Connect with us

Мақала

«Меценат» сыйлығына сырттағы қазақ жазушыларын көбірек тартсақ деп отырмыз – Ерлан Асқарбеков

Published

on

Былтыр елімізде шығармашылық адамдарына арналған «Меценат» сыйлықақысы пайда болды. Оның иегері ай сайын өмірінің аяғына дейін 500 доллар көлемінде төлем алып отырады. Сыйақының негізін қалаушы Ерлан Асқарбеков ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мұндай сыйлық тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет өткізіліп отырғанын айтты.

– Былтыр алғашқы конкурсқа 67 романның авторы қатысыпты. Биыл ауқымы кеңейеді деп отырсыздар ма?

– Әрине! Біз соған үміттеніп отырмыз. Екінші жағынан, роман деген ауыр жанрлардың бірі екенін түсінеміз. Бірақ өзге елдердегі қазақ диаспорасының шығармалары біздің бәйгеге көбірек қатысатын шығар деп отырмыз. Бұл да үлкен контингент. Өйткені қазақ диаспорасы әлемнің алты құрлығына да тараған деуге болады. Үш жылдың ішінде осы мәселені реттеуді өзімізге міндет етіп алдық. Бұған дейінгі сұхбаттарымызда сыйлықтан үміткер авторлар өз туындысына қатаң талаппен қарау керектігін айтып жүрдік. Соны оқыса керек, көбі өз шығармаларына жинақылықпен кіріскенін байқап отырмыз. Бұл фактор конкурсқа ұсынылатын шығармалардың санын азайтуы мүмкін. Қазір қолымызда 40-тан астам автор мен 10-нан астам қолжазба жатыр. Тіркеу аяқталғанша 100-150 автор жинақталады деп ойлаймыз. Ең бастысы – сапалы өзгеріс.

– Биыл да жалғыз жеңімпаз іріктеле ме? Былтыр жолы болмаған роман биыл қатыса ала ма?

– Біз бұл мәселені о баста заңгерлермен пысықтап алғанбыз. «Авторлық құқық» туралы заң бойынша автор өз туындысымен не істейтінін өзі біледі. Атын ауыстыр ма, қайта жазып шыға ма, әр басылымын түрлендіріп бере ме, өзі біледі. Олай істеу қажет пе деген басқа мәселе бар. Бір шығарманы қайта-қайта ұсынуға болады. Бірақ ол салған жерден жеңімпаз атанбаса, оқырман өзекті деп таппаса, қызығушылық туғызбаса, құндылық көрмесе, оны қайталап шығарғаннан не пайда? Одан да сәл кідіріп, жинап барып, шығарманың оқиғасын ширатып, 2-3 жылдан кейін әлдеқайда мықты туындымен қатысқан орынды болмай ма?

– Конкурсқа қазақ тіліндегі де, орыс тіліндегі де туындылар қатыса алады екен. Былтырғы қорытындыға қарап, қазақ тіліне басымдық беріліп отыр деп айта аламыз ба?

– Мүлде олай деп ойламаймыз. Әлемдегі тәжірибені қарасақ, ең бір сирек тілде жазылған шығармалар жарып шығып, ең жоғары сыйлықтарды алып жатады. Чехиялық, ирландиялық, скандинавиялық жазушылардың тұтас бір шоғыры осының жарқын мысалы бола алады. Сондықтан шығарманың қай тілде жазылғанына емес, мазмұнына, арқалайтын жүгіне баса көңіл аударамыз.

– Автордың әдеби ортада танымал болуы немесе керісінше бұрын аты шықпаған адам болуы шешуші рөл ойнауы мүмкін бе?

– Ешқандай рөл ойнамайды. Қолжазбасын, әңгімесін түйіндемесімен немесе түрлі сертификаттарымен бірге жолдаған адамдар болды. Бірден айтайын, ондай жайттарды өзім екшеп отырдым. Автордың есімін, оның кім екенін аңғартатын тұспалдың бәрін бірден алып тастап отырдым. Яғни, мәтінді оқитын мамандардың алдына туынды тақырыбымен ғана түседі. Олар қолындағы туындының авторы кім екенін білмеуі керек. Үміткерлердің арасында аса танымал адамдар да, бәймәлім жазармандар да, қолына жаңа ғана қалам алған дебютанттар да болды. Іріктеуден өткеннен кейін туындылармен оқырмандар да таныса алды. Қысқасын айтқанда, конкурстың қорытындысына әдебиетке қатысы жоқ факторлардың ешбірі әсер етпеуі керек. Басты фактор – туындының сапасы.

