Мақала
Жаңа Қазақстан: 19 наурыздағы сайлау қазақ қоғамын қайда жетелейді?
Published
2 years agoon
Қазақстанның бүгінгі күн тәртібін яғни, 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын, өз алдына дербес саяси компаниядан бұрын, мақсаты мен миссиясы тұрғысынан Қазақстан билігінің кешенді әрі жүйелі түрде жүсеге асырып келе жатқан жаңа сападағы түбегейлі һәм бір тұтас реформаларының құрамдас бір бөлігі, жүзеге асу тұрғысынан «тәмамдаушы» циклі әрі мемлекеттің заң шығарушы саяси құрылымын жаңалай отырып, оны жаңа сапаға көтеруге, оны барынша кешенді түрде модернизациялауға бағытталған ұмтылысы ретінде бағалау орынды болмақ. Сөзімізді қуаттау үшін, Қазақстанда бұған дейін электоралды науқан ретінде 2022 жылдың 5 маусымында Республикалық референдумның, 2022 жылдың 20 қарашасында ҚР-ның кезектен тыс Президент сайлауының, 2023 жылдың 14 қаңтарында Парламентің жоғарғы палатасы – Сенат депутаттарының сайлауы өткенін айта кеткеніміз жөн.
Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауының ерекшелігі мен маңызы
Біздіңше, алдағы сайлаудың бұған дейінгі науқандардан басты ерекшелігі – оңтайландырылған шарттарында, азаматтық қоғамның сыни пікірлеріне ашықтығында және сайлау додасына түсуге талап білдірген үмтікерлер үшін қолжетімді болуында. Мысалы, жаңа шаттар бойынша осы сайлауда Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім бойынша, 30 пайызы бір мандатты округтер бойынша сайланса, партиялардың Мәжіліске өтудегі шекті кедергісі 5 пайыз болып бектілген (бұған дейін 7 пайыз болатын), ал жаңа саяси патияны тіркеу үшін мүше санының ең кемі 5 мың болуы жеткілікті болып есептеледі. Айта кетуіміз керек, бұған дейін жаңа партияны тіркеу үшін жалпы мүше санының 20 000, аймақ өкілдіктерінің саны 600 болуы шарт болатын. Жаңа шарттар бойынша аталған талап едәуір жеңілдетіліп, тіркеу шегі 4 есеге, өкілдіктердің шегі 3 есеге қысқартылған. Өз кезегінде аталған сапалы жаңа шарттар Қазақстанның саяси аренасына экологиялық мәселелерді мұрат тұтқан «Байтақ» пен кәсіпкерлік салаға басымдық беретін Respublica атты екі жаңа партияның шығуына негіз болып, саяси пікір мен бағыт алуандығын қамтамасыз етті.
Ал облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына депутттар аралас жүйе (50/50) бойынша сайланса, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарындағы сайлауда қазақстандықтар тек бір мандатты округтердегі кандидаттарға ғана дауыс береді. Сонымен қатар, алдағы сайлауда бұған дейінгі сайлаулардағы кемшін тұстар ескеріле отырып, партия тізіміндегі 30 пайыздық жастар және әйелдермен қатар, мүгедек жандарға да арнайы квота қарастырлғанын және мандат тапсыруда квота шаттарының қатаң сақталатынын айта кетуіміз керек.
Орталық сайлау орталығының мәліметіне сәйкес, 19 наурызда өтетін сайлау додасында AMANAT, Ақ жол, Ауыл, Қазақстан халық партиясы, Respublica, ЖСДП және Байтақ патиялары бақ сынайды. Парламент мәжілісіндегі 98 орынға 892 үміткер таласады, олардың ішінде барлық партиялардан мәжіліс депутттығына 281 үміткер, ал бір мандатты сайлау округтерінен 609 үміткер қатысады, партиялардың тұтастай тізімі бойынша жастар, әйелдер және мүгедек жандар бойынша квота 38.1 пайызды құрайды. Ал, барлық деңгейдегі 223 мәслихатағы 3415 мандат үшін жалпы саны 13 315 үміткер таласады. Үміткерлердің орташа жасы 45,4 болса, 29 жасқа дейінгі үміткелердің саны 19, әйел үміткердің саны 80 (28,5 пайыз), ер үміткердің саны 201. Партиялық тізім бойынша сайлауға 12 ұлт өкілдері қатысады.
