Connect with us

Қазақстан және әлемде

Онлайн қазақ тілі курстары басталады

Published

on

22 қаңтар, KAZNEWS. Шетелдегі отандастарымызға арналған тегін онлайн қазақ тілі курстары басталады, – деп Отандастар қорының Баспасөз қызметі хабарлайды.

Басталуы: 1 ақпан 2022 жыл
Форматы: онлайн

«Отандастар Қоры» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) шетелде тұратын қазақтарға арналған қазақ тілін курстарын ұйымдастырады. Осылайша, ана тіліміздің шетелде кеңінен насихатталып, қазақ диаспорасы өкілдерінің туған тілімізді ұмыт қалдырмауына жағдай жасайды.

«ОНЛАЙН ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫ» жобасы Қоғам бастамасымен 2020 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қоғам 2020 жылы 333 онлайн сабақ өткізсе, 2021 жылы 780 онлайн сабақ ұйымдастырды. Бүгінде курсқа жалпы 2554 отандасымыз тіркеліп, оның 1000-ға жуығы курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификатқа ие болды.
Қазақ тілі сабақтары – орыс, ағылшын, түрік, парсы тілдерінде оқытылады.


Курс ТЕГІН.
Деңгей: А1, А2, В1, В2

Курсқа тіркелу ақпан айына дейін жалғасады. Толық ақпаратты
( https://t.me/otandastar_qory ) онлайн қазақ тілі курсының Telegram арнасынан немесе +7 778 552 8116 (WhatsApp/Telegram) нөмірі арқылы білуге болады.

* Курсқа қатысу үшін төмендегі сілтемеге өтіп, деңгейлік тестті тапсыру керек.

Қазақ тілін орыс тілінде үйренушілерге арналған тест:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSegJkglQ3GYs28YTACxIas1x56EWDGR1l47CwgYnpQW3CaqIg/viewform

Қазақ тілін ағылшын тілінде үйренушілерге арналған тест:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc_FOzBxeGEf8t8feXORK0lXsThRBxEXffaSrWvTwufcs2J4w/viewform

Қазақ тілін түрік тілінде үйренушілерге арналған тест:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdCpatG_VqmFcWuyTDexGI9Np6vlMdBSEsVOI_GWPAwtvsRjA/viewform

Қазақ тілін парсы тілінде үйренушілерге арналған тест:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfSJtJCgyc2cuKISX-7o25Eey-9rdrR1nRpbNreAdJjAxYDtg/viewform

ҚОСЫМША:

Сонымен қатар биыл шетелде тұратын отандастарымызға арналған қазақ тілінен А1, А2 деңгейіндегі электронды əмбебап оқулықтары әзірленді.
Кітаптар орыс, ағылшын жəне түрік тілдеріне аударылу үстінде. Сондай-ақ, қазақ тілін үйренуге көмектесетін «Абай институты» (https://abai.institute/) порталы мен мобилді қосымшасы (https://play.google.com/store/apps/details?id=abai.institute) іске қосылды.

Қазақстан және әлемде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Published

on

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан халқына үндеуі

2022 жылғы 07 қаңтар

Құрметті отандастар!

Елімізде лаңкестікке қарсы операция жалғасуда. Полиция, ұлттық ұлан және армиямыздың күшімен Конституцияға сәйкес заңдылық пен тәртіп орнату мақсатында ауқымды әрі күрделі жұмыс атқарылып жатыр.
Кеше Алматы, Ақтөбе қалалары мен Алматы облысындағы жағдай қалпына келтірілді. Енгізілген төтенше жағдай режимі өз нәтижесін берді. Бүкіл еліміз бойынша конституциялық заңдылық орнатылды.
Бірақ террористер мемлекеттік және жеке азаматтардың дүние-мүлкіне әлі де залалын келтіріп, азаматтарға қарсы қару қолдануда.

Құқық қорғау органдары мен армияға ескертусіз оқ атуға бұйрық бердім.

Шетелде тараптарға келіссөз жүргізіп, проблемаларды бейбіт жолмен шешуге шақырған сөздер айтылуда. Не деген ақымақтық?! Қылмыскерлермен, қанішерлермен қандай келіссөз болуы мүмкін?

