Дерек
Моңғол халқының жаңа жылды қарсы алуы
Published
3 years agoon
Ескі жыл кешін шығарып салу моңғол халқының ұлы мейрамы Шағанның алдынғы күні қызыл шұнақ аязды қыстың аяғы, ескі жылдың соңғы күніне дөп келеді. Бұл күні аспанда ай қорғалап, түн қараңғы болады. «Битүү» немесе ескі жылдың кешінің алдында халық киетін ұлттық шапанын, мінетін атын әзірлеп, отырған қонысын, тұратын үйін тазалап, әйелдер бет әлпетін, шашын жөндеп, пештің күлін шығарады.
Кешке үйдің оң жақ босағасына үш қауырсын шаншылады. Мұны халық ақ қасқа қашырға мінген “Балданлхам бурхан” көзді ашып жұмғанша ғаламды айналып келіп, адамдарға бақ пен бақыт, ырыс пен құт сыйлап, көлігін сусындатады деп ырымдап қояды. Тәңірдің шаңыраққа енуіне жол ашу үшін маңдайшаның дәл ортасына қасиетті ақ тас қойылады. “Шын шайтан үйдің теріс жағынан кіреді” деп, артқы белдеуге қараған қыстырып қоятын да салт бар. Әр өңірдің дәстүрі әрқалай болғанымен, тарихта таңбалануына қарағанда кешкі астың бас табағына жағы айырылмаған бас, кейде төстік қойылады. Егер төстік асқан жағдайда оның басын жоғары қаратып, жанына жауырын, үлкен сүбе, асық жілік, кәрі жілік тартылады. Ал бас қойған кезде көкеністен пияз, у сарымсақ бар болса, құстың қолын қойып, сүбе, асық жілік, кәрі жіліктің біреуін кешкі аста ұсынады.
Басты отағасы таңдайынан, зайыбы езуінен ұстап, «бір ауызды болдық» деп жағын айырумен ескі жыл кешін шығарып салу рәсімі басталады. Осы рәсімнен кейін ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын деген тілек айтылып, бітеулей асқан бас сорпасына мәнті, тұшпара тәрізді бітеу тағамдар салып, «битүү» аяқталғанға дейін желінеді. Алғашқы жұлдыз көрінген сәтте ақ тағам арнайы әзірленген «битүү» сыйлы асын жасай бастайды. Ең әуелі тәңірпұт жанына сүт, сүбе, асық жілік, тоқашпен бір, ақтағаммен бір табақ жасалып қойылады.
Ескі жылды шығарып салуда ойын сауық та ерекше орын алады. Мұндағы ең маңыздысы — көнеден жалғасып келе жатқан асық ойындары. Ақсақалдар ертегі аңыз айтып, балалар ойыншықтар құрастырып, ат, түйе жарыстырып ойнайды.
Жыл басы жаңа күнді қарсы алу.
Жылдың бірінші жаңасының таңы “боз құбаң” немесе “қу ағаш” күні деп аталатындықтан оның молшылық әкелуі үшін ас-тағам мен ақты көп әзірлеп, жақсы көңіл күймен қарсы алып, ырысты күнге айналдырады. Бұл сол жылы қандай жаман күн болса да, одан ешкім зардап шекпесін деген ишараны білдіреді. Моңғолдар атып келе жатқан күн, толған ай, жаңа жарған гүл, қайтқан құсты бақыт әкелетін қасиетті көрініс деп бағалайды. Шаған айының бірінші жаңасының таңында адамдар қараңғылық шеті сөгіле тұрып, Түңілдік ашып, шайын асады. Шай ішер алдында бітеу асылған қойдың басын ерлі-зайыпты үй иелері жағын айырып:
“Барлық дүние ағарды,
Бітеу нәрсе ашылды,
Ескі жыл шықты,
Жаңа жыл кірді деп”,- тәңірпұттың қасына қояды. Сондықтан да ерлі-зайыптылар «бір ауызды» делініп, бұл күні бір-бірімен сәлемдеспейді. Мұнан соң отағасы обаға шығып, табиғат ана, жер-суға тағзым етіп, бағыттың жаманы батыс солтүстікті тастап сиынады. Отағасы үйіне келіп, бала-шағасы, отбасымен сәлемдеседі.
