23 қаңтар, KAZNEWS. Ташкентте 22 жасқа дейінгі жастар арасында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы KazNews ақпарат агенттігі Азия бокс конфедерациясына (ASBC) сілтеме жасап хабарлайды.
ASBC хабарлауынша, бокстан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатына қатысу үшін жиырма екі мемлекет тіркелген. Бірақ жаңа шектеулер мен Ковид-19 сынамаларына байланысты Ташкентте Ирак, Жапония, Иордания, Кувейт, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка, Тәжікстан және Өзбекстан қатарлы 12 елдің былғары қолғап шеберлері рингде өнер көрсетуде.
Ташкент рингісінде қыздар 12, ерлер 13 салмақ санаты бойынша сайысқа түсіп жатыр.
Ал, Моңғолия құрамасынан 15 спортшы (қыздар жеті, ерлер сегіз) бақ сынауда.
Олардың арасында 48 келі салмақта Жанаргүл Бейсенбейқызы, 50 келі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері Құлын Алтынбекқызы, ерлерден 67 келі салмақта Азия чемпионатының қола жүлдегері Жандос Асқарұлы бар.
Жандос Асқарұлы алғашқы кездесуінде ирак спортшысы Мохаммед Каррар Ниаматты ұтып, қола жүлдені қанжығасына байлады. 25 қаңтар күні жартылай финалда күміс жүлде үшін қырғыз спортшысы Асанкул уулу Султанмен сайысқа түсетін болады.
48 келіде өнер көрсететін Жанаргүл Бейсенбейқызы жарысты 26 қаңтар күні бірден жартылай финалдан бастайды. Оның жартылай финалдағы қарсыласы өзбек спортшысы Фозилова Фарзона. Ол қарсыласынан айласын асырса финалда тәжік пен жапон споршысының жеңгенімен кездесетін болады.
50 келіде өнер көрсеткен Құлын Алтынбекқызы алғашқы айналымда яғни ширек финалда бос, 26 қаңтарда бірден шаршы алаңға шығады. Ол 24 қаңтардағы тәжік пен өзбек спортшылар арасындағы ойында жеңген спортшыны күтіп тұр.
Демек, кемінде үш қола жүлде қоржында деген сөз.
Естеріңізге салсақ, 2019 жылғы Азия чемпионатында Жандос Асқарұлы мен Құлын Алтынбекқызы қола жүлдегер атанған болатын.