Сайлау науқанын ерекше айқындайтын тағы бір жәйт, ол – партиялық тізімнен бөлек, тіркеуден өткен тәуелсіз үміткерлердің саны (525 үміткер) мен саяси ұстанымдарының әралуандығында. Мысалы, тәуелсіз үміткерлердің арасында бұған дейін тіркеуден өтпеген саяси партия мен қозғалыс өкілдерінің, оппозициялық ұстанымдағы қоғам қайраткелері мен белсенділердің мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткер ретінде қатысып жатқанын атап өтуіміз керек.
Сондай-ақ, сайлау команиясының барысы (әзірге сыни пікірлер техникалық мазмұнда болса да) мен жекелеген партиялар мен тәуелсіз үміткерлерге қатысты сыни пікірлердің әртүрлі медиа плафтормалар мен әлеуметтік желілерде ашық әрі еркін түрде көтеріліп жатқанын да қаперге сала кеткеніміз жөн. Сыни пікірлердің (жекелеген партияларға қатысты) көтерілуі моралдық тұрғыдан заңды да… Біздіңше, мұның түп-төркіні мен басты себебі – шартты түрдегі «Ескі Қазақстан» кезеңіндегі әртүрлі саяси үдеріс барысында орын алған алған бұрмалаушылық пен әртүрлі манипуляцияның салдарынан туындап отыр. Пайымдауымызша, азаматтық қоғам да, билік те мұның парқында…
Осы ракустан бағалар болсақ, сайлау додасына 7 партиямен қатар, ондаған қоғам белсенділері мен жастардың қатысып, үгіт-насихат жұмыстары мен дебаттарды белсенді түрде жүргізуі – ең алдымен Қазақстан билігінің саясат аренасына «Ескі Қазақстан» кезеңінде «көлеңкеде» қалып қойған, перспективті жаңа тұлғаларды алып келумен қатар пікір алуандығын қамтамасыз етіп, оның инклюзивті және репрезентивті келбетін қалыптастыруға деген ұмтылысын һәм «Ескі Қазақстан» кезеңінінің қателерін сараптай отырып, сайлаушылар мен азаматтардың құзырындағы шынайылығын айқындайды. Қала берді, бұл– өркениетті сайлау дәстүрінің мызғымас пастулатты да…
Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы Қазақстанның саяси тұғырына қандай оң өзгеріс алып келуі мүмкін?
Қазақстан билігінің жоғарыда айтып өткен жігері мен сайлау додасында партиялардың атынан немесе дебес түрде түсіп жатқан үміткерлерге қатысты мәліметтерді саралай отырып мынадай болжам жасауға болады:
– Сайлау үдерісінің қорытындысы бойынша жасақталатын жаңа Парламент (Мәжіліс) жаңа саяси партиялармен (Байтақ пен Rescpublica), жаңа көзқарастағы жаңа буын өкілдерімен, сәйкесінше жаңа әрі тың идеялармен толығады;
– Парламентте (Мәжіліс) саяси партиялардың көбеюуі, бірінші кезекте қоғамның барлық қабаттарын қамтитын саяси пікір мен ұстаным алуандығын қамтамасыз ете отырып, сапалы заң өнідірісін қамтамасыз етеді.
– Партиялар арасындағы жаңа сападағы бәсекелестік тұрақты демократиялық құндылықтар мен азаматтық қоғамның жаңа сапада қалыптасуына оң ықпал етеді.
– Аталған оң өзгерістер бір жағынан мемлекеттік саясат пен басқаруда сапаның артуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан шартты түрде «Ескі Қазақстан» кезеңінде тұралап қалған азаматтар мен билік арасынадғы өзара сенімділік, коммуникацияның деңгейін жаңа сапада жаңғыртады, көтереді.
– Ықтималдылығы жоғары оң тенденциялар өз кезегінде алдағы саяси үдерісте (шартты түрде «Ескі Қазасқтанда» қалыптасқан) билік тармақтары мен құзіретті уәкілдіктердің демократиялық құндылықтарға қайшы формада (мұрагерлік, кландық-туыстық, жеке бас мүддесінен туындайтын қатынастар арқылы т.б.) өтуіне тоқтау сала отырып, жаңа сападағы саяси дәстүрдің қалыптасуына негіз болады.