– «Меценат» жобасы қандай баспаханалармен әріптестік орнатқан?

– Біз ірі баспаханалардың бәрін шақырдық. Маркет-плейс өткізіп, үздік деп танылған 10 автордың еңбегін баспахана басшыларымен жүздестірдік. Қазір бірнеше туындыны басып шығару жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылып жатыр. Бұл біздің әдебиет тарихындағы бірегей оқиға.

– «Мецент» лауреаттарына қандай артықшылықтар берілетінін айта кетсеңіз. Жеңімпаз романның әлем әдебиетінің аренасын бағындыру мүмкіндігі бар ма?

– Мұндағы басты артықшылық біреу ғана – авторға өмір бойы ай сайын 500 доллар төлеп отырамыз. Жалпы жеңімпаз атанған соң авторға деген қоғамның құрметі артатыны айтпаса да түсінікті шығар. Әлемдік аренаға шығу мүмкіндігі туралы айтсақ, бәрі автордың өзіне байланысты. Өз арамызда әзіл бар, автор өз шығармасына қаншалықты талапшыл болса, өзін соншалық сыйлайды деген сөз. Әдебиеттің өз заңы бар, 30-40 рет түзеліп, күзелген мәтін әбден пісіп, жетілген туындыға айналады. Біз Қазақстанда жарық көрген кітаптар ең көп дегенде 20-30 мың тиражбан басылатынын анықтадық. Біздің кітаптардың негізгі сатып алушысы зиялы қауым болады деп күтіп отырмыз. Бұл халықтың 1 пайызы деген сөз. Теорияға сүйенсек, сапасы жақсы, мазмұны мықты романды елдегі 200 мың адам сатып алуы мүмкін. Туынды әлемдік аренаны бағындыру үшін әуел Қазақстанда табысқа жетуі керек. Ондай ереже бизнесте де бар. Сондықтан шығарманың сапасы мен мәртебесі авторлар өз ісіне барынша байыппен қараған кезде ғана артады. Бұл конкурсқа шетінен мықты авторлар қатысатынын түсіну керек. Ал жеңісті сатып алу мүмкін емес. Мәтінді оқитын мамандар да сатылмайды, оның үстіне оқырманның бағалауы және бар.

– Былтырғы жеңімпаз Шархан Қазығұловтың «Күлпет» романы туралы не айтасыз? Орыс тіліне аударып үлгердіңіздер ме? Туындыны қайдан тауып оқуға болады? Жалпы шығарма не жайында?

– Аударма жұмыстары желтоқсан-қаңтар айларында аяқталған. Қазақ тіліндегі түпнұсқасы 5 мың таралыммен «Арна Бей» жеке меншік баспаханасында басылды. Олар жеңімпаз туындының келешегіне сеніп, «Меломан» сауда желісімен, басқа да бірнеше сауда желісімен келісімшартқа отырған. Осы аптада «Меломанның» сауда сөрелерінде пайда болды. Енді орыс тіліндегі басылымы әзірленіп жатыр.

Қысқартып айтсақ, туынды отанға оралған қазақтың тағдыры туралы. Бұл – отанға деген махаббат жарға деген махббатпен астасып жататыны туралы философиялық роман.

– «Күлпет» орысшадан басқа тілдерге аударыла ма? Шетелде басып шығару жоспарда бар ма?

– Терориялық тұрғыдан алсақ, кез келген іргелі романды еуропалық немесе шығыс тілдеріне аударуға болады. Бірақ оның бәрін әуелі Қазақстандағы сатылымына байналысты. Ресейлік, шығыс-еуропалық, батыс-еуропалық, түркиялық және қытайлық баспаханалармен келіссөз кезінде кітаптың Қазақстандағы сауда желісінде қалай өткені ең басты уәж ретінде қолданылады. Баспаханаларға кітаптың бастапқы сатылым тарихы маңызды.

