19 тамыз, KAZNEWS. ҰБТ (ЭЕШ)-ны сәтті тапсырған Баян-Өлгий аймағының оқушысы бір миллион төгрөгпен сыйланады. Бұл туралы аймақ әкімі Бауыржан Дәлелұлы мәлімдеді.
Аймақ әкімі Бауыржан Дәлелұлы өзінің әлеуметтік желісіндегі жазбасында: “Биыл аймағымызда 1448 оқушы ҰБТ яғни жоғарғы оқу орындарына ілестіру сынын тапсырады. Пандемияға байланысты карантин шектеулері еңгізілгенімен аймақ Әкімінің Іс басқармасы, аймақтық Төтенше комиссия, Білім және мәдениет басқармасы бірлесіп жоғарғы деңгейде ұйымдастыратын болады.
Аймақтық Азаматтар Өкілдері Хуралы мен аймақ Әкімінің Іс басқармасы тарапынан ілестіру сынында ең жоғары ұпай жинаған оқушыға бір миллион төгрөгтің сыйақысы тағайындалды.
Баршаңызға сәттілік тілеймін.” – делінген.