KAZNEWS – Кез-келген аймақ, өңірдің даму деңгейін анықтау үшін оның табиғи байлықтары және экономикалық көрсеткіштері, халқының саны, өндірістік қабілеті, білім деңгейі мен денсаулығы есепке алынатыны сөзсіз. Kaznews ақпараттық агенттігі бұл ретте Баян-Өлгий аймағының халық санының өсу, азаю қарқыны туралы мәліметтерді бөліскенді жөн көрдік.
Статистика бөлімінің ресми парақшасында 2016 жылдың желтоқсан айындағы дерек бойынша Баян-Өлгий аймағының жергілікті халқының санын 97 мың 816 адамға жетті деп көрсеткен.
Kaznews.mn тілшісінің Ұлттық статистика комитетінің мәліметтеріне сүйене отырып зерттеуінше, соңғы 15 жылда Баян-Өлгий аймағының халық саны 828 адамға ғана өзгереді. Ал, бұл жылдары 20 мыңға жуық адам өзге өлкелерге қоныс аударған.
Халық санының бұлай аз өсуіне қоныс аудару процессінің артуы әсер еткені көрініп тұр.
2001 жылы халық саны 3,1 пайызға өсіп 96 мың 988 адамға жетсе, 2004 жылы 99 мың 111 ге жеткен. 2005 жылы Баян-Өлгийден қоныс аударған адам саны 3068 бола тұра, көшіп келген адам саны 5 ғана. Бұл 99,1 мың адамнан 95,8 мыңға кемуіне тікелей әсер еткен.
Баян-Өлгий аймағының халық санының өсу (азаю) қарқыны
Халық саны өсімінің ең жоғарғы төмендеуі -4,1 пайыз, 2010 жылы байқалған.
Сонымен қатар, 1000 адамға шаққандағы туу коэффициенті 2013 жылғы мәліметтер бойынша 30,2, яғни еліміздің орташа көрсеткішінен 2,7 промилмен артық. Ал, өлім-жітім коэффициенті 2013 жылғы мәліметтер бойынша 4,9, яғни еліміздің орташа көрсеткішінен 0,7 промилмен төмен болған.
2001-2014 жылдары 36755 бала дүниеге келген. Бұл жылдардағы Баян-Өлгий аймағының табиғи өсімі 29,629 адамды құраған.
2013 жылдан бастап халық өсімінің оң қарқыны сақталып келеді. Соңғы жылдары өсім қарқыны 2,5 пайызды құрады.
Халықтың негізгі үлесін жұмысқа қабілетті жастағы азаматтар құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша батыс моңғолияда бәсекеге қабілеттілігін айқындап тұр.
Алайда, Баян-Өлгий аймағы еліміздегі бәсекеге қабілеттілік индексінде 21 аймақтың бел ортасында жүр. 2012 жылы 10 орында, 2013 жылы 11 орында, 2014, 2015 жылдары 12 орыннан көрінгенбіз. Баян-Өлгий аймағы үшін адам капиталын дамытып, экономиканы әртараптан¬ды¬ру, инновацияны өндіріске ен¬гізудің және билікте кездесетін кедергілерді азай¬ту арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға болады.