Моңғолияда
Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
Published
2 years agoon

17 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2020 жылдың үздік оқиғасы төмендегідей. Қысқаша шолу ұсынамыз. Биылғы жылғы іс-шараның демеушісі Turan World (Туран Әлем) компаниясы.
1. Моңғолияның “Еңбек ері” атағы Нығметұлы Есейге берілді
Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулганың жарлығы бойынша жергілікті тұрғындардың денсаулығын қорғау, дәрігердердің біліктілігін арттыру және хирургиялық жаңа тәсілдерді енгізу бағытында көптеген жылдар бойы абыройлы қызмет атқарған Баян-Өлгий аймағының Біріккен ауруханасының аға дәрігері Нығметұлы Есейге Моңғолияның “Еңбек ері” атағы берілді.
Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын! Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын! Нығметұлы Есей дәрігердің Президенттен алған атағын KAZNEWS ақпараттық агенттігі жылдың үздік оқиғасы ретінде анықтап отыр.
2. Парламенттің бірінші сессиясын Бәделхан Қабдісіләмұлы басқарды
2020 жылғы Парламент сайлауының қорытындысы бойынша Моңғол халық партиясынан атын ұсынушы Бәделхан Қабдісіләмұлы мен Әубәкір Тілеуханұлына сенім жүктеді. Үшінші мандат Демократиялық партиядан атын ұсынушы Бейсен Бұланұлына бұйырды. Нәтижесінде, Парламентке бұрын сайланбаған жаңа саясаткерлер келесі төрт жылда Баян-Өлгий халқының мемлекеттегі өкілі болды.
Ал, Парламенттің бірінші сессиясын 76 депутаттың ішіндегі ең қарт мүше басқаруға тиіс болатын. Сондықтан бірінші сессияны Баян-Өлгий аймағынан сайланған 66 жастағы Бәделхан Қабдісіләмұлының басқарған сәтін KAZNEWS ақпараттық агенттігінің жылдың үздік оқиғасы ретінде анықтап отыр.
3. «Моңғол елінің батыры» Ікей Мәзімұлының ескерткіші бой көтерді
2020 жылы Баян-Өлгий аймағының орнауының 80 жылдық мерей тойына орай Өлгий қаласының орталық алаңына Моңғол Халық Республикасының батыры Ікей Мәзімұлының ескерткіші бой көтерді.
Естеріңізге салсақ, Баян-Өлгий аймақтық Азаматтар өкілдері хуралының 2015 жылғы 14 мамырдағы 80 –ші қаулысы бойынша Өлгий қаласының орталық алаңына МХР-ның батыры Ікей Мәзімұлының аты берілген болатын.
Ікей Мәзімұлы 1939 жылы Жапон милитаристері Моңғолия жеріне Халхин ғол бойында басып кіргенде Л.Дандар басқарған 6-атты әскер дивизиясының 15-полк командирі ретінде қатысады. 1939 жылы 24 шілдеде Ікей Мәзімұлы жаудың қорғаныс шебін бұзып кіру бұйрығын алады. Осы шайқаста ерлікпен қаза табады. Ікей батыр Мәзімұлына осы ерлігі үшін «Соғыс Қызыл Ту» орденімен марапатталып, 1979 жылы Моңғол Халық Республикасының батыры атағы берілген болатын. Моңғолия қазақтарының мақтанышы болған Ікей батыр Мәзімұлының ескерткішінің ашылуын KAZNEWS ақпараттық агенттігі жылдың үздік оқиғасы ретінде анықтап отыр.
4. Байыт Қабанұлының бес туындысы француз тілінде жарық көрді
Ақын, жазушы Байыт Қабанұлының монғол тілінде жазылған «Анашым менің», «Кішкентай әлем», «Тор ішіндегі еркіндік», «Сыю туралы өлең», «Көктемнің қызғалдағы» қатарлы бес өлеңі француз тіліне аударылып «Éditions Jentayu» журналына жарияланды. Қазақ ақынының бұл жетістігін KAZNEWS ақпараттық агенттігі жылдың үздік оқиғасы ретінде анықтап отыр.
5. Серік Бердімұратұлы дзюдодан 2020 жылғы ел чемпионы атанды
Дзюдодан Орхон аймағында жүрілген Моңғолия чемпионатында -100 келі салмақта белдескен Серік Бердімұратұлы тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, екінші мәрте ел чемпионы атанған. Серік Бердімұратұлы жартылай финалда Д.Цэрэннямды ұтса, финалда О.Хангал-ды соңғы 43 секундта таза әдіспен жеңген. Естеріңізге салсақ, Серік Бердімұратұлы 2019 жылы алғаш рет дзюдодан ересектер арасында ел чемпионы атанған болатын. 2014 жылы дәл осы салмақта ел біріншілігінің күміс жүлдесінe, 2017 жылы қола жүлдесіне ие болған болатын. Дзюдода бұрын мұндай жетістікке жеткен жерлестеріміз санаулы ғана.
Моңғолияда дзюдо спортында бәсекелестік өте жоғары. Серіктің екі жыл қатарынан чемпион атануын KAZNEWS ақпараттық агенттігі жылдың үздік оқиғасы ретінде анықтап отыр.
6. Бекболат Бұғыбайұлы Қобда университетінің филиалына 130 мың АҚШ доллар шамасында инвестиция тартты
