Дерек
Моңғол халқының рухын көтерген үш батыр
Published
4 months agoon

1 желтоқсан, KAZNEWS. Ел рухын көтеріп, ел азаматтарына қанат бітірген азаматтар әр елде бар. Ал, қазіргі заманда Моңғол халқының мақтанышына айналып, халқының рухын көтерген үш азаматты KAZNEWS ақпараттық агенттігі назарыңызға ұсынады.
1. Жүгдэрдэмидийн Гүррагчаа
Жүгдэрдэмидийн Гүррагчаа 1947 жылы 5 қыркүйекте Булган аймағында дүниеге келген. Моңғолияның тұңғыш ғарышкері, әлемнің 101, Азияның екінші ғарышкері атанған.
1981 жылдың 22 наурызында, Ұлыстың ұлы күні ғарышқа кеңес ғарышкері Владимир Жәнібеков пен моңғолдың қайсар ұлы Жүгдэрдэмидийн Гүррагчаа ғарышқа ұшқан. Содан бері қаншама рет Наурыз өтті, қаншама зымыран ұшты. Моңғол батырының ғарышты бағындырғанына бақандай отыз тоғыз жыл өтіпті.
Бір жеті бойы аспан көгін шарлап келген Гүррагчааға Кеңес Одағының Батыры, Моңғол Халық Республикасының Батыры деген атақ, Сүхбаатар ордені, Ленин ордені берілген. Генерал-майор шенінде Моңғолия әскери әуе күштерін басқарды, елінің тұңғыш ғарышкері, Қорғаныс министрі қызметін атқарды.
2. Долгорсүрэнгийн Дагвадорж – Асашорюү Акинори
1980 жылы 27 қыркүйекте Моңғолияның Улаанбатыр қаласында дүниеге келген. Сумо күресі үш ғасырға жуық уақыт бойы тек ғана жапон балуандары күресетін спорт түрі болатын. Сумо күресінің әлемдік деңгейге танылуы Асашорюүге тікелей байланысты.
Сумо күресіне 1999 жылы аяқ басып, 11 жыл бойы жапон балуандарын сан соқтырған Д.Дагвадорж Асашорюү Акинори 22 жасында сумо күресінің 68-ші ёкозуна атағын алған.
2004 жылдан 2007 жылдары аралығында Асашорюүден басқа сумода ёкозуна шеніндегі балуан болмаған. Сумо күресінің ең жоғарғы лигасы Макүүчиде 25 рет чемпион атанып, Жапон императорының кубогының иегері атанды.
Башёда 669 белдесу өткізіп, 596 белдесуін жеңіспен аяқтаған. 2010 жылы 3 қазанда спорттық мансабын аяқтады.
Долгорсүрэнгийн Дагвадоржға әлемдік деңгейде елінің жаңа имиджін қалыптастырып, рухын көтергені үшін Моңғол елінің «Еңбек сіңірген спортшысы», «Еңбек ері» атағымен сыйлаған.
3. Найдангийн Түвшинбаяр
Түвшинбаяр Найдан 1984 жылы 1 мамырда Моңғолияның Булган аймағында дүниеге келген. Жастайынан моңғолдың ұлттық күресімен шұғылданып 16 жасында ел біріншілігінде чемпион атанған. 2006 жылы дзюдодан ұлттық құрамаға қабылданып -100 келі салмақ дәрежесінде күресетін болған. 2007, 2008 жылғы Азия біріншілігінде алған күміс пен қола жүлдесінен өзге халықаралық сайыстарда аса таныла бермеген дзюдошы 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының алтын медаль иегері атанып, Моңғолияның спорт тарихындағы алғашқы «Олимпиада чемпионы» атанған болатын.
Қарапайым малшының баласы Түвшинбаяр халыққа жаңа үміт сыйлады. Олимпиада чемпионы атанған сәтте моңғол халқынан бөркін аспанға атпаған адам кемде-кем еді.
Кейін, 2012 жылғы Лондон олимпиаласының күміс жүлдегері атанып, бабымен бағы келіскен, спортты жанына серік еткен спортшы екендігін тағы бір дәлелдеген. 2014 жылғы Азия чемпионаты мен азия ойындарының чемпионы атанса, 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері болды.
2008 жылы 25 маусымда Моңғолия Президентінің жарлығымен Моңғол елінің «Еңбек ері», Сүхбаатар орденімен, «Еңбек сіңірген спортшы» атағымен сыйланған. 2017 жылы «Шыңғыс хан» орденінің иегері атанды.

