Connect with us

Моңғолияда

Павлодар әкімшілігі мен «Отандастар» Қоры қандастарды қолдау тұрғысында күш біріктіреді

Published

on

“Отандастар” қоры мен Павлодар облысының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар шетелде тұратын қандастарға және Атамекенге қоныс аударған этникалық қазақтарды қолдау бағытында бірлесіп жұмыс атқаруға келісті.

Екі жақты келісім құжатына қол қою шарасына «Отандастар» Қорының Аймақтармен және мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі департаменттің басқарушы директоры Әлия Әбелдинова, облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалы төрағасы Болат Зауыт қатысты.

Өз сөзінде «Отандастар» Қорының Аймақтармен және мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі департаментінің басқарушы директоры Әлия Әбелдинова Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Қордың мақсат-міндеттері жайлы айтып, жоспарларымен бөлісті.

“Біздің отандастарымыздың көбі Қазақстанмен шекаралас аумақтарда  тұратынын ескере отырып, қазақ диаспорасын қолдау мақсатында Қор облыстық әкімдіктермен тығыз ынтымақтастық орнатып отыр. Бұл, өз кезегінде, ерекше маңызға ие. Бүгінде «Отандастар» Қоры түрлі бағыттар бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Олар білім, спорт, мәдениет, ана тілін үйрету, бизнес-бастамалар және т.б. салаларды қамтиды. Сондай-ақ, Қордың басты міндеттерінің бірі тарихи Отанына оралған қандастардың елде бейімделуі барысында оларға ақпараттық, ұйымдастырушылық және консультациялық көмек көрсетіп, олардың жеке құқықтары мен заңды мүдделерін қолдау болып табылады», – деді Әлия Сапабекқызы.

Облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев өз сөзіде «Отандастар қорымен» бірлесіп жұмыс жасауға әзір екенін және ұсынған барлық жобаларды қолдайтынын жеткізді. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов көші-қон саласында бұған дейін атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Айтуынша, облыстық «Ана тілі» орталығында шетел қазақтарын оқыту курсы басталады. Оған Ресейдің Нобосібір, Омбы және Алтай өлкесінің тіл мамандары шақырылған.

«Этникалық қазақтарды қолдау бойынша бірқатар жұмыс атқарылды. Қазіргі күні Ресей және Моңғолия қазақтарымен тығыз байланысып тұрамыз. Жақында Алтай өлкесінің қазақ ауылдарының кітапханаларына Павлодар облысы туралы 20 кітап берілді. Сондай-ақ, бірқатар өнерпаздарға сахналық костюм тіктіріп бердік. Ондағы қазақ диаспорасы өкілдері ана тідерін ұмытпас үшін әдістемелік қолдау көрсетілуде. Яғни, облыстық тілдерді дамыту басқарсының мамандары қазақ тілі курстарын өткізіп келді», – деді Ернұр Нұрланұлы.

Меморандум аясында тараптар Павлодар облысына келіп қоныстанған отандастардың елде бейімделуі мен кірігуіне жағдай жасауға ниетті. Бұл, өз кезегінде, Этникалық қазақтарды уақытша орналастыру орталығының негізінде жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, Қор мен Павлодар облысының әкімдігі осы Меморандумның мақсаттарына сәйкес келетін мәдени сауаттылықты арттыру, білім беру, спорт, бизнес және басқа да іс-шараларға жан-жақты ұйымдастырушылық және техникалық қолдау көрсетеді.

Павлодар облысына жұмыс сапары аясында “Отандастар” қорының өкілдері Этникалық қазақтарды уақытша орналастыру орталығына барып, ондағы жағдаймен танысып қайтты.

Advertisement


Моңғолияда

Г.Занданшатар: Қарттарым аман сау болсын

Published

on

KAZNEWS – Моңғолия Парламентінің спикері Гомбожавын Занданшатар 28 қыркүйекте Баян-Өлгий аймағына жұмыстап қайтқан болатын. Спикер өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында төмендегідей жазба қалдырыпты.

“Баян-Өлгийде тұрғындармен кездесу кезінде әкемнің сыныптасы, еңбек сіңірген агрономшы Рахадыл және әкеммен бірге «Чандаган» бірлестігінде жұмыс істеген тракторшы Айыпхан өздерінің жақсы естеліктерімен бөлісіп, маған жақсылық пен табыс тіледі. Рахадыл ақсақал қазақтың қамшысын сыйға тартты. Ол қамшының елде әділдікті, тәртіпті сақтау үшін қажет болатынын айтты.

