (Монгол ардын хувьсгалт нам, Иргэний зориг ногоон нам, Монголын уламжлалын нэгдсэн нам)

3. Әділ азаматтардың коалициялық партиясы, Республикалық партия, Шындық пен дұрыс партия, Моңғолия ұлттық демократиялық партиясының «Шинэ» яғни «Жаңа» коалициясы
“Шинэ” эвсэл (Шударга иргэдийн нэгдсэн эвсэл нам, Бүгд найрамдах нам, Үнэн ба зөв нам, Монгол үндэсний ардчилсан нам)

4. Еңбек ұлттық партиясы, Моңғолиялық социал демократ партиясы, Этикалық партия одағынан «Дұрыс адам электорат» коалициясы
“Зөв хүн электорат” эвсэл (Хөдөлмөрийн үндэсний нам, Монголын социал демократ нам, Зүй ёс нам)

Моңғолияда

Математик Еркеқұлан Бағдатұлы Dedu деп аталатын мобильді қосымша жасап шықты

Published

on

07 желтоқсан, KAZNEWS. Жас математик, докторант Еркеқұлан Бағдатұлы “Dedu” деп аталатын мобильді қосымша жасап шықты.

Dedu – Decentralized education system (Орталықтандырылмаған білім беру жүйесі)

Мобильді қосымшалар нарығы әлем бойынша ғаламат қарқынмен дамып жатыр. Қосымшалар жасау үлкен қаражат әкелетін стартаптардың бірі.

Dedu – мобайлды қосымшасы  арқылы математика пәні бойынша сабақтар алу, жоғарғы оқу орындарына түсетін оқушылар үшін арнайы дайындалған тесттер беру, видео сабақтар қарау қатарлы қызметтер алуға болады.

Апп жүктеп алу сілтемесі: https://onelink.to/a7r8hz 

Continue Reading

Моңғолияда

Баян-Өлгийде “Интеллигенттер додасы” ұйымдастырылды

Published

on

26 қараша, KAZNEWS. Моңғолияның Республика күніне орай Баян-Өлгийде тұңғыш рет аймақтың әр өңірінен 14 команда қатысқан “Интеллигенттер додасы” мемлекеттік ән ұранмен басталды.

“Интеллигенттер додасы” -на “Альфа”, “Қызыл жебе”, “Старс”, “Сұңқар”, “Болашақ”, “Зерде”, “Аурора”, “Марс”, “Тұмар”, “Сагсай Фетих”, “Феникс”, “Бірлік”, “Ана тілі”, “Шың” қатарлы командалар өзара бақ сынады.

Дода 5 кезеңнен тұрды.

1. Арман Сқабылұлының “Егіз жүрек” кітабынан дайындалған сұрақтар
2. Әлем тарихынан 
3. Мемлекеттер туралы
4. Еліміздің ерекшеліктері туралы
5. Қазақ халқы туралы 

Жарыс қорытындысы бойынша:

1 – орын: Сагсай сұмындық Сагсай Фетих командасы,
2 – орын: Өлгий қалалық Феникс командасы,
3 – орын: Алтай сұмындық Қызыл жебе командасы үздік үштіктен көрінді.

Ұйымдастырушы: Байболат Манарбекұлы, Ваня Күнәтқызы, Мұратбек Кенейханұлы, Asyema
Аймақтық Отбасы, бала, жастарды дамыту басқармасы, Жастар даму орталығы

Демеуші: Казньюс ақпарат агенттігінің негізін қалаушысы Өмірбек Қабайұлы, Kaznews.mn #KazNews

Continue Reading

Моңғолияда

Сұлтан Тәукейұлына «Халық жазушысы» атағы берілді

Published

on

25 қараша, KAZNEWS. Республика күніне 98 жыл, Ұлы император Шыңғыс ханның туғанына 860 жыл, “Моңғол мақтаныш” күніне орай Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх жарлық шығарып бірқатар азаматтарға мемлекеттік жоғарғы атақ, орден, медаль табыстады. 

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің жарлығы бойынша Моңғолия Мәдениетіне Еңбек сіңірген қайраткер Сұлтан Тәукейұлына «Халық жазушысы» атағы берілді. 