Күн шыққан соң елағасы, ақсақалдарға сәлем береді. “Қадақ” ( өлшеніп кесілген пұл) ұстап сәлем берудің де өзіндік жора – жосыны бар. “Қадақтың” көбінесе адамдарға ұзақ ғұмыр сыйлаушы Аюуш бұрхан бейнеленген және «барынзыд», «нанзыд», «вандын», «соным», «даш» қатарлы түрлері болады. “Қадақ” алған адам оны бүктеп, ерекше қастерлеп, құрметтеп сақтап қояды.Үлкен адамның шынтағынан демеп сәлемдесу қимылмен сыйлап тұрғанның ишарасын білдіреді. Ал қариялар қолын алға созып, алақанын жоғары қаратып сәлем алады. Бұл — ақсақалдың ақ алғысы мен бақыт тілегенінің белгісі. Сәлемдескенде үлкен кісісі бар үйдің есік алдынан, далада кездессе, өзен судың ағысты жерінің аяғына барып дидарласады. Егер жасы шамалас екі адам кезіксе, біріншіде көп баласы барына құрмет көрсетіледі. Жаңа табалдырық аттаған жыл жайлы әңгімелесіп:
“Тай жалды,
Торпақ шымыр,
Тоқты құйрықты,
Тайлақ өркешті,
Табын қоңды,
Ас нәрлі жаңа жылды жақсы қарсы алдыңыздар”,- деп амандық-саулық сұрасады.
Шағанға әзірленген асты үлкен және кіші деп екіге бөледі. Үлкен ас деп жиған тоқаш, тәтті – кәмпит, ақ тағам салынған табақты айтады. Ал кіші асқа төстік, асық жілік, кәрі жілік, жауырын, сүбеден жасалған табақты жатқызады. Мұны “бітеу ас” деп те атаған.
Үлкен дастархан жасағанда таба тоқашты бес, жеті және тоғыз қатармен жияды. Тақ санмен жинаудың сыры өмір бақытпен басталып, баянды аяқталсын деген тілекте жатыр. Хан сарайында, мемлекеттік қабылдауда, үйлену тойында табақтағы таба тоқашты тоғыз қатармен жинаған. Сондықтан да шаған дастарханын кез келген үй тоғыз қатармен жия бермейді . Егер таба тоқашты тоғыз қатармен жинаған адам болса, оны “өзін жоғары санап тәңірге қарсы шықты” деп санаған. Ал жеті қатармен ауылдың ең үлкен қариясы бар үй жинаған. Тоғыз саны тәңірдің, жеті саны жердің мағынасын беретін көрінеді. Солай болғандықтан да ауыл ақсақалы немесе атасы жеті, әкесі бес, баласы үш қатармен үлкен дастарханның тоқашын жинау жосыны бар. Моңғол отбасы дастархан басына қайткенде қой жаясын қоюы міндетті емес. Шағанға жасалған асты дәстүр бойынша “бодық”, үлкен бүтін, орта бүтін, кіші бүтін деп төртке бөлген. Моңғолдардың ең сүйікті асының бірі — ішіне қызған тас салып, бітеу пісіретін қойдың “бодығы”. Бұл тағамды ертеден тәңірге мінажат ету және мемлекеттік салтанатты меркелерде қолданып келген.Ал үлкен бітеуге қойдың жаясы, төстігі, басы, жауырыны, сүбе және қара қабырғасы, арқа, белдемесі жатқызылады. Сонымен қатар тез пісетін тұшпара да әзірленеді. Сондай – ақ Шағандағы ерекше қастерленетіні – ақ тағамдар сүт, сары май, “құтпен дәмделіп” жасалған бидай, тары қатарлы астық түрлері қосылған көже де дастархан шырайын аша түседі. Ауыл аймақ халқы келіп сәлем беретін ақсақалдар әр үйден дәм алып келіп,өздері әзірлейтін асқа қосып, астың астына от жағады. Осыдан кейін әзір болған асты жасының үлкенінен бастап үлестіреді. Одан ” бір адам үш немесе жеті рет жесе жақсы” деп ырымдап, аз-аздан қостырып ішеді. Шағаннан кейін де арнайы