11 сәуір, KAZNEWS. Марста жүрген Perseverance робот станциясы селфи жасады, – деп хабарлайды НАСА агенттігі. Сурет WATSON деп аталатын құралдың көмегімен түсірілген.
WATSON (Wide Angle Topographic Sensor for Operations and eNgineering) құралы селфи түсіруге арналмаған. НАСА оның түсірген 62 кескінін біріктіріп аталмыш селфиді құрастырған.
Two bots, one selfie. Greetings from Jezero Crater, where I’ve taken my first selfie of the mission. I’m also watching the #MarsHelicopter Ingenuity as it gets ready for its first flight in a few days. Daring mighty things indeed.
Images: https://t.co/owLX2LaK52 pic.twitter.com/rTxDNK69rs
— NASA’s Perseverance Mars Rover (@NASAPersevere) April 7, 2021
Бұл суреттен Perseverance робот станциясы мен Марс аспанына ұшуға арналған Ingenuity дронын байқауға болады. Ingenuity дроны жершарынан Қызыл планетаға дейін 470 миллион шақырым жол жүріп Perseverance станциясымен бірге қонған болатын.
Өткен сенбі күні дрон станциядан бөлініп, Марстың құмды жеріне тұрақтаған.
Ingenuity дроны алдағы уақытта Марс көгіне көтерілмек.

