Connect with us

Моңғолияда

24,2 пайызға құнсызданған Ұлттық валюта қайта нығаймақ

Published

on

KAZNEWS – Экономистер соңғы бір жыл бойы 24,2 пайызға құнсызданған Ұлттық валютаның әлсіреуіне нүкте қойылатын кез келді деп жазып жатыр. Моңғол банктің дүйсенбі күні жариялаған ұлттық валюта бағамы долларына 2482,29 төгрөгке тең болған.
Халықаралық валюта қорының Кеңейтілген қаржыландыру бағдарламасы аясында Моңғолияға 5,5 млрд доллар көлеміндегі қаржы бөлінетін болды. ХВҚ-нан бірінші реттегі 440 млн доллар келіп түссе, халықаралық қор толығып, төгрөг бағамы да нығаймақ екен.

Моңғолияда

ҚР-ның Елшісі Жалғас Әділбаев Баян-Өлгий аймағына жұмыс сапарымен келді

Published

on

25 қазан, KAZNEWS. Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Баян-Өлгий аймағына жұмыс сапарымен келді.

Жалғас Әділбаев жұмыс сапары аясында Ақтан Бабиұлы атындағы аймақтық Кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрмені ашып, кітапхана ұжымына зияткерлік негізінде әзірленген «сөйлейтін қалам» мен «Даналық әліппесі» халықтық туындыларын табыс етті.

Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігінің Консулы Шынар Жұматеава, Баян-Өлгий аймағы Әкімі Іс басқармасының Мемлекеттік әкімшілік департментінің басшысы Ербол Доманұлы, Ақтан Бабиұлы атындағы аймақтық Кітапхана диреторы Алтынгүл Дәлелқызы, Туран Ворлд компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы және өзге өкілдер қатысты.

Шетелдегі қазақ балаларының ана тіліндегі білімін жетілдіруге бағытталған бастама арқасында Баян-Өлгий аймағының орталық және ауылдық жердегі кітапханалар «Даналық әліппесі» топтамасымен толықты.

Топтама құрамында «Билер сөзі», «Аталар сөзі», «Бабалар батасы», «Домбыра күйі», «Қобыз үні», «Бесік жыры», «Нақыл сөз», «Халық жыры», «Халық тағылымы», «Халық ертегісі», «Халық әні», «Халық аңызы» атты қазақ халқының салт-дәстүрінен сыр шертетін кітаптар бар.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолиядағы апта ішіндегі тағайындаулар

Published

on

24 қазан, KAZNEWS. Өткен аптада Моңғолия Парламентінің екі жаңа депутаты ант қабылдап, бір министрдің жаңа орынбасары жұмысына кірісіп, Моңғолияның бірқатар шет елдегі Елшілері Президент Жарлығымен тағайындалды. Баян-Өлгий аймағында да тағайындаулар болды. KazNews.mn апта ішінде осы және өзге де тағайындауларға шолу ұсынады.

Моңғолия Президентінің жарлықтарымен: Мижиддоржийн Цэнгэг Моңғолияның Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Лхагвасүрэнгийн Саянаа Моңғолияның Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Цэрэндоржийн Нарантунгалаг Моңғолияның Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Содномын Ганхуяг Моңғолияның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Жамсрангийн Бямбасүрэн Моңғолияның Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Сосорбарамын Энхбаяр Моңғолияның Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Сайннямбуугийн Баатаржав Моңғолияның Венгрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Дамдины Гансүх Моңғолияның Чехия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Өлзийдэлгэрийн Батбаяр Моңғолияның Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне қызметіне тағайындалды.

Моңғолия Парламенті (Мемлекеттік Ұлы Хурал) сайлауының 18 және 28 аумағында өткен қосымша сайлау нәтижесінде депутат болып сайланған Ц.Идэрбат пен Э.Батшугар 21 қазан күні Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде ант қабылдады.

Моңғолия Үкіметінің қаулысымен Б.Солонго Министрлер кабинеті басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Әділет және ішкі істер вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Өңірдегі тағайындаулар

Моңғолияның Қоршаған орта және туризм министрінің 2021 жылғы Б/34 бұйрығы бойынша Баян-Өлгий аймағында орналасқан Моңғол Алтай жоталарының мемлекеттік ерекше қорғалатын табиғи қорығы әкімшілігінің басшысы лауазымына Асқар Шаймарданұлы, Моңғолияның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Баян-Өлгий аймағындағы А.Зайтин атындағы Кәсіптік оқу-өндірістік орталығының директоры қызметіне Нұрка Қозыханқызы тағайындалды.