Біз қаруланған әрі дайындықтан өткен жергілікті және шетелдік содырлармен бетпе-бет келіп отырмыз. Нақты айтқанда, содырлармен және лаңкестермен. Сондықтан оларды жою керек. Бұл жуық арада жүзеге асырылады.

Күштік құрылымдар бұл міндетті моральдық және техникалық тұрғыдан орындауға дайын.

Өздеріңізге мәлім, ҰҚШҰ-ның жарғылық құжаттарының негізгі ережелеріне сәйкес Қазақстан конституциялық тәртіпті ретке келтіруге көмек беру үшін Ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларынан біріккен бітімгерлік күштерін енгізуді сұрады.

Бітімгерлік күштер еліміздегі стратегиялық нысандардың қорғалуын және қызметін қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімге келді.
ҰҚШҰ-ға төрағалық етіп отырған Арменияның Премьер-министріне, сондай-ақ Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан президенттеріне шынайы алғыс айтамын.
Ресей Президенті Владимир Путинге ерекше ризашылық білдіремін. Ол менің үндеуіме жедел, ең бастысы, жолдастық ниетпен үн қатты.
Сонымен қатар Қытай Төрағасына, Өзбекстан, Түркия президенттеріне, БҰҰ-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың басшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын.
Еліміздегі қайғылы жағдай демократия мен адам құқығы мәселелерінің жаңа қырын ашып көрсетті.
Демократия дегеніміз – жүгенсіздік емес, әсіресе блогосферада заңға қайшы әрекет ететін арандатушылық емес.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай сөйлеген сөзімде заң мен тәртіп еліміздің игілігі мен берекесінің негізгі кепілі екенін айттым.
Бұл тек Қазақстанға ғана емес, барлық өркениетті мемлекетке тән. Бұл азаматтардың бостандығы мен адам құқығын шектеу деген сөз емес. Керісінше, Алматыдағы және Қазақстанның өзге де қалаларындағы қайғылы жағдай заңның сақталмауы, шектен шыққандық және анархия адам құқығының бұзылуына әкеп соқтыратынын көрсетті.
Алматыда содыр-лаңкестердің қолынан әкімшілік ғимараттар ғана емес, бейбіт тұрғындардың мүлкіне де залал келді.
Сондай-ақ жүздеген бейбіт тұрғын мен әскери қызметшінің денсаулығы мен өміріне қатер төнді.

Қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын.

Естеріңізде болса, 2020 жылдың мамыр айында менің ұсынысыммен азаматтардың бейбіт жиналыстарды өткізуі туралы заң қабылданды.

Бұл заң, шын мәнінде, елімізде демократияны ілгерілету бағытында жасалған маңызды қадам. Өйткені құжатта митингілер мен жиналыстарды өткізу үшін рұқсат алудың қажет еместігі, тек билік органдарына ескерту жеткілікті екені қарастырылған. Жиынды еліміздің кез келген қаласының орталығында өткізуге болатыны көрсетілген. Алайда қай жерде жиналып, не айтсақ та құқымыз бар деп санайтын кейбір «құқық қорғаушылар» мен «белсенділер» өздерін заңнан жоғары қояды.
Осындай шолақ белсенділердің жауапсыз әрекеттерінің кесірінен полиция қызметкерлері өздерінің негізгі құқықтық тәртіпті сақтау қызметіне толық көңіл бөле алмайды. Оларға көбінесе зорлық-зомбылық көрсетіп, тіл тигізеді.
Осындай «белсенділердің» кесірінен интернет бұғатталады. Нәтижесінде миллиондаған азамат пен отандық бизнес зардап шегеді.

Яғни, ішкі экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылыққа орасан зор зиянын тигізеді.

