KAZNEWS – Қытайдың Ухань қаласында қалып қойған моңғолия азаматтарын елге жеткізу үшін МИАТ компаниясының арнайы борты жіберді.
Бүған дейін Сыртқы істер министрлігі Бейжіңдегі елшілік арқылы ҚХР-ның Сыртқы істер министрлігіне нота жолдаған болатын.
Ал, ҚХР-ның Үкіметі Ухань қаласындағы шетелдік азаматтарды эвакуациялау мәселесін шешкенде оларға денсаулық сараптамасын жасалуын, сол азаматтар арқылы аурудың тарап кетпеуін қадағалау қатарлы қажетті шаралар қолданылғаннан кейін сұраныстарын қанағаттандыратын айтқан.
Ал, Моңғолия Денсаулық сақтау министрлігі Ухань қаласында Моңғолияның 32 студенті оқиды. Оларды елге келген сәтінен тұрақты мекен жай бойынша тексеруден өткізіп, ауруханада белгілі уақытпен бақылауда ұстайтын жоспарын жариялады.
Ухань қаласынан азаматтарын алу туралы сұранысты АҚШ, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Қазақстан қатарлы 10 ел ҚХР-ның үкіметіне жеткізген.