Қорыта айтқанда, «Қаңтар оқиғасы» қазақ қоғамның да биіліктің де ойлау жүйесі мен дағдысын түбегейлі өзгертті. Ендігінде, билік те, азаматтық қоғам да бірін-бірі толықтыратын, барлық саладағы тұғыры мығым да бекем бір тұтас жүйе ретінде жаңа сапаға көтерілгенде ғана, мемлекет ретінде, ұлт ретінде жаһанды шарпып тұрған «алмағайып жағдай», «пост-шындық» (post-truth) пен «гибридті соғыс» (hybrid warfare) шарттарының қатерлеріне төтеп бере алатынын айқын түсінуде. Ал Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы – жаңа сапаға, яғни, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына жетелейтін жаңа белес болып табылады.
Нұрғали Жүсіпбай
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген көлемді сұхбатында былтыр атқарылған істер мен алдағы жоспарлар жайлы айтқан. Зорлық зомбылық жасағандарға жазаның күшейетінін мәлімдеп, атом электр станциясын салу мәселесіне кезекті рет тоқталған.
Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен 2023 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып және бұл жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болғанын айтқан. Былтыр Конституциялық сот жұмысын бастады. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын жаңа ереже бойынша сайлап, аудан қала әкімдерін таңдадық. Ұлттық қордан балаларға қаржы бөлінетін болды. Экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстары мықтап қолға алынды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табатынын айтылды. Әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер біртіндеп шешіле бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «жайлы мектептер» бой көтеруде. Ауылдарда денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға кешенді түрде қол¬дау көрсету үшін Әлеуметтік кодекс қабылданды. Зиянды еңбек жағ¬дайында жұмыс істейтін азамат¬тар үшін арнайы төлемақы енгі¬зіл¬ді. Табиғатты қорғауға жауапты ме¬ке-мелердің қызметкерлеріне олар¬дың өмірі мен денсаулығына төне¬тін қауіп-қатерге қатысты үстеме¬ақы төленетін болды. Медицина қыз¬мет¬керлерінің, мектепте, колледж¬де және балабақшада жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы өсті. Ұлттық қордан балаларға қаржы беру мәселесін реттейтін заң күшіне енді. Негізгі экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде инфляция деңгейін ескере отырып ең төменгі жалақыны анықтайтын әдістеме қабылданғаны айтылды.
Бұл жұмыстардың бәрі халық мүддесі үшін жасалып жатқанын және
осы жұмыстың бәрі 2024 жылы да жалғасын табатыны айтылды. Біз тиянақты және жоспарлы әрекет жасаймыз, мақсатқа жету үшін үздіксіз алға ұмтыламыз. Бұл – айрықша маңызды жыл болмақ екеніне аса мән берілген.
Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенеміз, уақытылы қабылданған мақсат екені сөзсіз.
Ең бастысы, халқымыз аман, еліміз тыныш болсын! Қазақстанымыз өсіп-өркендей берсін!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
https://farabi.university
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары:
М.Ш. Тойғанбекова, Г.М. Мужигова, С.Р. Нұртілеуова
Мақала
Ұлттың ұлы жиынына айналған Дүниежүзі қазақтарының бес құрылтайы (1992ж. -2017жж.)
Published
11 months agoon
January 9, 2024Дүниежүзі қазақтарының басын қосқан тұңғыш құрылтайдың шақырылған кезінен бесінші құрылтайдың арасын уақыт өлшемімен cанасақ 25 жылдың жүзі болады екен. Төрткүл дүниеге тараған қандастарымыздың бірінші құрылтайға жиналған кезінде олардың кіндік қаны тамған атамекені жайлы, ата-баба жеріне оралу туралы қуаныш пен күдікке толы ойларымен, V-ші құрылтайдағы өзгерістерді салыстырып көрсек, өткен 25 жыл уақыт – бірнеше ғасырлық уақытқа тұратындай өзгерістерге ұйтқы болған мерзім екенін байқауға болады.
Бірінші әлем қазақтарының құрылтайы ерекше жағдайда тәуелсіздік туын желбірегеніне бір-ақ жыл толып, жас мемлекетіміз тұсауын кескен сәби тәрізді аяғынан тәй-тәй басқан уақытта шақырылды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін ұлт үшін жасалған игі істердің бірі әлемге шашыраған қазақтың басын Атамекенде қосты. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 27 тамыз 1992 жылғы № 709 қаулысымен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына дайындық жүргізу мен оны өткізу туралы нақты жұмыстар қолға алынды.