әзірленген асты біраз тәулікке дейін жеткізсе, сол жылы молшылық болады деген де ұғым бар. Бұл мейрамдағы халықтың бір-біріне сәлем беруі, аман-саулық білісуі, қонақ болуы, бір – біріне кешірім жасауы, тазалықты әспеттеуі, үй шаруасын ретке келтіруі, жастардың ұлттық жөн — жосынды ұстануы қатарлы көптеген ұлағатты қасиеттері мерекенің сәнін келтіре түседі. Жаңа жылдың 4-күні мейрам аяқталды деп есептелініп, әзірленген ас тағам жинаналып, шағын дастархан жасалынады. Егер ол үйден алыс жолға кеткен адам болса, мәнті, тұшпара, тоқаш, кәмпит, ішімдіктен оған өз үлесін қояды.
Шаған мейрамындағы тыйымдар
Жаңа жылды қарсы алу күндері ашу шақыру, ысырапшылдық, ұрыс-керіс үшеуіне ерекше тыйым салынады. Іс тігу мен ескі киімді жамап киюге де шектеу қойылады. Арақ ішіп мас болу, жанжал шығару, жаңа жыл тағамына үй иесінің рұхсатынсыз , «Астан алыңыздар» дегенге дейін табақтан дәм алуға болмайды.
Моңғол халқы көнеден бері шаған кезінде кандай бір нәрсе ұнтақтап дыбыс шығару мен отын су әзірлеуді әдет қылмаған. Әсіресе, шаған мерекесінің үшінші жаңасына дейін су алғалы барса, нағашысына қауіп – қатер төнеді деп көрген. Сол күндері жылап-сықтап, ренжісетін болса, жыл бойы жанжалдасумен өтеді. Егер шаған айының бірінші жаңасында біреудің үйіне қонып қалса,сол жылы қонақтаумен жүреді. Мейрам күні беймезгіл ұйықтауға, жатуға рұқсат етілмейді, жыл бойы сау болсын деп, тіпті, төсек тартып жатқан сырқаттың өзін төсегінде отырғызып киіндіріп қоятын дәстүр бар. Айдың жетінші жаңасында ауыл аралау, қонаққа бармау керек, ол күні көкке ақ шашып, жеті қарақшы жұлдызына тәу етеді. Шаған айының алғашқы күндері, әсіресе, 1,2-сінде жолға шығу, жылау, жеті жаңасында аға ,бауыр, ағайын туысына қонаққа бармау қажет. Өйткені бұл күндер сәтсіз күн деп есептеледі. Несие, қарыз ақша алу, түннен қалған шоқпен от жағу, түнде сәлем беру де дұрыс емес.
Ал жаңа жылды қарсы алу кешінде мал сою, асты шала жеу, түкіріну, малды қорадан тысқары түнету, аш жату, кішкентай сәбиді есімімен шақыру, киім – кешек пен ыдыс аяқты далаға тастауға болмайды.
Жаңа жыл тек жақсылық әкелсін!
Аударған журналист Сәбет Насырұлы
Дерек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Published
1 year agoon
November 3, 2023Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында қол қойылған құжаттар тізімі:
1. Астана Актісі;
2. Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;
3. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
4. Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
5. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;
6. Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
7. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;
8. 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;
9. Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;
10. «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;
11. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
12. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді.
