KAZNEWS – Қытайда коронавирустың жаңа түрі өршуіне байланысты 2020 жылдың 26 қантар күні Моңғолия Үкіметінің кезектен тыс отырысында ҚХР-мен арадағы көлікпен қатынайтын барлық шекара бекеттерін белгісіз уақытпен жабу туралы шешім шығарған. Бұл туралы Ұлттық Автотранспорт орталығы хабарлап отыр.
Тоқтатылған өткізу бекеттері,
1. Моңғолия Улаанбаатар қаласынан ҚХР-ның Ерлиан қаласы,
2. Моңғолия Дорноговь аймағының Замын-Үүд ауданынан ҚХР-ның Бээжин,
3. Моңғолия Дорноговь аймағының Замын-Үүд ауданынан ҚХР-ның Хөх хот,
4. Моңғолия Дорноговь аймағының Замын-Үүд ауданынан ҚХР-ның Ерлиан,
5. Моңғолия Дорнод аймағының Хэрлэн ауданынан ҚХР-ның Манжурия,
6. Моңғолия Өмнөговь аймағының Гашуунсухайт бекетінен ҚХР-ның ІМАР-ны Ганц мод бекеті,
7. Моңғолия Ховда аймағының Булган ауданынан ҚХР-ның ШҰАР-ны Тайкешкен қалашығы,
8. Моңғолия Өмнөговь аймағының Ханбогд ауданынан ҚХР-ның ІМАР-ның Баяннуур қаласы Халиут өлкесіне жолаушы тасымалдайтын көлік қозғалысы тоқтатылғанын хабарлады.