– Конкурс болған соң қорытындысына келіспей, жүлделер күні бұрын белгілі болған деп шағым айтатындар болады. «Меценат» сыйлығы алғаш тағыайындалғанда осындай даулар болды ма? Жалпы жеңімпаздарды іріктеу жүйесі қаншалықты ашық?

– Алғашқы маусымда ондай даудың болатынын күттік және бармақ «басты көз, қысты әрекеттер» туралы ойдан шығарылған уәждерге тап келдік те. Сайттағы шығарманың оқылымын қолдан көбейту әрекеттері де болды. Оның бәрін жұмыс барысында еңсеріп үйрендік. Жалпы сайттың жұмысын жетілдіріп, қолдан қаралым жасауға қарсы стратегиямызды күшейттік. Оқырмандардың даусын есептеп болғаннан кейінгі ақтық дауысқа салу кезеңі шешуші рөл атқарды. Бірінші және екінші орында тұрған туындыларға дауыс берген аккаунттарға екі қызметкеріміз тікелей қоңырау шалып, өмірде бар адамдар екенін тексеріп шықты. Ол әңгімелердің бейнежазбасы да бар. Кез келген жазушылар ұйымының өкілі ресми келіп, ол материалды қарай алады. Бірден айтайын мұндай жұмысқа 5 күн кетеді. Өйткені дауыс бергендерге қоңырау шалып тексеру жұмыстарының өзі бір апта уақыт алған. Осыдан кейін есептеу басталады. Мен есептің қалай жүргені туралы бейнежазба арқылы есеп аламын. Осының бәрінен өте келіп, «Күлпет» үлкен басымдықпен бірінші орын алды. Осының өзі бүкіл күмәннің бетін ашты.

Мен брендтер мен маркетинг нарығында, PR-салада айтарлықтай танымал адаммын. Өз меценатымды іздеп 18 жыл жүріппін. 12 ауқатты адамға жүгініп көрдім. Жобаның бір ұшында менің репутациям мен «Меценаттың» репутациясы тұрды. Адал атымыз үшін күресуге дайынбыз, сондықтан қолдан дауыс жинау сияқты әрекеттерге жол бермейміз. Жалпы кез келген қаралық тәсілдің жолын кесу тәсілдерін жетілдіре береміз. Сонда жазарманның алдында жалғыз жол қалады. Ол жол – шын мәнінде ұлылардың жолы. Ұлы шығарма жазсаңыз, өзіңіз де ұлы тұлғаға айналасыз.

– Сыйлықтың ауқымын арттырып, жеңімпаздар санын көбейту ойда бар ма?

– Бұл сұрақты жоба басталғаннан бері қойып келеді. Әдебиетші достарымыздың көбі әңгімелер жинағы, пьесалар, өлеңдер жинағы бойынша номинациялар қоссаңыздар деп сұрады. Әрине, бұл жанрлардың да оқырмандары көп. Бірақ бұл жыл сайын берілетін сыйлық екенін, «Өнер меценатының» мүмкіндігі шексіз емес екенін ескеру керек. Сыйлықтың әлеуеті ондаған жылдар көлемінде дамиды. Біздің түсінігімізде ол бүкіл әлемді қамтуы керек. Қазақстанда бюджетке қол жаймай-ақ, осындай сыйлықтар тағайындайтын ауқатты адамдар мен ұйымдар бар екеніне сенімдімін. Әр жанр бойынша сыйлық тағайындауды құптаймыз. Біздің стратегиялық мақсаттарымыздың бірі – ірі бизнестің назарын ұлттық мәдениетке бұру.

– Өз шығармашылығын кеңінен танытып, табысқа жеткісі келген жас авторларға қандай баспаханалармен, алаңдармен жұмыс істеуге кеңес беретін едіңіз?