Құқықтық тәртіпті бұзуға өздерін «еркін» бұқаралық ақпарат құралдарымыз деп санайтындар мен біздің көпұлтты халқымыздың негізгі мүдделерінен алшақ «сырттағы қайраткерлер» ықпал етіп, шын мәнінде арандатушылық рөл атқарады.
Осы жауапсыз демагогтардың барлығы Қазақстанда қайғылы жағдайдың туындауына себепкер болды десек, асыра айтқанымыз емес. Біз құқықтық вандализмнің кез-келген түріне қатаң шара қолданамыз.
Біздің тарихымыздағы осы бір қиындықты тез арада еңсеретінімізге ешқандай күмән жоқ. Ең бастысы, болашақта мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу керек.
Мен құрған ведомствоаралық топ содырлар мен лаңкестерді іздеумен және оларды ұстаумен айналысады. Олардың бәрі қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп азаматтарымызға уәде беремін.
Барша қазақстандықтан өтінерім, сақтық танытып, барынша қырағы болыңыздар. Күмәнді адамдардың қандай да бір күдік тудыратын белсенді әрекетін байқасаңыз, құқық қорғау органдары мен жедел желілерге хабарлаңыздар.

Құқық қорғау органдары мен армияның іс-қимылына, сондай-ақ олардың ведомствоаралық үйлесіміне қатысты анықтайтын мәселе көп.
Арнаулы жасақтың, арнаулы құрал-жабдықтардың жетіспейтіні белгілі болды. Осы мәселелерді шұғыл түрде шешуіміз керек.
Содырлардың терракт жасау туралы жымысқы жоспары мен жасырын дайындығын мемлекет қалайша білмей қалғанын анықтап, түсіну аса маңызды. Тек Алматының өзіне 20 мың содыр шабуыл жасады.
Барлық облыста әскери, әкімшілік және әлеуметтік нысандарға ұйымдасқан түрде, жоғары жауынгерлік дайындықпен және асқан қатігездікпен шабуыл жасау әрекеті олардың нақты жоспарының болғанын көрсетті.
Содырлардан бөлек, идеологиялық диверсия жасауға әбден жаттыққан, жалған ақпараттар мен «фейктер» таратуды шебер меңгерген және адамдардың көңіл-күйіне ықпал ете алатын мамандар жұмыс істеген.
Оларды дайындаумен және басқарумен біртұтас командалық пункт айналысқанға ұқсайды. Бұл мәселемен ҰҚК мен Бас прокуратура айналысып жатыр.

Енді жақсы жаңалықтар туралы.

Жағдайдың тұрақталғанына қарай еліміздің кейбір өңірлерінде интернет-байланысты белгілі бір уақыттарда қосу туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім азаматтарымыздың тұрмыс-тіршілігіне оң әсер ететініне сенімдімін.

Алайда, интернетке еркіндік берілгенімен ойына келгенді жазуға, жалған ақпарат таратуға, біреуге тіл тигізуге, арандатушылыққа жол берілмейтінін ескертемін.

Ондай материалдар шықса, олардың авторларын тауып жауапкершілікке тарту шараларын қабылдаймыз.

Лаңкестікке қарсы операция жалғасып жатыр. Содырлар әлі де қаруларын тастаған жоқ, қылмыстарын жалғастыруда немесе соған дайындық жүргізуде. Олармен соңына дейін күресу керек. Берілмегендерді жоямыз.

Болашақта басымыздан өткерген қайғылы жағдайдан сабақ алуымыз керек. Бұның әлеуметтік-экономикалық ауыртпалығы да бар.

Үкімет менің 11 қаңтарда Мәжілісте айтатын сөзіме қатысты нақты шешімдер қабылдауы керек.

Ал әзірге айтарым, қадірлі отандастарым, мен сіздерді мақтан тұтамын.

Осы күндері сабыр сақтап, тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге күш салған Қазақстан азаматтарына алғыс білдіремін.
Арандату мен деструктивті ұрандарға қарамастан заңға және өз елдеріңізге деген адалдықты сақтап қалдыңыздар.

Ірі қалалардағы студенттерге, еңбек ұжымдарының мүшелеріне, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының жұмысшыларына азаматтық ұстанымдарыңыз үшін алғыс айтамын.

Наразылықтың бейбіт тәртібін сақтағаны үшін өңір тұрғындарына ризашылығымды білдіремін.

Бейбіт шеруде қойылған талаптардың бәрін ескереміз. Диалогтың нәтижесінде компромиске келіп, өткір әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Сондықтан жағдай тұрақталған өңірлерде біртіндеп төтенше жағдай режимін аламыз.