2013-2016 оқу жылдары Қобда университетінің Баян-Өлгий аймағындағы филиалын басқарған Бекболат Бұғыбайұлы Щвейцариялық Анита Фарнимен бірлесіп филиалды жатақханалы болдыру мақсатында бастама көтеріп, халықаралық ынтымақтастықтағы жоғары дәрежедегі белсенділігі арқылы Give2Asia халықаралық ұйымынан жиынтығы 130,000 ақш.доллар құрайтын инвестиция тартып, қоғамда оң көзқарас тудырғаны үшін KAZNEWS агенттігі жылдың үздік оқиғасы ретінде анықтап отыр.
7. Мустафа Нұрланұлы мемлекеттік Лашын атанды
Ғұн империясының 2229 жылдығы, Моңғол империясы орнауының 814 жылдығы, Ұлт азаттық қозғалысының 109 жылдығы және Халық революциясының 99 жылдығына орай Моңғолияның Ұлттық мерекесі ұйымдастырылды. Баян-Өлгий аймағының Дэлүүн сұмыны тумасы, аймақтық арыстан Мустафа Нұрланұлы үшінші кезеңде мемлекеттік піл дәрежелі палуан Б.Соронзонболдыны, төртінші кезеңде мемлекеттік қаршыға дәрежелі палуан Н.Золбооны, бесінші кезеңде мемлекеттік лашын дәрежелі палуан Э.Энхбатты жығып, мемлекеттік “Лашын” атағына ие болғанын KAZNEWS ақпараттық агенттігі жылдың үздік оқиғасы ретінде анықтап отыр.
8. Моңғолиялық Казньюс ақпараттық агенттігі тұңғыш рет “Үркер” ұлттық сыйлығын жеңіп алды
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған «Үркер» сыйлығы аясында «ҚазАқпарат» ХАА 100 жылдығына арналған арнаулы сыйлық табыс етілді. Марапат ресейлік «ТАСС» агенттігі мен Моңғолиядағы қазақ тілді «Кaznews.mn» порталына берілді. Kaznews.mn порталы Моңғолиядағы ірі қазақ тіліндегі бұқаралық ақпарат құралы болып табылады және ұлттық құндылықтар мен төл өнерді дәріптеп, қазақ тілді контентті дамыту жолында сүбелі еңбек атқарып келеді.
2011 жылы Моңғолияда алғаш рет қазақ тіліндегі www.kaznews.mn вебсайтының іргетасы қаланып, 9 жыл бойы ғаламторда Моңғолия мен осы елдегі қазақтар туралы қазақ тілінде ақпарат таратып келеді. Сайттың құрылтайшысы – Өмірбек Қабайұлы.
KAZNEWS ақпараттық агенттігі шетелдік және Моңғолиядағы қазақ тілді ақпараттық құралдар арасынан тұңғыш рет “Үркер” ұлттық сыйлығына қол жеткізуі 2020 жылдың үздік оқиғасының тізімін жалғастырды.
9. Ұшқыш Бек Базылханұлы Улаанбаатар – Гонконг бағытына алғашқы рейсін сәтті жасады
2020 жылдың 20 қаңтар күні Моңғолияның Изинис Эйрвэйз компаниясының Әуе қозғалысын басқару орталығының басшысы, B737NG ұшағының екінші ұшқышы Бек Базылханұлы Улаанбаатар – Гонконг – Улаанбаатар бағытына ұшқан әуе көлігінің тізгінін ұстап, алғашқы рейсін сәтті жасап “Шыңғыс хан” халықаралық әуежайына қонған. Әуе көлігінің тізгінін кәсіби түрде өзі басқару – мансаптағы маңызды баспалдақ. Бұл оқиғаны KAZNEWS ақпараттық агенттігі жылдың үздік оқиғасы ретінде анықтап отыр.
10. Бүркітші Заманбол Талапқызы шетелдіктерді таңғалдырды
Неміс фотографы Лео Томас негізінен әр халықтың өмір сүру салты мен пейзаж түсіргенді ұнатады. Оның суретке қызығушылығын кәсіби ландшафт-фотографы Леннарт Пагель оятқан. Міне, содан бастап Томас телефонның камерасымен түсіре бастаған. Кейін ол фотоаппарат сатып алып, саяхаттап жүріп, кәсіби суретке түсіруге бел байлаған. Сондай сапарының бірі – Моңғолияға түскен.
Томасты бұл халықтың көшпенді өмір сүретіні, ата-салтын сақтап, атадан балаға берілетін дәстүр жалғастығын үзбеуі оны тәнтті етті. Тіпті, ұл-қыз деп бөлместен, өз кәсібін ұрпағына үйретіп кетуге тырысады екен.
Соның бірі – аңшылық. Бүгінде 300-ге жуық аңшы бар. Оның көпшілігі ер адам. Бұл жайытты Томас Алтай аумағында жүргенде құсбегі Заманбол Талапқызынан естіген.
Бойжеткен сол жерде бір топ аңшымен аңшылықта жүріпті. Көшпенді қазақ отбасынан шыққан ол, қала ішіндегі мектепте оқиды екен. Әр демалыс сайын Заманбол інісі Базарбаймен бірге аңшылықпен айналысып, жаттығып тұруы дәстүрге айналған. Сол сәтті түсіріп үлгерген фотограф Лео Томас сол суреттерді өзінің Инстаграм мен Facebook парақшаларына бөліскен.
Салт дәстүріміздің заманауи келбетін қалыптастыруға, моңғолия туризмінің дамуына қосқан үлесі үшін бұл оқиғаны – KAZNEWS ақпараттық агенттігі жылдың үздік оқиғасы ретінде анықтап, дәріптейді.
You may like
-
Спорт фестивалі: 13, 10, 1 бақ құрама командалары үздік үштіктен көрінді
-
Баян-Өлгийде “Интеллигенттер додасы” ұйымдастырылды
-
Улаанбаатар қаласының 383 жылдығына орай палуандар сайысы өтті
-
“Жас талап 4” жинағы жарық көрді
-
XV спартакиядасы: Серік пен Сайфолла чемпион атанды
-
Нұртілек Серікбайұлы жасөспірімдер арасындағы сайыста жеңімпаз атанды