– Қазір ондай алаңдар көп негізі. «Ридеро», «ЛитРес» сияқты алаңдар бар. Бәрінен бұрын біз автор әдеби мектептен өтуі керек деп ойлаймыз. Біздің өзімізде ғана алтыдан астам сондай мектеп бар. Ресейде тіптен көп. Жазушылар одағы бірнеше жоба әзірлеген. Соның бәрінен өту қажет. Оның үстіне ағылшын тілінде кәсіпби романистерге арналған көп әдебиет бар. Бірақ ұлы жазушылар айтқандай, ең үлкен тәлімгер өмірдің өзі. Мен жас әдебиетшілерге өмірдің ортасына қорықпай бойлап, бизнесте де жұмыс істеп көруден, ғашық болудан, тосын оқиғалардан қорықпауға кеңес берер едім. Өмірді өз бойынан өткізіп, санаға сіңіріп, өзін де іздеп, отанын да іштен танып барып кірісу қажет деп ойлаймын. Нағыз жазушы осылай бірдіндеп шыңдалады. Жазушылық шеберлік пен оқырманға айтар месседждің арасында үлкен айырмашылық бар. Яғни, оқырманның уақытын алуға тұратын месседж айтасыз ба, мәселе сонда.

– Әдеби аударма деген өз алдына бір өнер ғой. Бұл сала біздің елде қалай дамып жатыр? Әдеби аудармашылар тапшылығын сезініп жүрсіздер ме? Тапшылық бар болса, оны қалай толтыру керек деп ойлайсыз?

– Бұл мәселе өте маңызды, дау жоқ. Алматы ашық әдебиет мектебі ұйымындағы достарымыздың еңбегін ерекше атар едім. Олар бұл істі мықтап қолға алды. Әдеби аудармашыларға арнап шеберлік сағаттарын ұйымдастырып жүр. Қарапайым аудармашыларды баулуда. Қазір Қазақстанда ағылшын тілінен, басқа да тілдерден тікелей қазақшаға аударатын мамандар пайда болды. Бұл үлкен істің басы ғана. Әлі де істейтін жұмыс көп. Әдеби аудармашылардың жеке конкурсы қажет шығар.

– Автор өз шығармасын ағылшын тіліне аудартқысы келеді дейік. Кімге жүгінуі керек?

– Көп қой. Жаңағы Алматы ашық әдебиет мектебіне де жүгініп, бірнеше аудармашының байланыс деректерін алуға болады. Бірақ бұл ақылы жұмыс екенін түсіну керек. Ал түпнұсқа туындыңыз Қазақстанда елеулі табысқа жетсе әңгіме басқа. Артыңызда бір айдың ішінде кітабыңызды талап әкеткен 100 мыңдаған оқырман тұрса, шетелдік баспаханалар өздері-ақ хабарласа бастайды. Тіпті кезекке тұрып, аударма шығынын өздері көтеріп әкетуі мүмкін. Бұл енді ұлылардың жолы. Біз үнемі осылай болу керектігін айтып жүрміз және өзіміздің авторларға сенеміз. Әдебиетшілер де шахматшыларымыз бен кинематографтардың, музыканттардың жетістігін қайталағанын күтіп жүрміз. Қазақстан халқы әлемдік деңгейдегі заманауи төл туындыны сүйіншілеп оқуға баяғыдан лайық.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрліктеріне, «Отандастар» қоры мен «Amanat» партиясына қолдаулары үшін алғыс айтқым келеді. Алғашқы маусымда да, осы маусымда да үлкен қолдау көрсетіп жатыр. Ақпараттық және ұйымдастыру жағынан көрсеткен көмектерінің арқасында жобамыз халықтық деңгейге шығатынына сеніп отырмыз. Қазіргі міндетіміз – жер шарындағы әрбір қаззаққа үнімізді жеткізу. Біз өз халқымыздың дарынына, зиялы қауымның қабілетіне, мәдениетімізге сенеміз.

– Сұхбатқа уақыт бөлгеніңіз үшін рахмет.