Continue Reading

Моңғолияда

Білім және ғылым министрі Л.Энх-Амгалан жұмыс сапарымен Баян-Өлгий аймағына келді

Published

on

24 қазан, KAZNEWS. Білім және ғылым министрі Л.Энх-Амгалан жұмыс сапарымен Баян-Өлгий аймағына келді. Министр өзімен бірге кеңейтілген жұмыс тобын ерте келген.

Кеңейтілген жұмыс тобы Баян-Өлгий аймағындағы барлық деңгейдегі оқу мекемелерінің қызметімен танысты.

Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген тобының құрамында Білім институтынан, Мұғалімдердің білімін жетілдіру институтынан және Моңғолия Білім университетінен 30-ға жуық өкіл бар.

Баян-Өлгий аймағының білім саласы басқа аймақтармен салыстырғанда төмен көрсеткішке ие. Сондықтан екі ай бұрын аймақ басшылары мен аймақтан Парламентке сайланған депутаттар Білім және ғылым министрінен сапа мен қолжетімділік, менежмент және қаржыландыру сынды мәселелерді шешіп беруді сұраған болатын.

Жұмыс тобы мәселені талқылап, сапалы білім беру бойынша жоспар жасап, жылына екі рет нәтижесін бағалайтынын мәлімдеді.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолияда аффинажды зауытты салуға қатысты мәселелерді талқыланды

Published

on

21 қазанда Моңғолиядағы ҚР Елшісі Ж.Әділбаев Моңғолияның Тау-кен және ауыр өнеркәсіп министрі Г.Ендонмен кездесіп, Моңғолияда аффинажды зауытты салуға қатысты мәселелерді талқылады. Бұл туралы Kaznews.mn ҚР Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы кездесуге Моңғолияның Тау-кен және ауыр өнеркәсіп министрлігі Ауыр өнеркәсіп департаментінің директоры Д.Даваадорж, «Эрдэнэс Монгол» мемлекеттік компанияның Металлдар мәселелеріне жауапты директоры Б.Ганболд, «Эрдэнэс Алт Ресурс» компаниясының директоры Б.Ачитсайхан және қазақстандық тараптан бұл зауытты салуға жауапты «Symbat Engineering» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры М.Тлеужанов қатысты.

Тараптар аталған нысанның болашақ өндірістік қуаты, техникалық іс жобасы және техникалық-экономикалық негіздемесіне қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тараптар сондай-ақ аталған іс жобаны жан-жақты қайта сараптауға арналған жұмыс комиссиясының шеңберінде жұмыс жүргізуді жалғастыруды ұйғарды.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 days ago

Оқушылар халықаралық жас фотографтар фестивалінде жеңімпаз атанды

24 қазан, KAZNEWS. Халықаралық жас фотографтар фестивалі Жапонияның Хоккайдо штатындағы Хигишикава қаласында өтті. Бұл фестивалға Моңғолиядан Баян-Өлгий аймағының Өлгий қалалық...

Дерек3 weeks ago

Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Химия бойынша Нобель сыйлығын молекулалар синтезінің жаңа әдістерін ашқаны үшін неміс ғалымы Беньямин Лист пен британдық Дэвид Макмиллан алды. Бұл...

Дерек3 weeks ago

Моңғолиялықтар қараша айында неше күн демалады?

05 қазан, KAZNEWS. Моңғолиялықтар қараша айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 10 күн демалады. “Шыңғыс ханның дүниеге келген қыс...

Дерек1 month ago

Интернетте жиналған ақпарат қайда сақталады?

Интернет – миллиондаған терабайт ақпаратқа толы терең мұхит. Күн сайын адамдар ғаламторға көптеген бейнелерді, суреттерді, құжаттарды және басқа мазмұнды ақпараттарды...

Дерек2 months ago

Саяхатшы Х.Энхтайван: Ікей батыр туралы не білеміз?

04 қыркүйек, KAZNEWS. Саяхатшы Х.Энхтайван әлеуметтік желісінде Ікей батыр Мәзімұлы туралы қызықты жазба жариялап, қазақтың қайсар ұлы туралы мәліметпен бөлісіп,...

Дерек2 months ago

Жол кептелістерінен Улаанбаатар экономикасына 947 млн доллар шығын келеді

20 тамыз, KAZNEWS. Кептелістердің кесірінен Улаанбаатар қаласының экономикасына жылына 947 миллион АҚШ доллары шамасында шығын келеді. Үкіметтің өткен сәрсенбі күнгі...

Дерек5 months ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек5 months ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Басты назарда