Connect with us

Спорт

XV спартакиядасы: Серік пен Сайфолла чемпион атанды

Published

on

16 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның бүкіл халықтық XV спартакиядасы аясында жүріліп өткен самбо күресінде Баян-Өлгий аймағының спортшысы Серік Бердімұратұлы чемпион атанды. 

Серік Бердімұратұлы аталмыш спартакияда ойындарында самбо күресінен +98 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, чемпион атанды. 

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Сайфолла Тілеубердіұлы поуэрлифтингден 120 келі салмақта чемпион атанған болатын. 

Спорт

Аргентина бастаған төрт мемлекет 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді

Published

on

Аргентина, Уругвай, Чили және Парагвай елдері футболдан 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді. Бұл туралы ҚазАқпарат Аргентина футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аргентина футбол федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бұл аталмыш төрт елдің тарихындағы маңызды оқиға болмақ.

«Әлем кубогының 100 жылдығы қарсаңында біз оны тағы да өткізуді армандаймыз. Біз, оңтүстікамерикалықтар, футболмен өмір сүреміз. Бұл үлкен міндеттеме екендігін білеміз. Аргентина, Уругвай, Парагвай және Чилидің 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге лайық екендігін бүкіл әлемге дәлелдейміз», деді К.Тапиа.

Аргентинаның өткен жылы Қатардағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанғаны мәлім.

Келесі дүниежүзілік біріншілік 2026 жылы АҚШ пен Мексикада өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Криштиану Роналдудің Сауд Арабиясының футболына қандай өзгеріс әкелгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Лионель Месси Оңтүстік Американың үздік ойыншысы атанды.

Continue Reading

Спорт

Моңғолия боксшылары Қазақстан құрамасымен оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Published

on

Бокстан Ұлттық құрама спортшылары Қазақстан Республикасының боксшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп, жолдастық кездесу өткізеді.

Спорттық шара мұндай жоғары деңгейде осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Біріккен жаттығулар екі жаққа да тиімді болмақ. Екі құраманың да биылғы жылы алдына қойып отырған басты мақсаты – 2024 жылғы Париж олимпиада ойындарында жүлделі орындарға қол жеткізу болмақ.

Continue Reading

Спорт

Арман таэквондо клубы батыс зоналық турнирде көш бастады

Published

on

20 желтоқсан, KAZNEWS. 17-19 желтоқсан күндері Увс аймағының орталығы Улаангом қаласында олимпиадалық таэквондодан Батыс зоналық клубтарының «DREAM CUP-2» турнирі өтті.

Жарысқа Говь-Алтай аймағынан  GAA Leopards, Ховд аймағынан «Эрин», «Сүлд-Алдар», Увс аймағынан «Ойрад пауэр», Баян-Өлгий аймағынан «Арман» таэквондо клубтарынан 400-ден астам спортшы бақ сынады.

Баян-Өлгий аймағынан аталмыш турнирге қатысқан таэквондошылар 3 алтын, 5 күміс медаль, 14 қола медаль иеленіп, қорытынды есеп бойынша 1 орыннан көрініп, “DREAM CUP” алтын кубогын жеңіп алды. 

Бапкері қызметін аймақтық Спорт және денешынықтыру басқармасының маманы Ерұлан Шөленұлы атқарды.

Continue Reading

Спорт

Аргентина құрамасы Катардағы әлем чемпионатында топ жарды

Published

on

19 желтоқсан, KAZNEWS. Аргентина құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды. 

Аргентина құрамасы үш дүркін әлем чемпионы атанды. 

Катардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина Франция құрамасымен кездесті. Матчтің басы толығымен Аргентина футболшыларының басымдығымен өтті. Нәтижесінде 23-минутта Лионель Месси пенальтиден гол соғып, есеп ашты.

Көп ұзамай аргентиналықтардың қарымта шабуылы кезінде Анхель ди Мария қараусыз қалып, есепті еселеді.

Бірінші тайм бітпей жатып, француздар сапында алаңға тың ойыншылар шықты. Бірақ үзілістен кейін де Франция құрамасы ұзақ уақыт бойы қарсылас қақпасына соққы бағыттай алмады. Сондықтан Аргентина жеңіс есебін ұстап қала алатындай көрінген.

Бәрі 80-минутта өзгерді – Франция пенальти тебуге мүмкіндік алды. Нүктеге келген Килиан Мбаппе мүлт кетпеді. Аргентиналықтар есін жиып үлгерген жоқ, бір минуттан соң француздар таразы басын теңестіріп тастады. Килиан Мбаппе жойқын соққымен дубль авторы атанды – 2:2.

Осылайша, матч овертаймға ауысты. Ал екінші экстра-таймда Месси гол соғып, Аргентинаны қайта алға шығарды.

Бірақ тағы да Франция құрамасы есепті теңестіре алды. Ойын соңына қарай француздар тағы да пенальти тебуге мүмкіндік алды, Мбаппе тағы да гол соғып, хет-трик авторы атанды.

Сондықтан әлем чемпионы пенальти сериясында анықталды. Ал шешуші сәтте Аргентина футболшылары дәлдік танытты.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 month ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек2 months ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 months ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек3 months ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек4 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек5 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Дерек5 months ago

Топ-10 Моңғолияның белгілі актерлері

14 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның ұлттық кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Казньюс ақпарат агенттігінің көзқарасы бойынша осы саладағы үздік деген он...

Дерек5 months ago

Моңғолияның 2050 жылға дейінгі стратегиясының 9 бағыты

Моңғолия 2020 жылы елдің “2050 стратегиясын” жасақтаған. Оны ел үкіметі министрлермен, қоғам қайраткерлері және саясаттанушылармен бірлесе отырып жасаған. 2050 стратегиясы...

Басты назарда