Қатысушылар үшін сілтеме: https://mecenatkz.com/?KAZ

Photo: ult.kz

Мақала

Президент сұхбаты талқыланды

Published

on

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген көлемді сұхбатында былтыр атқарылған істер мен алдағы жоспарлар жайлы айтқан. Зорлық зомбылық жасағандарға жазаның күшейетінін мәлімдеп, атом электр станциясын салу мәселесіне кезекті рет тоқталған.
Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен 2023 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып және бұл жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болғанын айтқан. Былтыр Конституциялық сот жұмысын бастады. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын жаңа ереже бойынша сайлап, аудан қала әкімдерін таңдадық. Ұлттық қордан балаларға қаржы бөлінетін болды. Экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстары мықтап қолға алынды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табатынын айтылды. Әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер біртіндеп шешіле бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «жайлы мектептер» бой көтеруде. Ауылдарда денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға кешенді түрде қол¬дау көрсету үшін Әлеуметтік кодекс қабылданды. Зиянды еңбек жағ¬дайында жұмыс істейтін азамат¬тар үшін арнайы төлемақы енгі¬зіл¬ді. Табиғатты қорғауға жауапты ме¬ке-мелердің қызметкерлеріне олар¬дың өмірі мен денсаулығына төне¬тін қауіп-қатерге қатысты үстеме¬ақы төленетін болды. Медицина қыз¬мет¬керлерінің, мектепте, колледж¬де және балабақшада жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы өсті. Ұлттық қордан балаларға қаржы беру мәселесін реттейтін заң күшіне енді. Негізгі экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде инфляция деңгейін ескере отырып ең төменгі жалақыны анықтайтын әдістеме қабылданғаны айтылды.
Бұл жұмыстардың бәрі халық мүддесі үшін жасалып жатқанын және
осы жұмыстың бәрі 2024 жылы да жалғасын табатыны айтылды. Біз тиянақты және жоспарлы әрекет жасаймыз, мақсатқа жету үшін үздіксіз алға ұмтыламыз. Бұл – айрықша маңызды жыл болмақ екеніне аса мән берілген.
Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенеміз, уақытылы қабылданған мақсат екені сөзсіз.
Ең бастысы, халқымыз аман, еліміз тыныш болсын! Қазақстанымыз өсіп-өркендей берсін!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
https://farabi.university
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары:
М.Ш. Тойғанбекова, Г.М. Мужигова, С.Р. Нұртілеуова

Continue Reading

Мақала

Ұлттың ұлы жиынына айналған Дүниежүзі қазақтарының бес құрылтайы (1992ж. -2017жж.)