21 наурыз, KAZNEWS. Наурыз – бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және қазақтар шоғырланған Моңғолия, Ресей тағы басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі.
Айта кеткен жөн, Наурызға қатысты әр түрлі сенімдер, дәстүрлер жетіп артылады.
Соған қатысты біз біле бермейтін қызықты деректерді ұсынамыз:
Жыл басы. Наурыз – Жаңа жылдың басы. Бұл күн, яғни наурыз айының 21-нен 22-не қараған түні – аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі. Сондықтан халық санасында ол – Әз Наурыз деп аталады. Бұл күн – сонымен қатар жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы. Осы күннен бастап Жаңа жыл басталады. Адамның аузы аққа, малдың аузы көкке тие бастайды.
Көне мереке. Наурыз мерекесінің халық арасында аталып келе жатқанына, кейбір деректер бойынша 5 мың жылдай болған. Яғни, қазіргі дәстүрлі діндерден бұрын пайда болған.
Наурыз – діни мереке емес. Кейбір елдерде Наурызға тыйым салынған. Мысалы Сирия мен Иракта. Сонымен қатар Түркияда 1991 жылға дейін Наурызға тыйым салынып келді.
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні. Егер шығыс елдерінде бұған дейін соғыстар, қарулы қақтығыстар болып келсе, бұл күні олар тоқтайтын болған. Сонымен қатар, адамдар бұрынғы өкпе-наздарын ұмытып, бұл күні бір-бірімен татуласады. Бар жақсысын киініп, бір-біріне қонаққа барады. Бұл күндері әр түрлі ұлттық ойындар, жарыстар өткізіледі. Мысалы: бәйге, жамбы ату, палуандар күресі. Сондай-ақ алтыбақан құрылып, әндер шырқалады. Ақындар айтысы ұйымдастырылды. Моңғолияда Наурыз мерекесі жыл сайын кең ауқымда атап өтіліп келеді.
Наурыздың Халықаралық мәртебесі. 2010 жылы 19 ақпанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясында «Әлем мәдениеті» атты күн тәртібінің 49 тармағы аясында «Халықаралық Наурыз күні» деп аталатын қарар қабылданды.
Наурыз сөзінің мағынасы. Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Яғни, Наурыз, (парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн). Орталық Азия халықтары арасында Жаңа жылдың басы болып саналады.
Киелі сан. Бұл күні басты тағам – Наурыз көже. Оны кем дегенде жеті түрлі дәмнен: су, сүрленген ет, тұз, май, дән, айран, құрт және басқа дәмдерден жасайды. Тұзды қосқаны тұз астың дәмін келтіреді. Тіпті «Тұз астын дәмін келтіреді, мақал сөздің мәнін келтіреді» деген де сөз бар. Сүт немесе ақ құйғаны – «Сүттей ұйып отырайық, көңіліміз ақ, таза болсын» деген ұғымды білдіреді. Қазақта: «Ағы бардың бағы бар» деген түсінік бар. Құрт қосатын себебі – құрт аурушаң адамдарға қуат беретін күшті ас. Ет қосқаны – ет қазақтың төл асы. «Қазан толсын, асар мол болсын» деген мақсатта сақталған сүр етті Наурыз көжеге мол етіп салған. Ал дәнді дақылдардың емдік қасиеттері бар. Бұл күні барлық адам наурыз көжені тойып ішулері керек. Тойып ішкен адам жыл бойы тоқ жүреді, дені сау болады, отбасында береке-бірлік орнайды деген сенім бар. Орта Азияның кейір елдерінде мысалы, Өзбекстан мен Тәжікстанда бұл күндері «Сүмәләк» деп аталатын тағам жасалады. Бұл күні кем дегенде жеті үйге кіріп дәм татқан абзал.
Қыдыр ата. Мерекенің рухани бейнесі. 22 наурызға қараған түні бүкіл халық оның келуін күтеді. Бұл түнді «Қыдыр түні» атайды. Қыдыр ата – бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді, деген сенім бар. Сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан.
Батыс қазақтары Наурызды 14 наурыздан бастап тойлайды. Көне заманда мереке 13 күні бойы тойланған екен.
Ақ бата. Бұл күні ақсақалдар ақ батасын аямайды. Қазақ халқында батаның небір түрлері бар. Сондай баталардың бірі төмендегідей: Ұлысың оң болсын, Ақ мол болсын, Қайда барса да жол болсын! Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін, Бәле-жала жерге енсін! Әумин!