Сұлтан Тәукейұлы мемлекетке 60 -дай жылдан астам еңбек етіп, көптеген мақала, повесть, роман, драма, кинофильмдер жазып, қазақ халқының әдебиетін халықаралық деңгейде танытуға бар өнерін арнады.

«Моңғолдың құпия шежіресі», «Ежелгі Моңғол патшаларының ұлттық энциклопедиясы» сияқты тарихи дереккөздер, «Моңғол халық мақал-мәтелдері», «Моңғолия Конституциясы» қатарлы туындыларды қазақ тіліне аударып, қазақ оқырмандарына ұсынған.

Сонымен қатар, «Құран карим», «Ислам туралы негізгі мәліметтер», Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» қатарлы туындыларды моңғол тіліне аударып, халық ағарту ісіне зор үлес қосқан.

Халық жазушысы Сұлтан Тәукейұлы 

Сұлтан Тәукейұлы 1944 жылы 17 қарашада Монғолияның Баян-Өлгий аймағында туған.

1966 жылы Монғолия университетін бітірген. Экономика ғылымының кандидаты. Мемлекет, қоғам қайраткері. Монғолия Халық Республикасында Сауда министрлігі департаментінің бастығы, аудандық, қалалық, аймақтық партия комитеттерінің екінші және бірінші хатшысы болған.

Монғолия Республикасының Парламент мүшесі болып сайланған. Монғолияның Венгрия, Австрия елдеріндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.

Сұлтан Тәукейұлы мемлекеттік жауапты қызметтерде жүріп, 1964 жылдан бастап әдебиетпен шұғылданып, проза, драма, аударма жанрларында жемісті еңбек етіп келеді. Оннан аса кітаптың авторы.

Шығармаларын екі тілде – қазақ және монғол тілдерінде жазады.

Continue Reading

Моңғолияда

Алданыш Рамазанқызы Моңғолияға “Еңбек сіңірген спортшы” атағымен марапатталды

Published

on

25 қараша, KAZNEWS. Алданыш Рамазанқызы Моңғолияға “Еңбек сіңірген спортшы” атағымен марапатталды.

Алданыш Рамазанқызы 1964 жылғы Токио қаласында өткен олимпиада ойындарына Моңғол елінің атынан қатысқан тұңғыш қазақ қызы. Әрі, Моңғолия спорт тарихында тұңғыш рет олимпиадаға қатысқан әйел ретінде аты алтын әріппен жазылған.

Моңғолиялық қазақ диаспорасынан шыққан тұңғыш спорт шебері екенін атап өткеніміз жөн болар.

Моңғол елінің рекордын бірнеше рет жаңартқан. Он екі дүркін еліміздің чемпиондық тұғырына көтерілген, шашасына шаң жұқпаған желаяқ.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек3 days ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек2 weeks ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек2 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек3 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Дерек3 months ago

Топ-10 Моңғолияның белгілі актерлері

14 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның ұлттық кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Казньюс ақпарат агенттігінің көзқарасы бойынша осы саладағы үздік деген он...

Дерек3 months ago

Моңғолияның 2050 жылға дейінгі стратегиясының 9 бағыты

Моңғолия 2020 жылы елдің “2050 стратегиясын” жасақтаған. Оны ел үкіметі министрлермен, қоғам қайраткерлері және саясаттанушылармен бірлесе отырып жасаған. 2050 стратегиясы...

Дерек3 months ago

Құтлық Елтеріс қағанға арналған көне түркі дәуіріне тиесілі ғұрыптық кешені табылды

KAZNEWS. Улаанбаатар. 2022 жылғы 25 тамыз – Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия академиясының Тарих және археология институты бірлесіп жүргізген «Номгон-2022»...

Дерек4 months ago

Шахматтың жаңа жұлдызы Б.Мөнгөнзул туралы 10 дерек

12 тамыз, KAZNEWS. Үндістанның Ченнай қаласында шахмат олимпиадасы деп аталатын 44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы жүріліп өтті. Моңғолиядан Э.Гурванбаатар бастаған ұлттық...

Басты назарда