Моңғолияда
Моңғолия-Қазақстан үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысы өтті
Published
2 weeks agoon
May 27, 2023
26 мамыр, KAZNEWS. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Қазақстан-Моңғол Үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Дархан Қыдырәлі моңғол тарапының қонақжайлылығына алғыс білдіріп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, көліктік- логистика, инвестиция салаларындағы байланыстардың қазіргі жағдайына тоқталды. Бұл туралы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрдің айтуынша, 2020 жылы пандемияға байланысты тоқтатылған “Ұлан-Батыр – Алматы – Ұлан-Батыр” бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасы қайта іске қосылды. Дегенмен, бұл салада әлі де істейтін жұмыстар көп.
«Қазақстан достас әрі бауырлас Моңғолиямен тығыз көпсалалы байланысты дамытуға мүдделі және бұған ерекше мән береді. 2022 жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым- қатынастардың 30 жылдық мерейтойын атап өттік. Биыл Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойғанына 30 жыл толып отыр. Осылайша, екі ел достық қарым-қатынастардың символдық әрі әріптестік байланыстардың жаңа тарихи кезеңіне аяқ басты. Бүгінгі комиссияның отырысы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға серпін береді деп сенеміз», – деді Д.Қыдырәлі.
Қос тарап Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және екі елдің экономикасының дамуына елеулі үлес қосатын ірі жобаларды жүзеге асыруға мән берді. Сондай-ақ, мәдениет, білім, ғылым, туризм, ақпарат, дін, азаматтық қоғамды дамыту және жастар саясаты салаларындағы байланыстарды күшейту туралы қозғалды.
Моңғолияның Қаржы министрі, Қазақстан-Моңғолия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Болдын Жавхлан екі жақты қарым-қатынастардығ жеткілікті әлеуеті бар екенін айтып, Қазақстанның ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал мен егін шаруашылығында тәжірибе алмасуға мүдделі екенін білдірді.
Отырыс қорытысында Комиссияның хаттамасына қол қою рәсімі өткізілді.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Моңғолияның Қоршаған орта және туризм министрлігі табиғат қорғау бойынша өзара меморандумға қол қойылды.
Photography: Nurbek Amisha
Моңғолияда
Моңғолия Президенті қазақстандық делегацияны қабылдады
Published
2 weeks agoon
May 26, 2023
26 мамыр, KAZNEWS. Моңғолияның Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысына келген қазақстандық делегацияны қабылдады. Бұл туралы ҚР Елшілігі баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қазақстан мен Моңғолия арасындағы байланыстарға жоғары баға беретінін айтып, Үкіметаралық комиссияның жұмысына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Қазақстан-Моңғолия үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Дархан Қыдырәлі моңғол мемлекет басшысының тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, қазақстандық делегацияны қабылдағаны үшін алғысын жеткізді.
Тараптар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық, экономикалық байланыстар туралы сөз қозғады.
Айта кетейік, Ұлан-Батырда Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысы өтіп жатыр. Онда сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ауыл шаруашылық, көлік, мәдениет пен спорт, білім мег ғылым салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелер талқыланды.
Photography: Nurbek Amisha
Моңғолияда
Д.Қыдырәлі Моңғолияның Білім және ғылым министрі Л.Энх-Амгаланмен кездесті
Published
2 weeks agoon
May 26, 2023
26 мамыр, KAZNEWS. Улаанбаатарда өткізілетін Қазақстан-Моңғолия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның ІХ отырысы шеңберінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Қазақстан-Моңғолия Үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Дархан Қыдырәлі Моңғолияның Білім және ғылым министрі Лувсанцэрэн Энх-Амгаланмен кездесті. Бұл туралы ҚР -ның Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Моңғолия Қазақстан үшін сенімді серіктес саналады және еліміз әртүрлі салалардағы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән беріп келеді.