09 наурыз, KAZNEWS. Әлемнің бірқатар елдері халықаралық әйелдер мерекесін атап өтті. Айрықша сыйлық беріп, нәзік жанды аруларға құрмет көрсетті. Түрлі тосынсыйлар жасап, мерейін асырды. Ал біз әйелдер жайлы ең қызықты деректермен бөліспекпіз.
1.Моңғолияда әйелдердің орташа ұзындығы 157.7 см.
Бұл сондай ұзын немесе қысқа көрсеткіш емес екен. Өйткені әлемде ең ұзын әйелдер Голландия, Монтенегро, Эстония қатарлы елдерде тұрады. Олардың ұзындығы 170 см. Ал, бойы ең қысқасы Гуатемалада әйелдері. Олардың орташа ұзындығы 149.38 см.
Моңғолиямен деңгейлес елдерді салыстырып көрсек
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының зерттеуімен танысу үшін басыңыз.
2.Моңғолияда әйелдердің үйлену жасы орташа есеппен – 26
2010 жылғы статистикада моңғолиядағы некеге тұрудың орташа жасы 24.2 болса 2017 жылы 24.5, соңғы үш жылда яғни 2018, 2019, 2020 жылы 26 жасқа дейін өскен.
Үйлену жасының ұлғаюы дамыған елдерде көптеп кездеседі. Мысалы Швецияда мен Испанияда әйелдердің үйлену жасы 33 ке жеткен.
3.Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 76 жас
Моңғолияда әйелдер ерлерге қарағанда 10 жас артық жасайды. Әйелдердің орташа жасы 2014 жылы 75.49 болса ерлердікі 65.91 болған. 2020 жылғы мәлімет бойынша елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасты құрайды.
4.Моңғолиядағы әйелдердің бет әлпеті қандай?
Глазго университетінің ғалымдары 2013 жылы қызықты зерттеу жасаған. Олар заманауи құрылғы пайдалана отырып дүниежүзіндегі адамдардың орташа бет әлпетін анықтаған.
Төменгі суреттен Моңғолиялық әйелдің бет әлпетін көруіңізге болады.
5.Әйелдердің саяси белсенділігі өсті
Моңғолияда әйелдердің саяси белсенділігі өскенімен 2016 жылғы Парламент сайлауындағы 30 пайыздық квотаны 2020 жылғы сайлауда 20 пайыз болдырғаны үлкен сынға ұшырады. 2020 жылғы Парламент сайлауында екі үлкен партиядан 33 әйел атын ұсынып, 13 әйел депутат атанған. Сондай-ақ, Үкімет мүшесі қызметін 4 әйел атқарып отыр.
Дерек
«Отандастар қоры» КеАҚ Вице-Президенті Алғыс айту күніне құттықтау жолдады
Published
1 month agoon
March 1, 2021
Армысыздар, ардақты ағайын! Құрметті отандастар!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 5 жылдан бері айрықша құрметпен аталып өтетін «Алғыс айту күні» – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен күллі Қазақстан халқына деген шынайы құрметтің орнығуына негіз болған Ұлт көшбасшысының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Бұл – тағдыр тауанымен Ұлы Даламызға қоныс аударған түрлі этностардың құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқымызға жасалған тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдері арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Алғыс айту күні – ел басына күн туған күрделі кезеңді иық тіресе бірге еңсеріп, тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен барлық азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні.
Орайлы осы сәтте «Отандастар қоры» атынан және өз атымнан егеменді еліміздегі бірегей бірлік пен ұлтаралық татулықтың ұйытқысы болған Қазақстан халқы Ассамблеясын құрылғанына 26 жыл толуымен де шын жүректен құттықтаймын!
Ағынан жарылып, алғыс айту – риясыз ризалықтың нышаны, сондықтан бүгінгі жиында елдегі қандастар мен шеттегі отандастар атынан алғыс арнауымызға толық негіз бар деп ойлаймын.
Біріншіден, биыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы. Ең алдымен айтарым: Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлан-байтақ Ұлы даламызды қорғаған ата-бабамыздың асыл арманы болған азаттықтың ақ таңын нәсіп еткен Аллаға сансыз шүкір, шексіз алғыс!