Әлем қазақтарының бірінші құрылтайын өткізу мақсатында жасақталған ұйымдастыру комитетінің Төрағасы болып сол кездегі премьер-министрдің орынбасары Мырзатай Жолдасбеков, Төрағаның орынбасары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, Қалдарбек Найманбаев және тағы бір төрағаның орынбасары Алтынбек Сәрсенбаев болды. Ұйымдастыру комитеті әлемнің отыздан астам елінде тұратын отандастарымызға хат жолдап, ата-баба үрдісімен күллі дүниедегі қазақтардың басын біріктірген тұңғыш құрылтайға шақырды. Алматы қаласында 1992 жылы (28 қыркүйек – 3 қазан) өткен Құрылтайға Түркия, Германия, Швеция, Норвегия, Франция, Монғолия, Ресей, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан тағы басқа алыс және таяу шет мемлекеттерден яғни, 33 елден, сонымен қатар 800-дей Қазақстан облыстарынан келген өкілдер қатысты.
Тұңғыш құрылтай шетелдегі сан миллион қазақтардың атажұртқа деген ынта-ықыласын барынша арттыра түсті. Құрылтайда әлемге тарыдай шашылған қандастарымыздың бас қосуы, қазақ елінің шынайы тәуелсіздікке қол жеткізуінің айқын көрінісі болды.
Кеңестік кезеңде тарихи отанынан тыс жерде жүрген бауырларымыздың басын қосып, ұлттық мүдде, елдік бірлік төңірегінде табысу-үлкен арман болғаны баршамызға аян. Әлемдегі күллі қазақтың басын біріктіріп, өткізген осындай жиын біздің елімізде бұрын-соңды болмады. Қазақтар көз жазып қалған ағайындарымен қауышты, ағасы-інісін, інісі-ағасын тауып, көкейдегі армандарын айтты. Құрылтайға алыс-жақын шетелдегі қазақ диаспорасына байланысты көптеген өзекті мәселелер қаралды. Шетелдегі ағайындарға мәдени-рухани жағынан қолдау көрсетудің бағыт-бағдары мен міндеттері айқындалды.
«Қазақтар:кеше, бүгін және ертең» атты тақырыпта өткен құрылтайдың ғылыми конференциясында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру және оның жарғысын және басшы органдарын сайлау мәселелері талқыланды.Құрылтайдың соңғы күні Алматы облысының Дегерес жайлауындағы ұлы дүбір тоймен тарады. Бұл құбылыс Тәуелсіздік тарихына ұлт ұйысқан ұлы сәт және елдіктің ең алғашқы тойы болып жазылды.Барлық шеттегі қандастарымыз осындай жиын соңғы болып қалмай, жалғасын тауып, елге келетін қандастарымыздың ұлы көшіне жол салса деген тілектерін білдірді. Атажұртта шақырылған алғашқы құрылтайға келген қандастарымыз өздерінің көкейінде жүрген қуаныштарымен бөлісіп, пікірлерін білдірді. Алғаш шақырылған құрылтайда қазақ ұлтының өзекті мәселелерімен айналысатын Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды.
Ал 2002 жылдың 23-24 қазанда Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы Түркістан қаласында өтті. Құрылтайға əлемнің 33 елінен 470 адам келді. Екінші Құрылтай Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің он жылдығымен қатар келгендіктен жында еліміздің қол жеткен табыстары қамтылды. Құрылтайда жалпы қазақ халқының алдағы уақыттағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани, оқу-білім саласындағы өсіп-өркендеуі жөніндегі маңызды мәселелер қозғалды. Құрылтай əлем қазақтарының алдында тұрған міндеттердің аса күрделі екенін айрықша сезіне отырып, қандастарымыз өмір сүріп жатқан сырт елдермен өркениетті келісімдер негізінде қазақ ұлтымыздың қалыптасу жолын жалғастыра беру, бауырластарымыздың ұлттық-мəдени тұрғыдан жан-жақты дамуына күнделікті қолдау жасау мәселелері қарастырды.
Қазақ елі тарихындағы Алматыдан кейінгі жаңа елордамыз – Астана қаласы, республикамыздың ортасында бой көтеруі ынтымақ-бірлігімізді арттырып, ұлттық рухымызды асқақтаты. Жаңа Елордада 2005 жылы 28-қыркүйек пен 2-қазан айларының аралығында өткен әлем қазақтарының үшінші Құрылтайында əлемнің 32 елінен 312 қандастарымыз келді. Үшінші құрылтайдың ерекшелігі іскерлік бағытта өткізілді. Құрылтайда: мәдениет, оқу-білім, бұқаралық ақпарат құралдары және көші-қон мәселелерін қарастырған төрт секциялық мәжілістер өткізіліп, шетелдегі қазақтармен байланыс жасаудың өзекті мәселелері талқыланды.
