KAZNEWS – Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга халықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтау барысында елдегі зейнеткерлердің несиесін кешіретінін атап өтті.
Халтмаагийн Баттулга: “Моңғолия қауіпсіздік кеңесі зейнеткерлерге қарызынан құтылуға көмектесу үшін бір рет несиелерді жауып беретін болды”, – деді.
Бұл мәселе Үкіметтің бүгінгі отырысында қаралып жатыр. Қазіргі уақытта Моңғолияда 380 мыңнан аса зейнеткер зейнетақы алады және 230 мың зейнеткер несие төлейді.
Заңгер, бұрынғы Әділет министрінің орынбасары Б. Энхбаяр Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мұндай мәселені шешу құзіреттілігі жоқ екенін атап өтті. Аталған сұрақтар парламент сүзгісінен өтуі тиіс екенін айтты.
Бірақ, кейбір экономистер мен саясаткерлер бұл мәлімдемені сынға алып, 2020 жылдағы парламент сайлауы алдындағы популизм деп есептеп отыр.