Кешегі Кеңестер Одағы тарап, еншісін алған егеменді елімізді Тәуелсіздік тәуекеліне бастап, аумалы-төкпелі кезеңде тығырықтан алып шыққан сарабдал саясаткер Елбасымызға алғыс айтамыз!
Қазақстан Республикасы дербес мемлекет ретінде өз Тәуелсіздігін жария ете сала Тұңғыш Президентіміз тағдыр тауанымен шартарапқа тарыдай шашыраған ұлты қазақтың бәрін тайлы-тұяғымен Ұлы дала еліне оралуға шақырып, бір шаңырақ астына бірігуге үндеді.
Сол бір сындарлы шақта Елбасы «Алыстағы ағайынға ақ тілек» атты әйгілі хатын жариялағаны белгілі. Қазақ көшін жандандыру мақсатында «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» құрылып, ең алғашқы құрылтай 1992 жылғы 28-қырқүйек пен 3-қазан аралығында Алматы қаласында өтті.
Осы құрылтайда сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы: «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының артуына адал қызмет етуге парыздармыз», өйткені «Бар қазақ – бір қазақ» деген жалынды сөзін айтып, миллиондаған елдің ет-жүрегін елжіретіп, алашқа асқақ рух сыйлаған еді.
Артынша атажұртты аңсаған ағайындар елге ағыла бастады. Тәу еткен Тәуелсіздік рухымен қанаттанған қандастардың Ұлы көшіне де биыл 30 жыл толып отыр. Ендеше, Елбасы үндеуімен тарихи Отанымен қайта қауышқан қандастар қауымы атынан барша бауырларды құшақ жая қарсы алған Қазақ халқына риясыз ризалық білдіріп, шексіз алғыс айтқымыз келеді!
Дана халқымыз:
Күнде алшы түсірсең де асығыңды,
Көрмейді жат жер сені тасы құрлы.
Шеңгел де дүрілдейді өз жерінде,
Әркімнің өз елінде басы құнды! – деп бекер айтпаған.
Ендеше, «Өзге елде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол!» деген ата-баба аманатын ішкі түйсігімен түсініп, атажұртына ат байлаған ағайындарға, елім деп еміретіп, қанатын кеңге жайып келе жатқан Қазақстанның қарыштап дамуына сүбелі үлес қосқан және қарамызды көбейтіп, қауқарымызды арттырған қандастарға мың алғыс!
Сонымен қатар, былтырдан бері жаһанды індет жайлап, адамзат атаулыға қатер төнген сындарды шақта шет елдердегі отандастардың да қалың елі – қазағына қайырымдылық жасап, жанашырлық танытқан жақсылығын айрықша атап айтқан жөн. Қауіп әлі де сейіле қойған жоқ. Осындай күлліәлемдік күрделі жағдайда атажұрттағы ағайынының амандығын тілеп, гуманитарлық көмектерін жолдаған шеттегі жанашыр отандастарымызға да көптен көп рахмет!
Тәуелсіздіктен бастау алған Ұлы көш әлі толастаған жоқ. Бір кездері тағдыр тәлкегімен шекара асып, шетелге ауған ағайындардың атамекенге ағылуына – 1997 жылдың 13 желтоқсанында «Халықтың көші-қоны туралы» Заңға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қол қоюы даңғыл жол ашып берді. Нәтижесінде әлемнің әр түкпіріндегі талай қазақтың ата қонысқа деген саумал сағынышы үзілмейтін үмітке, селкеусіз сенімге айналды.
Ата қонысымен қауышқан қандастар өздерімен бірге қазақтың жоғалуға айналған кейбір салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, ұмытыла бастаған көне сөздерін ала келді десек артық айтқандық емес. Шетелде туып, егемендікпен бірге елімізге оралған талай танымал тұлғалар қазір мемлекетіміздің мерейін асырып, қандас өнер жұлдыздары мен сахна саңлақтары қазақтың атын айдай әлемге әйгілеп жүр. Ал, іскер бауырлар мен кәсіпкер қандастар халыққа қалтқысыз қызмет етуде.
Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша алыс-жақын шет елдердегі отандастарды және тарихи Отанына оралған этникалық қазақтарды қолдау мақсатында «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.