Ал 2011 жылы 25-27 мамырда Астанада өткен төртінші Құрылтайға 35 шет елден 380 делегат, Қазақстанның әр аймағынан 300-ден астам адам қатысты. ІV құрылтайдың делегаттарының 60%-ы жастар болды. Құрылтайда қаралған өзекті мәселелерге қандастарымызға қолдау көрсетіп, қамқорлық жасаудың нақты жолдарын айқындау, көші – қон туралы заң жобасының қайта қаралуы, «Нұрлы көш» бағдарламасының 2-ші кезеңінің жобасын жоспарлап қолға алу және т.б. мәселелер қаралды.
2017 жылдың маусымның 22-25 күндері Астанада өткен әлем қазақтарының V- ші Құрылтайына 39 шетелдерден 350 адам, барлығы 750 делегат пен қонақ қатысты. Құрылтайда шетел қазақтарының Қазақстанмен байланыс жасаудың өзекті мәселелері негізінде әртүрлі тақырыптар бойынша дөңгелек үстелде талқыланды. Дөңгелек үстелде: шетелдегі ағайындармен мәдени-рухани байланыс, көші-қон, шетелдегі қазақ жастарының елімізде білім алуы, бизнес, кәсіпкерлік және тағы басқа мәселелер қаралды. Қандастарымызға сапалы білім беруде мемлекет тарапынан қолдау көрсету және шетелдегі қазақтардың атамекенге мүмкіндігінше көбірек оралуына жағдай туғызуды басты назарға алу мәселесі қойылды.
Атамекенде шақырылған Дүниежүзі қазақтарының бес Құрылтайының қазақ халқы үшін орны ерекше, өйткені еліміз қазақсыз көркейіп, болашақта қадымдап қадам жасай алмайды. Қазақ елінде шақырылған әрбір Құрылтайлардың тарихи маңызы ерекше болып табылады.
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы шетелдердегі қандастарымыздың кездесуі мен араласуының аса зор тетігіне айналып отыр. Азаттықтың елең-алаңындағы күрделі кезеңіне қарамастан республикамызда шақырылған алғашқы құрылтай шетелдердегі қандастарымыздың республика аумағына өз еркімен көшіп келуіне үлкен себепші болды. Ат қазығын байлар атамекенге тәуелсіздіктің алғашқы үш онжылдығында ел халқының саны 1 миллионнан астам қандасымызбен толықты. Шетелдегі этникалық қазақтардың атамекенге оралуы Қазақ елінде негізгі ұлт санының артуына ықпал етті. Олардың үлес салмағы өсті, яғни бүгінгі күні халықтың мәдени сабақтастығын қалпына келуіне, туған тілдің, дәстүрдің, салттың, халықтық өнердің молаюына, мемлекеттік тілдің әсіресе, солтүстік-шығыс өңірлерде таралуына септігі мол болды. Қандастарымыздың атамекенге оралуы республиканың демографиялық жағдайын ғана жақсартып қоймай сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық және ғылым мен мәдениеттің, әдебиет пен өнердің дамуына да өзіндік үлестерін қосып келеді.
Бүгінде әлемнің қырыққа жуық шет елдерінде тұратын қазақ диаспорасының өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешуде көптеген іс – шаралар атқарылуда.Қандастарымызға сапалы білім беруде мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, шетелдегі қазақтардың атамекенге мүмкіндігінше көбірек оралуына жағдай жасалуда.
1992 жылы шақырылған Ұлттың ұлы жиынына айналған тұңғыш Құрылтадан кейінгі 25 жылда әлем қазақтарының басын қосқан бес Құрылтайы өтті. Атамекенде шақырылған әр құрылтайдың қазақ халқы үшін орны ерекше. Өйткені Қазақ елі қазақсыз көркейе алмайды, келешекке қарыштап қадам жасай алмайды. Міне, сондықтан Қазақ елінде шақырылған құрылтайлардың жөні де, мәні де ерекше.
Бірінші құрылтай ата- бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жетіп, «Тәуелсіз мемлекет» атануы арқылы этникалық қазақ көшіне жол ашты. Қазақ елінің дүниежүзілік қауымдастықта өзіндік орны мен айтар сөзі бар, әлемдік саясатта өзгелер санасатын салмағы, бүкіл адамзаттың бірлігі мен бейбітшілігі үшін алға қойған асқақ арманы бар ел ретінде мойындалып, Мәңгілік Ел болудың берік іргетасын қалады.
Тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа бетін ашқан Қазақ елінде шақырылған Ұлттың ұлы жиынына арналған әлем қазақтарының бес Құрылтайының қазақ халқы үшін тарихи маңызы зор. Өйткені еліміз қазақ ұлтымен көркейіп, болашаққа нық қадам жасай алады. Ұлттың ұлы жиынына айналған бұл құрылтайлар – қазақ халқының жаңа мыңжылдыққа біртұтас жасаған ұлт ретінде нық қадам басқанның белгісі болды.
Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің
Профессорлары https://farabi.university
Гүлнар Қозғамбаева, Нәзия Тасилова,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің аға
оқытушылары Меруерт Ибрагимова, Сандуғаш Нұртілеуова
Cурет: Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайына жиналған делегаттар.
(Г. Қозғамбаева. Н. Тасилованың «Қазақ әдебиеті» газетінен алынды.
https://kazgazeta.kz/news/60984 )
Бүгін 25.12.2023 жылы әл – Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university/, колледжінде күзгі сессия басталды. ПОК- 207 тобының білім алушылары философия пәнінен емтихан тапсырды. Білім алушылар емтиханға үлкен дайындықпен келген. Олар пәнді меңгеру кезінде, философияның мақсаты- адамның күнделікті түсініктерден дүние жайлы, ақиқат білімдерге бастап, ең жоғарғы құндылықтарға жету жолын көрсету, табиғат құбылыстарының барлық нақты мазмұнын танып білу, қоғамдық құбылыстардың нақты-тарихи маңызын түсіндірудің не екенін және “Философияны оқу бізге не береді?” деген сұраққа жауап таба білді. И. Канттың өз сөзінде: “адамға адам болып қалу!”- деген болатын. Қандай жағдайда болмасын философия адамға адам болып өмір сүруді үйретеді.
Білім алушылар емтиханнан сүрінбей өтті.
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ
колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Әсембаева Алтын Шакержанқызы,
Физика пәнінің оқытушысы
Мадиярова Чинтай Атыканқызы,
Тарих пәнінің оқытушысы
Аппақова Мадина Несіпбекқызы,
Философия пәнінің оқытушысы
Жумаева Жазира Халметқызы
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім – тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау мақсатында өскелең ұрпақтың білімі әлеуметтік – мәдениетке сәйкес болуы қажет. Кәсіби бағдарға сәйкес мамандық таңдау барысында әл – Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university/, колледжіне келіп оқып жатқан 1- курс білім алушыларымыз алғашқы оқу жылының жартысын тәмамдап, қысқы сессияны да тапсыратын кезге жетіп қалды. Биылғы оқу жылында колледжде білім гранттарын жеңіп алған білім алушыларымыздың аяқ алысы да қуантарлық. Олар колледжде білім алумен бірге өнерлерін де ұштап жатқан жайы бар. Атап айтсақ бағдарламашы тобында оқитын Абылхан Әлихан домбыраның құлағында ойнаса, құқықтану бөлімінде оқитын Ислам Әнелдің сызылтып ән салатын өнері бар екен. Ал аудармашы тобының білім алушысы Естай ұлы Ерсұлтан концертті жүргізіп қана қоймай, мәнерлеп оқудың шебері екеніне көзіміз жетті. Негізгі айтатын ой білім алушылардың кәсіби білім алуға бейімделуі дегеніміз оларды мамандыққа жаңа жағдайда бейімдеу. Жастардың колледжге келгендегі алғашқы әсерлері, олардың негізгі мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және өзі таңдап келген мамандығына қызығушылығын арттыру үшін білім беретін оқытушылар құрамы да талапқа сай. Қорыта айтқанда біздің колледжде білім алған жастардың келешекте жақсы маман болып шығатынына сенім мол.
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ
колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Әсембаева Алтын Шакержанқызы,
Физика пәнінің оқытушысы
Мадиярова Чинтай Атыканқызы,
Философия пәнінің оқытушысы
Жумаева Жазира Халметқызы
Бізге жазылыңыз
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ
1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді
СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК
Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ
ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді
Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы
Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық
Үш ойғырдың басынан ел көшкенде…
«Жас қазақ» жазғы этно-лагері – бір үйдің баласындай…
Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті
Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек
FIFA World Cup Qatar 2022 | Official Song
KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN
Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді
Сөзге тиек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...
Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....
Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...
Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды
Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...
1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар
06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...
Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...