Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған «Үркер» сыйлығы аясында «ҚазАқпарат» ХАА 100 жылдығына арналған арнаулы сыйлық табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Марапат ресейлік «ТАСС» агенттігі мен Моңғолиядағы қазақтілді «Кaznews.mn» порталына берілді.
«Бір ғасырлық тарихы бар «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің негізгі дамуы біздің еліміздің тәуелсіздік алған кезінен басталды. Сол кезде біз халықаралық ақпарат агенттігі атандық. Сонымен, осы арнайы жүлдені біз өзіміздің шетелдік әріптестерге беретін болдық. Екіге бөлетін болдық. Сондықтан, Үркер мүсіншесі мен сертификатты 100 жыл бойы әріптес болған ресейлік ТАСС ақпарат агенттігіне беруді ұйғардық», – деді «ҚазАқпарат» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Умаров «Үркер-2020» ұлттық сыйлығының марапаттау кешінде.
Сыйлықты ТАСС агенттігінің Қазақстандағы өкілі Дмитрий Караман алды. «Күтпеген жерден мұндай сыйлық алғанымызға қуаныштымыз. Жеке өзім Қазақстанда бір жылдан бері жұмыс істеп келемін. Осындай аз уақытта Қазақстан мен үшін жақын әрі ыстық елге айналды. Біздің агенттіктің Қазақстанмен және ҚазАқпарат агенттігімен жылдар бойғы табысты қарым-қатынасы әлі де жалғасын табады деп үміттенемін. Рахмет», – деді Дмитрий Караман.
Тиісінше, 1 миллион теңге ақшалай жүлде Моңғолиядағы қазақтілді «Kaznews» порталына берілді. «Біздің агенттікте 46 халықаралық серіктесіміз бар. Одан бөлек, былтыр Отандастар қорымен бірігіп, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен алғаш рет «Шетелдегі қазақтілді БАҚ» жиынын өткіздік. Жақында қауымдастық құрылады. Сонымен осы миллион теңгені шетелдегі қандастарға, Моңғолиядағы жалғыз қазақтілді «Kaznews» порталына тапсыратын болдық», – деді А. Умаров.
Сайттың құрылтайшысы және редакторы Өмірбек Қабайұлы Моңғолиядан келе алмағандықтан, сыйақы оның Қазақстандағы інісі Құдайбергенге тапсырылды. 2011 жылы Моңғолияда алғаш рет қазақ тіліндегі www.kaznews.mn вебсайтының іргетасы қаланып, 9 жыл бойы ғаламторда Моңғолия мен осы елдегі қазақтар туралы қазақ тілінде ақпарат таратып келеді. Сайттың құрылтайшысы да, шығарушысы да – Өмірбек Қабайұлы. Сайтқа еш ұйымнан қаржы бөлінбейді, Өмірбек Қабайұлы өз қаражатына шығарып келеді және бұл Моңғолиядағы жалғыз қазақ сайты.
KAZNEWS.MN – Моңғолияның, моңғолия қазақтарының, Баян-Өлгей аймағының ғаламтордағы тынысы бола алды. Бүгінге дейін 3000-ға жуық мақала сайтқа жарияланып, ғаламторда шетелдік қазақ тіліндегі контентті дамытуға үлес қосты. Интернетте Баян-Өлгей, моңғолия қазақтары туралы ілмектер іздеу жүйесінде жоғары орын алды. Шетелде қазақ тілінің дамуына үлес қосу, қазақ тілінде жаңалықтар таратып, мақалалар жариялау басты мақсаты болды.
Моңғолия Премьер-Министрінің өкімі бойынша Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлын тағайындады. Бұл туралы Казньюс ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңадан сайланған Баян-Өлгий аймақтық Азаматтар өкілдері Хуралының 28 қазан күнгі алғашқы мәжілісінде аймақтың жаңа әкіміне Заңғар Есентайұлының кандидатурасын қолдап, Моңғолия Премьер-Министріне ұсынған болатын.
Моңғолия Премьер-Министрінің өкімімен бұған дейін екі рет аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының депутаты әрі аймақтық Демократиялық партия басшысы болған, Самал компаниясының директоры болып жұмыс жасаған Заңғар Есентайұлы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды.
Моңғолияға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
✔️Үкімет үйі алдындағы Сұхбаатар алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
✔️Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
✔️Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.
Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх пен Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев төмендегідей құжаттарға қол қойды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасы;
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Моңғолияның Жол және көлік саласын дамыту министрлігі арасындағы автомобиль жолдарын дамыту туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы жоспар;
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринариялық басқармасы арасындағы ветеринария қызметі және карантин саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Моңғолияның Цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
11. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Моңғолияның Атом энергиясы жөніндегі комиссияның атқарушы кеңсесі арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Баян-Өлгий аймағының Азаматтар Өкілдері Хуралының төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды.
Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партия бастығы Бегарыс Алданышұлы 1992 жылы Баян-Өлгий аймағының Толбо сұмынында дүниеге келген.
2010 жылы Өлгий қаласындағы жалпы білім беретін Бастама мектебін, 2015 жылы Ғылым, технология ұлттық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдап, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Сәтбаев университетінде техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алған.
Бегарыс Алданышұлы 2017-2021 жылдары «Назар Авто» компаниясының атқарушы директоры болса, 2021 жылы «Мөстийн Ундарга» компаниясының директоры қызметін жалғастыруда.
2010 жылдан Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партияның мүшесі, 2016 жылы Демократиялық партияның комитетінің мүшесі, 2016-2020 жылдары Демократиялық партия комитетінің басқарма мүшесі, 2023 жылы аймақтық Демократиялық партияның бастығы қызметін атқаруда.
Естеріңізге салсақ, Бегарыс Алданышұлы аймақтағы ең ірі «Happy Town» тұрғын кешенін тұрғызған іскер азамат.