Қастерлі Отанымыз – Қазақстан әлем картасындағы егемен ел ретінде қуатты мемлекетке айналады, экономикамыз анағұрлым қарқынды дамиды, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы жақсара түседі.

Мен мұны зор сеніммен айтып тұрмын. Өйткені, оған қол жеткізу үшін қажетті реформалар мен нақты іс-шаралар жоспарын ұсынатын боламын.

Баршаңызға зор денсаулық, құт-береке тілеймін.

Тек қана аманшылықта кездесе берейік!

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі

Continue Reading

Қазақстан және әлемде

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Published

on

2022 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен елдің бүкіл аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Маңғыстау облысында басталған митингтерде тұрғындар сұйытылған газ бағасын төмендету талабымен шықты. Осыған жауап ретінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет бағаны төмендету бойынша шұғыл шаралар қолданып, әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік тауарлардың, жанармайдың және коммуналды қызметтердің бағаларының өсуіне мораторий жариялады.

Наразылық шараларының бірінші күндерінде қамалғандардың бәрі босатылды.

Дегенімен, басқа ірі қалалардағы шерулер жаппай тәртіпсіздіктер мен билік органдарына шабуылға әкеліп соқты.

Оның үстіне Алматыдағы оқиғалар – әкімшілік және әскери нысандарға шабуылдар, әуежайды басып алу және шетелдік жолаушы мен жүк ұшақтарының ұсталуы шабуыл жасаушылардың іс-әрекеттерінің жоғары деңгейде дайындалғанын және үйлестіргенін айғақтайды. Талдау көрсеткендей, Қазақстан шетелде дайындықтан өткен террористік топтардың қарулы басып кіруіне тап болды.

Жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы қызметіне кірісіп, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттерге терроризмге қарсы операция жүргізуге әскери көмек көрсету туралы өтініш білдірді.

Жарияланған төтенше жағдай қоғамдық қауіпсіздікті және заңдылықты сақтауға бағытталған шаралар кешенін қамтиды. Құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасының қарулы Күштері кез келген заңсыз әрекеттердің жолын кесуге уәкілетті.

Сонымен қатар, мемлекет көпұлтты және көпконфессиялы халқымыздың барлық өкілдерінің құқықтары мен мүдделерін және дипломатиялық корпус пен журналистерді қоса алғанда еліміздегі шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастырады. Шетелдік инвестициялар мен шетелдік компаниялардың бизнесі қорғалады.

Қазақстан Республикасы адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауға және ҚР Президенті Қ. Токаев жүзеге асырып келе жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясындағы реформалар курсының жалғасуына мүдделі.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері бойынша халықаралық серіктестерімен ұдайы байланыста.

***

📌Statement of the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan

On January 5, 2022, by decrees of the President of the Republic of Kazakhstan, Kassym-Jomart Tokayev, a state of emergency was introduced across the entire territory of the country.

Initially, the demonstrations began in the Mangystau region, whose residents demanded reduction in the retail prices for liquefied gas. In response to this, on behalf of the Head of State, the Government promptly took measures to reduce the prices and introduced a moratorium on price increases for socially significant food products, fuel, and utilities.

All those detained in the first days of the protest were released.

However, demonstrations in other major cities escalated into riots and attacks on government buildings.

Moreover, the events in the city of Almaty – attacks on the administrative offices and military sites, the capture of the airport, and taking hostage of foreign passenger and cargo airplanes – witness to the high level of preparedness and coordination of the perpetrators. The analysis shows that Kazakhstan is facing armed aggression from terrorist groups trained outside of the country.

In light of the sharp aggravation of the situation, President Tokayev assumed the role of Chairman of the Security Council of the Republic of Kazakhstan, and requested the member states of the Collective Security Treaty Organization (CSTO) to provide military assistance in the conduct of the counter-terrorist operation.

The state of emergency includes a set of measures aimed at maintaining public safety and the rule of law. Law enforcement agencies and the Armed Forces of the Republic of Kazakhstan are authorized to stop any illegal actions.
At the same time, the state will continue to ensure the rights and interests of all representatives of our multi-ethnic and multi-confessional people, as well as the safety of foreign citizens in the country, including representatives of the diplomatic corps and journalists. Foreign investments and businesses of foreign companies will be protected.

