Connect with us

Дерек

2021 жыл атаулы күндерге толы

Published

on

8 – ақпан, KAZNEWS. 2021 жылы атаулы күндерге толы болмақ. Бұл даталарды атап өту ең алдымен халық мұрасын, құндылықтарын, танымал тұлғалардың мұрасын жастарға насихаттау үшін қажет.

Биыл Моңғол Халық Революциясының 100 жылдығы. 1921 жылы 11 шілдеде Моңғол Халық Революциясы жеңіп, өз тәуелсіздігін қайта жариялады.

Сондай-ақ, Тұлба көл шайқасына 100 жыл толуда. Тұлба көл шайқасы 1921 жылғы Халық төңкерісі қарсаңындағы ірі шайқастардың бірі. Моңғол елінің батыс өлкесін ресейдің ақ патша әскерлерінен азат ету үшін қазақ, урианхай, тыва, дөрбет халқы Ц.Хасбаатар, К.К.Байкалов бастаған партизаншылар отрядына көмектескен.

Ікей батыр Мәзімұлының 110 жылдығы. Ікей Мәзімұлы 1911 жылы Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген. 1939 жылы Жапон милитаристері Моңғолия жеріне Халхин ғол бойында басып кіргенде Л.Дандар басқарған 6-атты әскер дивизиясының 15-полк командирі ретінде қатысады. 1939 жылы 24 шілдеде Ікей Мәзімұлы жаудың қорғаныс шебін бұзып кіру бұйрығын алады. Осы шайқаста ерлікпен қаза табады. Ікей батыр Мәзімұлына осы ерлігі үшін «Соғыс Қызыл Ту» орденімен марапатталып, 1979 жылы Моңғол Халық Республикасының батыры атағы берілген болатын.

Қибатдолда Жұмапиұлының 100 жылдығы. Қазақ өнерінің қара нары, Моңғолияның халық әртісі Қибатдолда Жұмапиұлы 1921 жылы дүниеге келген. 1960 жылы қазанның 25 күнінен қарашаның 5 күні аралығында Улаанбаатар қаласында Баян-Өлгий аймағының мәдени күндерінің 10 күндігі ұйымдастырылған. Сол сәтте Моңғол Үкіметі Ж.Қибатдолданы «Халық әртісі» атағымен марапаттаған.

Бөхийн Баастның 100 жылдығы. Моңғолия Мәдениетіне «Еңбек сіңірген» қайраткер, Халық жазушысы Бөхийн Бааст 1921 жылы қазіргі Баян-Өлгий аймағы Алтанцөгц сұмынында дүниеге келген. Моңғолия қазақ жазушыларының туындыларын моңғол тіліне аударуға зор үлес қосқан.

«Өркендеу» газеті шыққанына 80 жыл. Моңғолия қазақтарының баспасөзінің алғашқы қарлығашының бірі «Өркендеу» газетінің алғашқы саны 1941 жылы 13 қарашада Баян-Өлгийде шыққан. Редакторына үгіт бөлімінің меңгерушісі М.Қабасты тағайындаған. Латын әліпбиімен «Өркендеу» газеті алғаш 200 данамен басылып шығып, 1 жылдан соң криллицаға көшкен.

Қоғам қайраткерлері Дөрбетхан Сүкірбайұлының 120 жылдығы, Жәмила Әпселенқызының 120 жылдығы, Сарай Асқанбайұлының 90 жылдығы, алғашқы “Еңбек сіңірген ұстаз” Шолтай Себетұлының 110 жылдығы, алғашқы доктор Қамбар Өмірбекұлының 100 жылдығы, ақын жазушы Мағауия Сұлтанияұлының 100 жылдығы, әртіс Ләтіп Төлегенұлының 75 жылдығы және тағы басқа бір туар азаматтардың мерейтойы 2021 жылы сәйкес келеді.

Казньюс (Kaznews.mn) ақпараттық агенттігіне биыл 10 жыл. 

Дерек

Ел көлемінде инфляция деңгейі 15,1%, Баян-Өлгийде 13,8% -ден асты

Published

on

21 маусым, KAZNEWS. 2022 жылғы мамыр 2021 жылғы мамырға салыстырғанда жылдық инфляция 15,1 пайызды құрады. Азықтүлік өнімдері мен бензин бағасы тарапынан көрсетілген қысым салдары инфляцияның өсуіне әсер еткен.

2021 жылдың желтоқсанындағы инфляция 7,9% -ға, өткен айдан 1,4% -ке дейін артты.

Еліміз өңірлерінде инфляция қандай деңгейде

Улаанбаатар қаласында инфляция 16.2% -ға жеткен. Инфляцияның ең баяу өсімі Хөвсгөл аймағында байқалды. Өткен жылғы мамыр айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 11 пайыз мөлшерінде болған. Инфляцияның ең жоғарғы жедеуі Сэлэнгэ аймағында тіркелген. Бұл өңірдегі инфляция деңгейі 18 пайызға жеткен. Ал, Баян-Өлгий аймағындағы инфляция деңгейі 13,8 пайызды құрап тұр. 

Continue Reading

Дерек

Ғарышкер В.А.Жанибеков “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атанды

Published

on

17 маусым, KAZNEWS. Бүгін Кеңес одағының және Моңғол Халық Республикасының батыры, ғарышкер В.А.Жанибековке “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атағы берілді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Кеңес одағының және Моңғол Халық Республикасының батыры, ғарышкер Савиных Виктор Петровичке Улаанбаатар қаласының жоғарғы дәрежелі наградасы “Хангарди” ордені, Моңғолия достық қауымдастығының  төрағасы Бабушкин Владимир Алексеевичке Улаанбаатар қаласының “Құрмет” медалы табыс етілді. 