Published

on

Дүниежүзі қазақтарының басын қосқан тұңғыш құрылтайдың шақырылған кезінен бесінші құрылтайдың арасын уақыт өлшемімен cанасақ 25 жылдың жүзі болады екен. Төрткүл дүниеге тараған қандастарымыздың бірінші құрылтайға жиналған кезінде олардың кіндік қаны тамған атамекені жайлы, ата-баба жеріне оралу туралы қуаныш пен күдікке толы ойларымен, V-ші құрылтайдағы өзгерістерді салыстырып көрсек, өткен 25 жыл уақыт – бірнеше ғасырлық уақытқа тұратындай өзгерістерге ұйтқы болған мерзім екенін байқауға болады.
Бірінші әлем қазақтарының құрылтайы ерекше жағдайда тәуелсіздік туын желбірегеніне бір-ақ жыл толып, жас мемлекетіміз тұсауын кескен сәби тәрізді аяғынан тәй-тәй басқан уақытта шақырылды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін ұлт үшін жасалған игі істердің бірі әлемге шашыраған қазақтың басын Атамекенде қосты. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 27 тамыз 1992 жылғы № 709 қаулысымен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына дайындық жүргізу мен оны өткізу туралы нақты жұмыстар қолға алынды.
Әлем қазақтарының бірінші құрылтайын өткізу мақсатында жасақталған ұйымдастыру комитетінің Төрағасы болып сол кездегі премьер-министрдің орынбасары Мырзатай Жолдасбеков, Төрағаның орынбасары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, Қалдарбек Найманбаев және тағы бір төрағаның орынбасары Алтынбек Сәрсенбаев болды. Ұйымдастыру комитеті әлемнің отыздан астам елінде тұратын отандастарымызға хат жолдап, ата-баба үрдісімен күллі дүниедегі қазақтардың басын біріктірген тұңғыш құрылтайға шақырды. Алматы қаласында 1992 жылы (28 қыркүйек – 3 қазан) өткен Құрылтайға Түркия, Германия, Швеция, Норвегия, Франция, Монғолия, Ресей, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан тағы басқа алыс және таяу шет мемлекеттерден яғни, 33 елден, сонымен қатар 800-дей Қазақстан облыстарынан келген өкілдер қатысты.
Тұңғыш құрылтай шетелдегі сан миллион қазақтардың атажұртқа деген ынта-ықыласын барынша арттыра түсті. Құрылтайда әлемге тарыдай шашылған қандастарымыздың бас қосуы, қазақ елінің шынайы тәуелсіздікке қол жеткізуінің айқын көрінісі болды.
Кеңестік кезеңде тарихи отанынан тыс жерде жүрген бауырларымыздың басын қосып, ұлттық мүдде, елдік бірлік төңірегінде табысу-үлкен арман болғаны баршамызға аян. Әлемдегі күллі қазақтың басын біріктіріп, өткізген осындай жиын біздің елімізде бұрын-соңды болмады. Қазақтар көз жазып қалған ағайындарымен қауышты, ағасы-інісін, інісі-ағасын тауып, көкейдегі армандарын айтты. Құрылтайға алыс-жақын шетелдегі қазақ диаспорасына байланысты көптеген өзекті мәселелер қаралды. Шетелдегі ағайындарға мәдени-рухани жағынан қолдау көрсетудің бағыт-бағдары мен міндеттері айқындалды.
«Қазақтар:кеше, бүгін және ертең» атты тақырыпта өткен құрылтайдың ғылыми конференциясында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру және оның жарғысын және басшы органдарын сайлау мәселелері талқыланды.Құрылтайдың соңғы күні Алматы облысының Дегерес жайлауындағы ұлы дүбір тоймен тарады. Бұл құбылыс Тәуелсіздік тарихына ұлт ұйысқан ұлы сәт және елдіктің ең алғашқы тойы болып жазылды.Барлық шеттегі қандастарымыз осындай жиын соңғы болып қалмай, жалғасын тауып, елге келетін қандастарымыздың ұлы көшіне жол салса деген тілектерін білдірді. Атажұртта шақырылған алғашқы құрылтайға келген қандастарымыз өздерінің көкейінде жүрген қуаныштарымен бөлісіп, пікірлерін білдірді. Алғаш шақырылған құрылтайда қазақ ұлтының өзекті мәселелерімен айналысатын Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды.
Ал 2002 жылдың 23-24 қазанда Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы Түркістан қаласында өтті. Құрылтайға əлемнің 33 елінен 470 адам келді. Екінші Құрылтай Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің он жылдығымен қатар келгендіктен жында еліміздің қол жеткен табыстары қамтылды. Құрылтайда жалпы қазақ халқының алдағы уақыттағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани, оқу-білім саласындағы өсіп-өркендеуі жөніндегі маңызды мәселелер қозғалды. Құрылтай əлем қазақтарының алдында тұрған міндеттердің аса күрделі екенін айрықша сезіне отырып, қандастарымыз өмір сүріп жатқан сырт елдермен өркениетті келісімдер негізінде қазақ ұлтымыздың қалыптасу жолын жалғастыра беру, бауырластарымыздың ұлттық-мəдени тұрғыдан жан-жақты дамуына күнделікті қолдау жасау мәселелері қарастырды.