The Republic of Kazakhstan is committed to complying with international obligations in the field of human rights and the continuation of the course of reforms within the framework of the “Listening State” concept, implemented by President Tokayev.

The Ministry of Foreign Affairs of Kazakhstan is in constant contact with international partners on all current issues of bilateral and multilateral cooperation.

Continue Reading

Қазақстан және әлемде

«Отандастар Қоры» КеАҚ 2021 жылдың қорытынды жиынын өткізді

Published

on

23 желтоқсан, KAZNEWS. Бүгін «Отандастар Қоры» КеАҚ 2021 жылдың қорытынды жиынын өткізді деп хабарлайды Қоғам баспасөз қызметі.

Іс-шараға бірқатар Мемлекеттік органдар, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ, отандық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары және журналистері, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты.

«Отандастар Қоры» Вице-президенті Мағауия Сарбасов жиынға қатысушыларға Қоғам Президенті Нұртай Әбіқаевтың сәлемін жеткізіп, жыл бойы атқарылған жұмыс туралы баяндама жасады.

«Қоғам жұмысы мәдени-гуманитарлық, ақпараттық-консультациялық, білім беру және жастар бағыты, зерттеу-талдау, халықаралық институттармен жұмыс, ақпараттық бағыттар бойынша жүргізіледі. Қоғам мәдени-гуманитарлық байланыстарды және шетелдегі қандастардың Қазақстанға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Мәдени іскерлік үйлер» желісін құру жұмысын қолға алуда. «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйі 6 мемлекетте ашылды. Қоғам жанындағы Қандастарды Ақпараттық қолдау орталығына 2021 жылы 5600 өтініш келіп түсті. Қандастар мәселесіне қатысты тиісті мемлекеттік мекемелермен 55 іс-шара өткізілді. Шетелдегі бауырларымызбен өзара іс-қимыл және елге оралған қандастарды қолдау мәселелері қазақстандық қоғамның күн тәртібінде өзекті мәселеге айналып, жоғары саяси әлеуметке ие болды, – дейді Мағауия Қанапияұлы. Сонымен қатар, ол алдағы жылы Қоғам алдына қойылған міндеттер мен мақсаттардың маңыздылығына тоқталып өтті.

Осы ретте биылғы жылы қалың елге қалтқысыз қызмет етіп, елге сіңірген ерен еңбектері үшін «Отандастар қоры» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша фронт-кеңсе сарапшысы Меруеш Башайқызы, Індет күрт өршіген кезеңде Нұр-Сұлтан, Алматы жастарымен бірлесе ұйымдасқан ерікті жастарға бастамашы болған қандасымыз Алтынгүл Мәден, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа шалдыққан науқастарға гуманитарлық көмек көрсеткен қандасымыз Тұнық Қапарқызы, Қоғамның ШҚО бойынша фронт-кеңсе сарапшысы Әскерхан Хуанбай, Пандемия кезінде аз қамтылған 210 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз еткен Амандос Наурызханға «Халық Алғысы» медалі берілді.

«Қандастарды қолдау» бағыты бойынша елжандылық танытқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті, Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызмет комитеті, қоғамдық ұйымдар, отандық жоғарғы оқу орындары, мүдделес мекеме өкілдері мен белсенді жұмысымен көзге түскен Қоғам қызметкерлеріне «Отандастар қорының» КЕАҚ Президенті Нұртай Әбіқаевтің «Алғыс хаты» табысталды.

Continue Reading

Қазақстан және әлемде

Тұңғыш Президент күні мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қандастар құттықтау жолдады