2018 жылы «Отандастар қоры» өз жұмысын бастады. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен ынтымақтаса отырып, ортақ мақсатқа жұмыла жұмыс істейтін Қордың негізгі қызметі – шетелдердегі отандастар мен Қазақстанға көшіп келген қандастарға мәдени, білім беру және құқық салаларында нақты қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
Түптеп келгенде, шекараның арғы шебіндегі отандастарға және атажұртымен қауышқан қандастарымызға қамқорлық жасау, әдеби-мәдени тұрғыда қолдау көрсетіп, жанашырлық таныту – Қазақстанның қайта жаңғырып жатқан халықтық қазынасына һәм қазақ руханиятына сүбелі үлес қосу деген сөз.
Елбасымыз 2017 жылғы 12-сәуірде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық салт-дәстүріміз, ана тіліміз бен ұлттық музыкамыз, төл мәдениетіміз бен әдебиетіміз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Ең әуелі ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деген болатын. Ұлт көшбасшысының маңызы зор мақаласы ұлттық құндылықтарды ұлықтап, салт-санамызды жаңғыртуға тың серпін берді. Көнеден жаңаға, бабадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық жадымызды жаңғыртып, дәстүрімізді дәріптеуге кеңінен жол ашты. Тамыры терең тарихымызға тың серпіліс әкелді.
Осы бағытта «Отандастар қоры» қолға алған қомақты істер кезеңімен жүзеге асып келеді.
Мәселен, шетелдегі озық ойлы отандас жастарды қазақстандық жоғары оқу орындарына тарту арқылы тарихи тамырымен табыстырып, білімді түлектен білікті маман әзірлеп, атажұртында тұрақтап қалуына ықпал етуге мүдделіміз. Мемлекет те мейлінше қолдау көрсетіп отыр. Мысалы, шетелдегі этникалық қазақ балаларына бөлінетін мемлекеттік квота саны 2 есеге артты. 2017 жылдан бастап бакалавриат бойынша 3 000 білім гранты, ал дайындық курстарына 1 500 грант бөлінетін болды. Ендігі маңызды мақсат – көші-қонға бөлінетін квота санын көбейту. 2003-2007 жылдары атажұртқа қоныс аудару үшін қандастарға 20 000 квота берілетін еді. Қазір бұл көрсеткіш 10 есеге кеміп кетті. Алаңдауға негіз бар. Өйткені, мемлекетті құраушы негізгі ұлт – қазақтың қарасы қалыңдаса, егеменді еліміздің де қауқары артып, қайраты зораяды. Алдағы кезде бұл тұрғыда мемлекеттік билік тарапынан нақты қолдау болады деген сеніміміз зор.
Қазақтың «Көп қорқытады, терең батырады» деген қанатты сөзі тегін айтылмаған. Халық көбейсе, нарық кеңейсе, елімізге инвестиция тарту мүмкіндігі де анағұрлым артады. Ал, экономикасы дамып, әлеуметтік әлеуеті артқан сайын тұғыры берік, тұлғасы биік еліміздің Тәуелсіздігі де нығая түсері сөзсіз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында азаттық жолында құрбан болған халқымыздың біртуар ұлдары – Алаш арыстарының асыл мұрасын жаңғыртып, жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керектігін қадап айтқан болатын. «Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек» деген Президент сөзінің де маңызы зор, тағылымы мол.
Ал, бұдан тура 5 жыл бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Алғыс айту күнінде» қалың жұрттың, алуан ұлттың өкілдері алдында: «Ұлы дала елінің перзенттері мәдениеттер алуандылығын, түрлі этностар мен конфессиялар өкілдерінің құндылықтарын ана сүтімен бірге бойға сіңірген. Тарих және бабалар бізді осыған үйретті. Этникалық алуандылық біздің елдің әлсіз тұсы емес, қайта оның байлығы, – деген еді.
Ендеше, елдікті ұран, татулықты ту еткен көпұлтты Қазақстан халқына мың алғыс!» деген ақжарма тілегімді арнаймын.
Ізгі ниетпен, Мағауия Сарбасов, «Отандастар қоры» КеАҚ Вице-Президенті
Бізге жазылыңыз