Әкемнің достарының батасын қабыл алып, әділеттілік жолында өзімді де қамшылап жүретін боламын.
Қарттарым аман сау болсын, көп жасаңыздар.” -делінген.

 

Continue Reading

Моңғолияда

Бүркітшілер тойы 3-4 қазан күндері өтеді

Published

on

KAZNEWS – «Бүркітшілер тойы» 3-4 қазан күндері Баян-Өлгий аймағында өтеді. Бұл туралы аймақтық Табиғат, қоршаған орта және туризм басқармасының маманы Нұрқанат Қариұлы хабарлады.

Осымен 21 – мәрте өткізілетін туристік іс-шараны Моңғолия Бүркітшілер одағы, Моңғолияның Табиғат, қоршаған орта және туризм министрлігі мен Баян-Өлгий аймағы Әкімінің іс басқармасы, аймақтық Табиғат, қоршаған орта және туризм басқармасы бірлесе ұйымдастырады.

Бүркітшілер сайысына 60-ға жуық құсбегі сайысқа түсіп, көрермендерге құсты басқара алу және оның көмегімен аң алу шеберліктерін көрсетеді.

Сонымен қатар, моңғол-қазақ халқының ұлттық ойындары өткізіліп, көрме ұйымдастырылады.

Continue Reading

Моңғолияда

Қазақстаннан чартерлік рейспен 95 азамат келді

Published

on

KAZNEWS – 2020 жылғы 28 қыркүйекте кешкі сағат 22:31–де Алматы – Улаанбаатар бағыты бойынша «Хүннү Эйр» әуе компаниясының арнайы чартерлік рейсі «Буянт Ухаа» халықаралық әуежайына келіп қонды.

Осы ұшақпен Моңғолияның 95 азаматы отанына келді. Азаматтарды ЖАЗҰОрталығына, Әскери орталық аурухана және Төв аймағының Батсүмбэр сұмынында орналасқан Қариялардың демалыс орталығына бақылауға алды.

Ұшақпен келгендер Моңғолия мен Қазақстанға карантин енгізіліп, моңғол-ресей шекарасы жабылғанға дейін жеке сапармен келіп (жерлеу рәсіміне қатысу, емделу, жеке істерімен және туған-туысқандарына келу), осы елде қалуға мәжбүр болған азаматтар болып табылады.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтаннан арнайы ұшақпен 170 азамат елге жеткізіледі
Хүннү Эйр әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашады
Қазақстан Республикасының 96 азаматы отанына қайтарылды
Нұр-Сұлтанға 30 тамызда арнайы ұшақ ұшады
Қазақстаннан келген үш адамнан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ
Д.Нямхүү: Қазақстаннан келген 3 адамнан коронавирус анықталды

Continue Reading

Моңғолияда

548 ана – «Ана даңқы» орденімен марапатталды

Published

on

Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга 20 қыркүйекте Баян-Өлгий аймағына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары аясында Президент Х.Баттулга 548 анаға «Ана даңқы» орденін табыстап, марапатталған аналарды құттықтады.

I–ші дәрежелі «Ана даңқы» орденімен 82, II-ші дәрежелі «Ана даңқы» орденімен 466 ана марапатталды.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде4 weeks ago

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Құрметті отандастар! Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері! Парламенттің кезекті сес­сия­сының жұмысы...

Әлемде4 weeks ago

ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ

Қымбатты достар! Биыл Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының 35 жылдық мерейтойы! Осы айтулы мерекемен Сіздерді шын жүректен...

Әлемде4 months ago

Маусымның соңында Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қайта қалпына келеді

Маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасындағы халықаралық рейс қайта қалпына келеді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. Халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жандандыру...

Әлемде4 months ago

Мэнни Пакьяо президент сайлауына түседі

KAZNEWS – Жартылай орта салмақта WBА бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо 2022 жылы өтетін Филиппин президентін сайлауына үміткер болады. Дәл қазіргі...

Әлемде4 months ago

Түркия 31 елге шекарасын ашты

KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл...

Әлемде4 months ago

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды

Спутник ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. “Төтенше жағдай аяқталып, еліміз...

Әлемде5 months ago

Ким Жон Ун қайтып келді

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Жон Ун 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты. Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі...

Әлемде5 months ago

Президент сайлауын пошта арқылы өткізуге дайындалып жатыр

Польша үкіметі пандемия аяқталмаса да, 10 мамырда президенттік сайлау өткізуге тәуелкел етіп отыр. Сайлау белгіленген күнді өзгертпейтін болды. Пошта арқылы...

Статистика

  • 296
  • 8,550
  • 184,808

Басты назарда