Published

on

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қандастар құттықтау жолдады, – деп хабарлайды Kaznews.mn «Отандастар қоры» КЕАҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаттықтың алғашқы алаң-елең шағында Елбасы «Дүниежүзіндегі қазақтардың бір ғана Отаны бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Әлемдегі әр қазақ өз елінде тұрып, сол мемлекеттің өсіп-өркендеуі үшін қызмет етуі керек!» деген батыл бастама көтеріп, шеттегі қандастарды атамекеніне оралуға үндеген болатын. Егемендіктің 30 жылында шартарапқа шашыраған иісі қазақты бір шаңырақ астына біріктіру мақсатында атқарылған ауқымды істер нәтижесінде 1 миллион 100 мыңға жуық қандасымыз аңсаған атажұртына оралып, тарихи Отанымен қайта қауышты. Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы тапсырмасына сәйкес, 2018 жылы «Отандастар Қоры» КЕАҚ құрылып, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен» бірлесе қандастарды ортаға бейімдеу, ақпараттық-консультациялық көмек көрсету, сондай-ақ алыс-жақын шетелдердегі бауырластармен мәдени-іскерлік байланыстарды барынша дамыту бағытында кешенді жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Бүгінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүрген қарымды қандастарымыз қалың қазақтың қарасын көбейтіп, халық санының артуына да айрықша үлес қосты. «Отандастар қоры» КЕАҚ қандастарымыз жолдаған құттықтау хатты Елбасына жолдады. Қоғамның әр өңірдегі фронт-кеңселері мен орталық аппаратына қандастарымыз жолдаған құттықтау хаттар мен бейнежазбалар легі әлі тоқтаған жоқ. Алыстан келген ағайын «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Қазіргі уақытта Қоғамның әлеуметтік желідегі парақшаларына келген құттықтаулар жарияланып, барша қандастар қауымы атынан оң пікір қалыптасты. «Әр қазақ – менің жалғызым!» деген отаншыл рухты оятып, ел мен жерді, ұлт пен жұртты жұмылдырған көшбасшы еңбегіне қандастар ризашылық білдіреді.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 week ago

29 жастағы Айсулуу Тыныбекова туралы 29 дерек

9 мамыр, KAZNEWS. Қырғыз елінің мақтанышы, еркін күрестен олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлемнің екі дүркін чемпионы Айсулуу Тыныбекова 29 жасқа...

Дерек1 week ago

Моңғолия азаматтары 60 елге визасыз бара алады

KAZNEWS – 2021 жылдың 1 қазанынан бастап қарапайым паспорты бар Моңғолия азаматы 25 шет мемлекетке 14-90 күнге визасыз баруға құқылы....

Дерек2 weeks ago

Оңтүстік Корея Моңғолиялық туристер үшін 30 күн визасыз режимге көшті

Оңтүстік Корея үкіметі маусымның 1 күнінен бастап Моңғолия, Вьетнам, Филиппин, Индонезия қатарлы елдің 5 және одан жоғары құраммен келетін туристер...

Дерек3 weeks ago

Илон Маск Twıtter-ге қазақ тілін енгізе ма?

26 сәуір, KAZNEWS. Илон Маск Twıtter-ді сатып алған соң оған бірқатар өзгеріс енгізетінін айтты. Бұл туралы KazUnite.com хабарлады. Әзірге 23...

Дерек3 weeks ago

Ә.Базар мен Т.Аягүл моңғолиялық Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді

27 сәуір, KAZNEWS. Базар Әшімұлы мен Аягүль Тілейханқызы моңғолиялық Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді. Бұл туралы KazNews АА Forbes...

Дерек2 months ago

Еліміздегі 400 ге жуық бүркітшінің 80 пайызы 30-70 жас аралығындағы ерлер

14 наурыз, KAZNEWS. Еліміздегі 400 ге жуық бүркітшінің 80 пайызы 30-70 жас аралығында ерлер. Бұл ақпаратты Моңғолияның Қоршаған ортаны қорғау...

Дерек2 months ago

Цэнгэл өлкесінде жұмыстайтын “ЭС ЖИ Групп” компаниясындағы бос жұмыс орындар

Цэнгэл өлкесінде жұмыстайтын “ЭС ЖИ Групп” компаниясындағы бос жұмыс орындар жарияланды. Үміткерлерді 13 наурызға дейін тізімдейді. Мекен жайы: Баян-Өлгий аймағы,...

Дерек2 months ago

Осы наурызда Улаанбаатарда қандай концерттерді көру керек

Нұр тобы Баян-Өлгий аймағының эстрадасының танымал тобы “Нұр тобы” Улаанбаатар қаласында гастролдық сапармен барып, Тәуелсіздік сарайында жеке концерт береді. 18...

Басты назарда