Улаанбаатар қаласында 2018 жылдан бастап футболдан Моңғолия чемпионатының лигасына ойнайтын команда құрылды, деп хабарлайды KazNews.mn.
Баян-Өлгий аймағының жастарынан құралған кәсіпқой команда Номадик Хантерс деп аталады. Құрамында 22 ойыншы бар. Ұйымдастырушылары да Өлгийлік жастар дейді команда тренері Мустафа Жұқанұлы.
Бұған дейін Номадик Хантерс 2018 жылғы ел біріншілігіне алғаш рет қатысып, В тобының алғашқы турында “Сонгинохайрхан Би Форвард” командасымен кездесіп, 0:0 тең тарқасып, екінші турында “ДМЮ” командасымен кездесіп 4:1-есебімен ұтылып, үшінші турында “Даланың көк арыстандары” командасымен кездесуінде 11-2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бірақ ел біріншілігінің ширек финалында құрылғанына 8 жыл болған “Ховд” командасымен кездесіп, 5:0 есебімен ұтылып, ел біріншілігін аяқтаған болатын.
Бүгінгі таңда, ” Номадик Хантерс ” Моңғолия футбол федерациясының кубогы үшін сынға түсіп жатыр.
Мамырдың 25 күні Моңғолия футбол федерациясының кубогының бірінші турында “Сонгинохайрхан Би Форвард” командасымен кездескен “Номадик Хантерс” қарсыласынан айласын асырып, өз мергендіктерін танытып, 8:1 есебімен екінші кезеңге өтті.
Ойындағы голдар:
Сонгинохайрхан Би Форвард – №6 Ч.Мэндээ 51′
Номадик Хантерс – №9 Б.Антон 13′, 18′, 44′, 60′, №10 Н.Серікжан 20′, №6 А.Ерболат 37′, 87′, №4 М.Ердос 39′
Келесі кездесуге жеребе тарту 31 мамырда өтеді. Алдағы ойындарда сауатты қорғанып, алға ұмтылу бізді жеңіске жетелейді, дейді Мустафа Жұқанұлы.