Қазақ елі тарихындағы Алматыдан кейінгі жаңа елордамыз – Астана қаласы, республикамыздың ортасында бой көтеруі ынтымақ-бірлігімізді арттырып, ұлттық рухымызды асқақтаты. Жаңа Елордада 2005 жылы 28-қыркүйек пен 2-қазан айларының аралығында өткен әлем қазақтарының үшінші Құрылтайында əлемнің 32 елінен 312 қандастарымыз келді. Үшінші құрылтайдың ерекшелігі іскерлік бағытта өткізілді. Құрылтайда: мәдениет, оқу-білім, бұқаралық ақпарат құралдары және көші-қон мәселелерін қарастырған төрт секциялық мәжілістер өткізіліп, шетелдегі қазақтармен байланыс жасаудың өзекті мәселелері талқыланды.
Ал 2011 жылы 25-27 мамырда Астанада өткен төртінші Құрылтайға 35 шет елден 380 делегат, Қазақстанның әр аймағынан 300-ден астам адам қатысты. ІV құрылтайдың делегаттарының 60%-ы жастар болды. Құрылтайда қаралған өзекті мәселелерге қандастарымызға қолдау көрсетіп, қамқорлық жасаудың нақты жолдарын айқындау, көші – қон туралы заң жобасының қайта қаралуы, «Нұрлы көш» бағдарламасының 2-ші кезеңінің жобасын жоспарлап қолға алу және т.б. мәселелер қаралды.
2017 жылдың маусымның 22-25 күндері Астанада өткен әлем қазақтарының V- ші Құрылтайына 39 шетелдерден 350 адам, барлығы 750 делегат пен қонақ қатысты. Құрылтайда шетел қазақтарының Қазақстанмен байланыс жасаудың өзекті мәселелері негізінде әртүрлі тақырыптар бойынша дөңгелек үстелде талқыланды. Дөңгелек үстелде: шетелдегі ағайындармен мәдени-рухани байланыс, көші-қон, шетелдегі қазақ жастарының елімізде білім алуы, бизнес, кәсіпкерлік және тағы басқа мәселелер қаралды. Қандастарымызға сапалы білім беруде мемлекет тарапынан қолдау көрсету және шетелдегі қазақтардың атамекенге мүмкіндігінше көбірек оралуына жағдай туғызуды басты назарға алу мәселесі қойылды.
Атамекенде шақырылған Дүниежүзі қазақтарының бес Құрылтайының қазақ халқы үшін орны ерекше, өйткені еліміз қазақсыз көркейіп, болашақта қадымдап қадам жасай алмайды. Қазақ елінде шақырылған әрбір Құрылтайлардың тарихи маңызы ерекше болып табылады.
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы шетелдердегі қандастарымыздың кездесуі мен араласуының аса зор тетігіне айналып отыр. Азаттықтың елең-алаңындағы күрделі кезеңіне қарамастан республикамызда шақырылған алғашқы құрылтай шетелдердегі қандастарымыздың республика аумағына өз еркімен көшіп келуіне үлкен себепші болды. Ат қазығын байлар атамекенге тәуелсіздіктің алғашқы үш онжылдығында ел халқының саны 1 миллионнан астам қандасымызбен толықты. Шетелдегі этникалық қазақтардың атамекенге оралуы Қазақ елінде негізгі ұлт санының артуына ықпал етті. Олардың үлес салмағы өсті, яғни бүгінгі күні халықтың мәдени сабақтастығын қалпына келуіне, туған тілдің, дәстүрдің, салттың, халықтық өнердің молаюына, мемлекеттік тілдің әсіресе, солтүстік-шығыс өңірлерде таралуына септігі мол болды. Қандастарымыздың атамекенге оралуы республиканың демографиялық жағдайын ғана жақсартып қоймай сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық және ғылым мен мәдениеттің, әдебиет пен өнердің дамуына да өзіндік үлестерін қосып келеді.
Бүгінде әлемнің қырыққа жуық шет елдерінде тұратын қазақ диаспорасының өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешуде көптеген іс – шаралар атқарылуда.Қандастарымызға сапалы білім беруде мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, шетелдегі қазақтардың атамекенге мүмкіндігінше көбірек оралуына жағдай жасалуда.
1992 жылы шақырылған Ұлттың ұлы жиынына айналған тұңғыш Құрылтадан кейінгі 25 жылда әлем қазақтарының басын қосқан бес Құрылтайы өтті. Атамекенде шақырылған әр құрылтайдың қазақ халқы үшін орны ерекше. Өйткені Қазақ елі қазақсыз көркейе алмайды, келешекке қарыштап қадам жасай алмайды. Міне, сондықтан Қазақ елінде шақырылған құрылтайлардың жөні де, мәні де ерекше.
Бірінші құрылтай ата- бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жетіп, «Тәуелсіз мемлекет» атануы арқылы этникалық қазақ көшіне жол ашты. Қазақ елінің дүниежүзілік қауымдастықта өзіндік орны мен айтар сөзі бар, әлемдік саясатта өзгелер санасатын салмағы, бүкіл адамзаттың бірлігі мен бейбітшілігі үшін алға қойған асқақ арманы бар ел ретінде мойындалып, Мәңгілік Ел болудың берік іргетасын қалады.

Тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа бетін ашқан Қазақ елінде шақырылған Ұлттың ұлы жиынына арналған әлем қазақтарының бес Құрылтайының қазақ халқы үшін тарихи маңызы зор. Өйткені еліміз қазақ ұлтымен көркейіп, болашаққа нық қадам жасай алады. Ұлттың ұлы жиынына айналған бұл құрылтайлар – қазақ халқының жаңа мыңжылдыққа біртұтас жасаған ұлт ретінде нық қадам басқанның белгісі болды.

Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің
Профессорлары https://farabi.university
Гүлнар Қозғамбаева, Нәзия Тасилова,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің аға
оқытушылары Меруерт Ибрагимова, Сандуғаш Нұртілеуова

Cурет: Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайына жиналған делегаттар.
(Г. Қозғамбаева. Н. Тасилованың «Қазақ әдебиеті» газетінен алынды.
https://kazgazeta.kz/news/60984 )

Continue Reading

Мақала

Колледждегі қысқы сессия

Published

on

Бүгін 25.12.2023 жылы әл – Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university/, колледжінде күзгі сессия басталды. ПОК- 207 тобының білім алушылары философия пәнінен емтихан тапсырды. Білім алушылар емтиханға үлкен дайындықпен келген. Олар пәнді меңгеру кезінде, философияның мақсаты- адамның күнделікті түсініктерден дүние жайлы, ақиқат білімдерге бастап, ең жоғарғы құндылықтарға жету жолын көрсету, табиғат құбылыстарының барлық нақты мазмұнын танып білу, қоғамдық құбылыстардың нақты-тарихи маңызын түсіндірудің не екенін және “Философияны оқу бізге не береді?” деген сұраққа жауап таба білді. И. Канттың өз сөзінде: “адамға адам болып қалу!”- деген болатын. Қандай жағдайда болмасын философия адамға адам болып өмір сүруді үйретеді.
Білім алушылар емтиханнан сүрінбей өтті.

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ
колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Әсембаева Алтын Шакержанқызы,
Физика пәнінің оқытушысы
Мадиярова Чинтай Атыканқызы,
Тарих пәнінің оқытушысы
Аппақова Мадина Несіпбекқызы,
Философия пәнінің оқытушысы
Жумаева Жазира Халметқызы

Continue Reading

Мақала

Колледж тынысы

Published

on

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім – тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау мақсатында өскелең ұрпақтың білімі әлеуметтік – мәдениетке сәйкес болуы қажет. Кәсіби бағдарға сәйкес мамандық таңдау барысында әл – Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university/, колледжіне келіп оқып жатқан 1- курс білім алушыларымыз алғашқы оқу жылының жартысын тәмамдап, қысқы сессияны да тапсыратын кезге жетіп қалды. Биылғы оқу жылында колледжде білім гранттарын жеңіп алған білім алушыларымыздың аяқ алысы да қуантарлық. Олар колледжде білім алумен бірге өнерлерін де ұштап жатқан жайы бар. Атап айтсақ бағдарламашы тобында оқитын Абылхан Әлихан домбыраның құлағында ойнаса, құқықтану бөлімінде оқитын Ислам Әнелдің сызылтып ән салатын өнері бар екен. Ал аудармашы тобының білім алушысы Естай ұлы Ерсұлтан концертті жүргізіп қана қоймай, мәнерлеп оқудың шебері екеніне көзіміз жетті. Негізгі айтатын ой білім алушылардың кәсіби білім алуға бейімделуі дегеніміз оларды мамандыққа жаңа жағдайда бейімдеу. Жастардың колледжге келгендегі алғашқы әсерлері, олардың негізгі мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және өзі таңдап келген мамандығына қызығушылығын арттыру үшін білім беретін оқытушылар құрамы да талапқа сай. Қорыта айтқанда біздің колледжде білім алған жастардың келешекте жақсы маман болып шығатынына сенім мол.

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ
колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Әсембаева Алтын Шакержанқызы,
Физика пәнінің оқытушысы
Мадиярова Чинтай Атыканқызы,
Философия пәнінің оқытушысы
Жумаева Жазира Халметқызы

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек5 months ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек7 months ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек8 months ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек12 months ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек1 year ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек1 year ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек1 year ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек1 year ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда