Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга видеоконференция форматында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше және қадағалаушы мәртебесі бар мемлекеттер Кеңесінің отырысына қатысты. Бұл туралы KAZNEWS Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга саммитте арнайы сөз сөйледі.
“Моңғолия ШЫҰ-ының іс-қызметіне назар аударып, зерттеу жұмыстарын жасап, экономикалық және гуманитарлық саласындағы іс-қызметіне қадағалаушы мәртебесін сақтай отырып, белсенді қатысуға ұмтылады.
…Біз пандемиялық жағдайдағы ауыртпашылыққа қарамай 800 шақырымға теміржол желісін азғана уақыт ішінде салып аяқтап отырмыз. Сондай-ақ ауарайы мен климаттың өзгеруіне байланысты қарқынды түрде шөлге айналып жатқан говь даласына 1000 шақырымдық суландыру жүйесін тарту жөніндегі зерттеу жұмыстарын аяқтап, құрылыс жұмыстарын бастауға дайын болдық.
Сонымен қатар Моңғолия территориясы арқылы Ресейден Қытай Халық Республикасына табиғи газ тасымалдау құбыры жобасындағы белгілі ілгерлеушіліктер бізді қуантады.”-деді.