KAZNEWS – Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга бүгін ҚХР-на іс-сапармен барып қайтты.
Mongol.cri.cn мәліметі бойынша Бейжің қаласында екі мемлекеттің басшылары кездесу өткізген. Кездесу барысында ҚХР-ның төрағасы Ци Жиньпин “Біздің елдің Үкіметі мен халқы жаңа тәжівирусына қарсы іс-әрекет етуде. Бұл сәтте Моңғолия Үкіметі мен халқы бізге көмек қолын созып отырғанына алғыс білдіреміз.
Қытай-Моңғолия екі ел бір-бірін қолдап, бірге қиын кезеңді еңсеруіміз керек. Моңғолия Президенті Х.Баттулга сіз коронавирус тарағаннан кейін ҚХР-на жоғары деңгейдегі іс-сапармен келген алғашқы мемлекет басшысы болып отырсыз. Сіздің сапарыңыз Қытай халқын шын ықыласыңызбен қолдауыңыздың бір дәлелі болмақ” – деді.
Моңғолия Президенті Х.Баттулга өз сөзінде “Достық және мәңгілік көршілік қарым қатынастағы Моңғол халқы бұл ауыр кезеңде Қытай халқымен бірге екенімізді жеткіземін.” -деді. Сондай-ақ, вирус тараған уақыттарда Моңғолия Үкіметі ҚХР-на көмек қолын созу мақсатында “Мәңгілік көршіге көмектесу” акциясын ұйымдастыру арқылы Моңғол халқынан осы жолғы сапар аясында 30 мың бас мал /қой/ сыйлап отырғанын, және Қытай халқына жақсылық тілейтінін айтты.
Кездесуде тараптар коронавирус мәселесі тек бір елдің ғана мәселесі емес. Сондықтан бірлесіп әрекет ету жөнінде пікір алмасты.
Қытайдың Sina Weibo әлеуметтік желісіне қойылған жаңалықты 100 млннан астам адам оқыған және оған моңғолияға алғыс айтқан адам саны көп. Оқырмандар “30 мың қой Қытайда 60 млн юаньға /8.65 млн ақш.доллары/ бағаланады. Моңғолия дамушы ел болса да нақты көмек көрсеткен екен.” -деп жазады.