Халықаралық ұйымдарда да тығыз әріптестігіміз бар. Осы орайда екі ел арасында білім және ғылым, ақпарат, археология саласында, әсіресе, ортақ музей ашу, көшпелілер тарихын бірге зерттеуде біріккен жұмыс істеуге ниетіміз бар. Күні кеше ғана Моңғолияның UBS арнасы мен “Хабар” телеарнасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл бағыттағы жұмысымыз жалғасады», – деді Д.Қыдырәлі.
Сонымен бірге Д.Қыдырәлі министрліктің жұмысынан ақпарат беріп, алдағы уақытта бірге жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.
Өз кезегінде Лувсанцэрэн Энх-Амгалан мырза қос мемлекет арасында тату-тәтті байланыс бар екенін және білім, мәдениет, археология саласындағы ортақ жобалар жасау туралы Д.Қыдырәлінің ұсыныстарын қолдайтынын айтты.
Тараптар үкіметаралық гранттар аясында студенттерді оқыту, академиялық байланыс орнату, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту жайын талқылады.
Айта кетейік, Комиссия отырысында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ауыл шаруашылығы, көлік, мәдениет және спорт, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелер қаралады.
Моңғолияда
Тілейхан Әлмәлікұлы Сүхбаатар орденімен марапатталды
Published
3 weeks agoon
May 19, 2023
19 мамыр, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх энергетика саласының 100 жылдық мерей тойына орай жарлық шығарып бірқатар азаматтарды мемлекеттік жоғарғы атақ, орден, медалдармен марапаттады.
Президент жарлығы бойынша Моңғолияның Энергетикалық реттеу комитетінің бұрыңғы төрағасы Тілейхан Әлмәлікұлы “Сүхбаатар” орденімен марапатталды.
Тілейхан Әлмәлікұлы 1955 жылы Баян-Өлгий аймағында туылған. 1976 жылы Моңғолия Мемлекеттік Университетін Өндірістік жылумен қамтамасыз ету инженері мамандығы, 1989 жылы Экономикалық кешкі университет Өндірістік экономист бойынша тәмамдаған. Тілейхан Әлмәлікұлы Моңғолия парламентіне екі рет сайланған депутат.
2008-2012 жылдары Моңғолия Парламентінің Әлеуметтік саясат, білім, мәдениет, ғылым мәселелері бойынша тұрақты комитетінің бастығы болды. 1991 жылы Халық Революциялық 70 жылдық медалі, 1993 жылы Энергетика саласының озат қызметкері, 2001 жылы Халық Революциясының 80 жылдық медалі, 2005 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталған. 2014 жылы Моңғолияның “Өнеркәсіп саласына еңбек сіңірген қайраткері” атағын алған.
Бізге жазылыңыз

Моңғолия-Қазақстан үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысы өтті

Моңғолия Президенті қазақстандық делегацияны қабылдады

Д.Қыдырәлі Моңғолияның Білім және ғылым министрі Л.Энх-Амгаланмен кездесті

Тілейхан Әлмәлікұлы Сүхбаатар орденімен марапатталды

Әдеби байқауға қатысушылардың шығармаларын қабылдау аяқталды
STUDENTS OF MOSCOW STATE UNIVERSITY AT AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY

Б.Чинзориг бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ

1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді

СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК

Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ

ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді

Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы

Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық

Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті

Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

FIFA World Cup Qatar 2022 | Official Song

KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN

Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді

Моңғолия қақпасына гол соққан Геррит Хольтман туралы 10 дерек
Сөзге тиек


Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...


Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды
Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...


1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар
06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...


Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...


Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...


“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек
22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....


Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек
05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...


Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды
19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...