Connect with us

Published

on

Құрметті оқырман қауым “Әсерлі әңгіме” бағдарламасы ТВ4 телеарнасы және KazNews порталы арқылы айында бір мәрте назарларыңызға ұсынылатын болады. “Әсерлі әңгіме” бағдарламасының алғашқы санында журналист Нұрбота Білімқызы Баян-Өлгий аймағының Денешынықтыру және Спорт басқармасының басшысы Қайнар Қайсанайұлымен әңгімелесті.

Спорт

Батырбек Шәрівұлы жасөспірімдер арасындағы жарыста топ жарды

Published

on

03 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының “Тас түлек” клубының палуаны Батырбек Шәрівұлы Өвөрхангай аймағында ұйымдастырған мемлекеттік “гарьд” дәрежелі палуан Ц.Бямба-Отгонға құрмет көрсетуге арналған сайыста жасөспірімдер арасында топ жарып, бірінші орын иеленді.

Батырбек Шәрівұлы 16 жаста. Сұмындық піл дәрежелі палуан атағы бар. Батырбек бұған дейін Завхан аймағы орнауының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған мерей тойда жасөспірімдер арасында топ жарған болатын.

#KazNews

Continue Reading

Моңғолияда

Футбол федерациясының бас демеушісі ретінде Turan World компаниясы жұмыстайды

Published

on

29 тамыз, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының Футбол федерациясының бас демеушісі ретінде Turan World компаниясы жұмыстайды.

Бұл туралы ақпарат Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы мен аймақтық Футбол федерациясының басшысы Ертай Оралұлы арасындағы кездесуден кейін белгілі болды.

Тараптар 5 жылдық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған.

Келісім шарт аясында аймақтық футбол құрамасының киімдері толығымен жаңартылып, жарыстарға қатысу үшін қаржылай қолдау көрсетіліп тұрады.

#KazNews

Continue Reading

Спорт

Баян-Өлгий аймағында тоғызқұмалақтан VI Азия чемпионаты өтуде

Published

on

2023 жылғы 4-12 тамыз аралығында Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында тоғызқұмалақтан VI Азия чемпионаты өтуде.

Жарысқа 9 елдің (Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Бангладеш, Филиппин, Ресей Федерациясының Алтай және Саха Республикалары, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан) 200 астам спортшысы қатысуда.

Жарысты Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы мен Моңғолия Тоғызқұмалақ Федерациясы бірлесіп өткізуде.

Жарысқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Самұрық-Қазына қоры мен Спорты дамыту қоры демеушілік қолдау көрсетуде.

Continue Reading

Спорт

Баян-Өлгий құрамасы жоғарғы лига ойындарында өнер көрсетеді

Published

on

30 шілде, KAZNEWS. 21 аймақтар арасында өтетін ел біріншілігі биыл Дархан-уул аймағында тамыз айының 9-23 күндері ұйымдастырылады.

Естеріңізге салсақ, Футболдан Баян-Өлгий аймағының құрама командасы 2022 жылы 1 – лига ойындарында чемпион атанған болатын.

Биыл Баян-Өлгий құрамасы жоғарғы лига ойындарында өнер көрсетеді.

Федерация өкілдерінің хабарлауынша құрама командаға спонсор жасаймын деген кәсіпкерлерге есігі ашық екенін айтады.

Байланыс телефоны: 86552200 К.Наурызғажы
#KazNews

Continue Reading

Басты назарда