Үндістанның Ғарышты зерттеу ұйымы (ISRO) ай бетіндегі күн батып, түн басталғаннан кейін, станциялары шамамен 22 қыркүйекте қайта жұмыс істей бастайды деп хабарлады.
Жоғарыда аталған станциялардың батареялары күн сәулесімен қуатталады.
Айдағы бір тәулік төрт аптадан астам уақытты құрайды.
23 тамызда Үндістанның «Чандрайан-3» станциясы «Викрам» қондырғышын айға сәтті қондырған.
Викрам станциясының корпусына бекітілген Прагяан өздігінен жүретін станциясы ай бетінде жұмыс істей бастады.
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып қайтты.
Сонымен Кристиан Бэйл деген кім?
Кристиан Чарльз Филип Бэйл (ағылш. Christian Charles Philip Bale; 30 қаңтар 1974, Пембрукшир, Уэльс, Ұлыбритания) — ағылшын актері. Алғашқы кинокарьерасын тәуелсіз шағын жобалардан бастаған.
Бейл 13 жасында Стивен Спилбергтің «Күн Империясы» (1987) фильмінде ойнаған ролінде алғаш рет көрермен көзіне түсті. 2000 жылы «Америкалық Есалаң» картинасында қанішер Патрик Бэтменді сомдаған үшін кино сыншылар назарына ілікті. Ол «Машинист» (2004) киносында Тревор Резникті ойнау үшін 63 фунт салмақ тастайды, сол үшін оған актерлік шебері үшін жақсы абырой алып келеді.
Кристиан Бейл Кристофер Нолан режиссерлік еткен «Бэтмен: Бастама» (2005), «Қара сері» (2008) және «Қара сері: Жандану» (2012) трилогиясында Брюс Уэйн/Бэтменді ойнағаннан кейін көпшілікке таныла бастады. «Күрескер» (2010) биографиялық фильмінде Дикки Эклундты сомдағаны үшін Бейл сыншылардан жақсы баға алды және бірнеше марапаттарға ие болды, соның ішінде бірінші рет Екінші пландағы үздік ер ролі номинациясы бойынша Оскар және Алтын глобус сыйлықтарының иегері атанады және Екінші пландағы үздік ер ролі үшін АҚШ Гильдия киноактерлер сыйлығымен марапатталынады.
2013 жылы «Америкалық сергелдең» драмалық комедиясында ойнайды, сол үшін Бейл екінші рет Оскар номинациясына түседі және бұл номинация бірінші рет үздік ер ролі үшін еді.
Дерек
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
Published
2 years agoon
April 6, 20236 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды.
Баян-Өлгий аймағының құрамасы алғаш рет 4 -ші орынға тұрақтап, 1 миллион 500 мың төгрөг ақшалай сыйлықмен марапатталды.
Казньюс ақпарат агенттігі аталмыш ел біріншілігіне қатысқан ойыншылардың орташа жасын есептеп шығарды.
Казньюс сараптамасына сүйенсек, К.Наурызғажы бапкерлік еткен футболшыларымыздың орташа жасы – 23 де.
Ең кішкенесі 16 жаста, ең үлкені 32 жаста екенін байқауға болады.
Н.Халук 16, З.Капитрон 17, Т.Серлан, С.Ердос, М.Айболат, Е.Ақжол 21, Т.Бақыт 22, Қ.Дәуренбек, Қ.Ерқанат 23, М.Ертіс, Т.Ақжол 25, А.Айдын 26, Б.Ертіс 29, А.Тұрар 32 жаста.
Бізге жазылыңыз
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның СҚ министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесті
ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ
1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді
СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК
Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ
ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді
Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы
Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық
Үш ойғырдың басынан ел көшкенде…
«Жас қазақ» жазғы этно-лагері – бір үйдің баласындай…
Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті
Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек
FIFA World Cup Qatar 2022 | Official Song
KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN
Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді
Сөзге тиек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...
Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....
Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...
Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды
Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...
1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар
06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...
Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...