Марста жүрген робот селфи жіберді

А.Батцэцэг Азия чемпионатына қатысады

Жандос Асқарұлы мен Құлын Алтынбекқызы әлем чемпионатында ел намысын қорғайды

Моңғол ғарышкерінің ғарыш кеңістігіне сапар шеккеніне 40 жыл

Фоторепортаж: Аты аңызға айналған Аттила туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Солтүстік Корея 2 рет саяси, 1 рет пандемиялық жағдайға байланысты олимпиада ойындарына қатыспады

Қырғызстандағы Азия чемпионатына Моңғолия құрамасы қатыса алмайды

Олимпиада – білім додасы

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді

СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК

Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ

Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық

Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы

1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді

А.Мөнх-Ундрах: Қазақтың халық әндеріне попури жасады

Сайд Моллай Тель-Авивте күміс жүлдегер атанды

Тарихи тұлғалардың есімі қанша балаға қойылған?

2021 жылғы қаңтар айында жарияланған ақпараттарға шолу ұсынамыз

Tsogsogmaa ft Berdibek – Махаббатқа толы жаңа жыл

Playlist: Моңғолияда хит болып жүрген 10 әнді ұсынамыз

А.Мөнх-Ундрах халық әні “Ағажай Алтай”-ды шырқады

Домбырамен үйлескен ағылшын әні

Түркиялық әнші Айбен Ерсой: Көзімнің қарасы
Сөзге тиек


Марста жүрген робот селфи жіберді
11 сәуір, KAZNEWS. Марста жүрген Perseverance робот станциясы селфи жасады, – деп хабарлайды НАСА агенттігі. Сурет WATSON деп аталатын құралдың...


Фоторепортаж: Аты аңызға айналған Аттила туралы кітаптың тұсаукесері өтті
Бүгін Халықаралық Түркі академиясында Мажарстанның Сыртқы сауда және сыртқы істер министрі Петер Сийярто мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы...


Солтүстік Корея 2 рет саяси, 1 рет пандемиялық жағдайға байланысты олимпиада ойындарына қатыспады
06 сәуір, KAZNEWS. Солтүстік Корея Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатыспайды. Солтүстік Корея Үкіметі бұған дейін 2 рет олимпиада ойындарына...


Олимпиада – білім додасы
Олимпиада – білім додасы. Бұл сөздің мағынасы «ақиқат» және «түсінік, білім» деген мағыналарды береді. Ежелгі Грекияда басын бұлт ораған ең...


Түркістан Декларациясы
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі бейресми саммитінің Түркістан Декларациясы 2021 жылғы 31 наурыз 2021 жылғы 31 наурызда «Түркістан – түркі әлемінің...


Жо Байден 100 күнгі жоспарын уақытынан бұрын орындады
28 наурыз, KAZNEWS. АҚШ президенті Жо Байден 25 наурызда Ақ үйде қызметіне кіріскелі бері алғаш рет баспасөз конференциясын өткізді. Жо...


Еуразия ұлттық университеті мектеп бітіруші түлектерді қабылдауға дайын
Биыл Қазақстан Республикасының жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі – Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрылғанына биыл жиырма бес...


Наурыз туралы қызықты 10 дерек
21 наурыз, KAZNEWS. Наурыз – бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және...
Басты назарда
-
Спорт2 days ago
Жандос Асқарұлы мен Құлын Алтынбекқызы әлем чемпионатында ел намысын қорғайды
-
Спорт5 days ago
Қырғызстандағы Азия чемпионатына Моңғолия құрамасы қатыса алмайды
-
Әлемде2 weeks ago
Жо Байден 100 күнгі жоспарын уақытынан бұрын орындады
-
Моңғолияда6 days ago
Моңғолия Премьер-Министрі: 1-шілдеге дейін барлық азаматтар вакцина алады
-
Моңғолияда2 days ago
Моңғол ғарышкерінің ғарыш кеңістігіне сапар шеккеніне 40 жыл
-
Спорт5 days ago
Солтүстік Корея 2 рет саяси, 1 рет пандемиялық жағдайға байланысты олимпиада ойындарына қатыспады
-
Спорт1 day ago
А.Батцэцэг Азия чемпионатына қатысады
-
Әлемде5 days ago
Фоторепортаж: Аты аңызға айналған Аттила туралы кітаптың тұсаукесері өтті