Марапатты қала әкімі Д.Сумъяабазар, қалалық Азаматтар Өкілдері Хуралының төрағасы Ж.Баясгалан табыс етті. Марапаттау рәсіміне Моңғол және Кеңес одағының батыры, ғарышкер, “Моңғолия-Ресей достық қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Гүррагчаа қатысты.

41 жыл бұрын яғни 1981 жылдың 22 наурызында, Ұлыстың ұлы күні ғарышқа Байқоңыр ғарыш айлағынан кеңес ғарышкері Владимир Жәнібеков пен моңғолдың қайсар ұлы Жүгдэрдэмидийн Гүррагчаа ғарышқа ұшқан. Содан бері қаншама рет Наурыз өтті, қаншама зымыран ұшты. Моңғол батырының ғарышты бағындырғанына бақандай 40 жыл өтіпті. 

Continue Reading

Дерек

Моңғолияға келген туристер арасында саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр

Published

on

15 маусым, KAZNEWS. Моңғолияға келген туристер саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр.

2021 жылдың қаңтар-мамыр айында Моңғолияға 8,554 турист келген болса 2022 жылы қаңтар-мамыр айында 42,060 турист келген. Шетелден келген туристер саны 391,7%-ға артты, деп хабарлайды Қоршаған ортаны қорғау, туризм министрлігінің баспасөз қызметі.

Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда туризм саласының кірісі +499,1 пайызға өскен. Атап айтсақ, өткен жылғы қаңтар-мамыр айындағы кіріс 6,330,473 АҚШ.доллары болса, биыл осы кезеңдегі көрсеткіш 37,925,168 АҚШ.долларына жеткен. 

Моңғолияға алғашқы бес айда келген туристер саны бойынша Ресей (22,292) көш бастап тұр. Сонымен қатар Оңтүстік Корея (4,048), Қытай Халық Республикасы (2,989), Қазақстан Республикасы (2724), Беларус (1698) қатарлы елдер алғашқы бестікті қорытындылауда.

Continue Reading

Дерек

Баян-Өлгий һәм Ховд: Қай аймақтың инвестициялық әлеуеті жоғары?

Published

on

13 маусым, KAZNEWS. Баян-Өлгий мен Ховд аймағы да Моңғолияның батыс өлкесінде орналасқан. Халық саны 2021 жылғы көрсеткіш бойынша Баян-Өлгийде 112,836 адамға, Ховд аймағында 91,127 адамға жеткен.

Аймақ орталығындағы халық саны Өлгийде 43,077, ал Жаргалантта 32,200 болған.

Баян-Өлгий аймағының әкімшілік бөлісі 13 сұмын, 1 қалашықтан, Ховд аймағы 17 сұмыннан құралады.

Ресеймен шекераласатын Цагааннуур, ҚХР мен шекераласатын Даян өткізу бекеттері Баян-Өлгий аймағына тиесілі болса, ҚХР мен шекераласатын Булган, Байтаг бекетері Ховд аймағына тиесілі. Моңғолия аймақтарындағы халықаралық статусы бар үш әуежайдың екеуі осы аймақтарда орналасқан. Баян-Өлгий аймағының артықшылығы “Цагааннуур” атты экономикалық еркін зонасы бар.

Былтыр мемлекеттен Баян-Өлгий аймағының Жергілікті даму қорына 8,7 млрд төгрөг инвестиция тартылған. Ал, Ховд аймағының Жергілікті даму қорына 6,8 млрд төгрөг инвестиция құйылған.

Енді қос аймаққа тиесілі инвестиция көлемін өзге аймақтармен салыстырып көрейік. Екі аймақтың көрсеткіші Увс (14,7 млрд), Завхан (14,8 млрд), Говь-Алтай (15,1 млрд) және Хөвсгөл аймақтарының (21,7 млрд) деңгейінен төмен екені анықталады.

Мемлекеттік бюджеттен шығыстарды қаржыландыру үшін 2022 жылы Баян-Өлгий аймағына 6,4 млрд, Ховд аймағына 10,7 млрд төгрөг бөлінген.

Халықаралық ұйымдардың бағдарламасымен 2022 жылы сұмындық жергілікті даму қорына көрсетілетін қолдау Баян-Өлгий аймағына 79,8 млн төгрөг яғни Алтай (43.8 млн), Сагсай (35.9 млн) сұмындарына ғана бөлінсе, Ховд аймағының жеті сұмына барлығы 289,9 млн төгрөг (Булган 104,1 млн, Буянт 18,1 млн, Дуут 11,9 млн, Дөргөн 21,0 млн, Зэрэг 23,4 млн, Үенч 46,2 млн, Жаргалант 73,8 млн) инвестиция бөлінген.

2022 жылы мемлекеттік бюджеттен Баян-Өлгий аймағына 56,9 миллиард төгрөг, Ховд аймағына 90,0 миллиард төгрөг көлеміндегі қаржы бөлініп, мектеп, жатаққана, спорт зал, балабақша, мәдениет орталықтарын және өзге нысандарды салуға, техникалық құрал жабдықтар алуға жұмсалуда.

Баян-Өлгийде мемлекет қаражатымен салынатын өндіріс саны “0” -ге тең болса, Ховд аймағы үшін бұл салада ілгерлеушілік байқалады. Өйткені оларда Хобда өзені бойына салынатын Эрдэнэбүрэн 90МВт-тық су-электр станциясының жобасына инвестиция тартылған. 

Бүгінде аймақтағы жұмыссыздық деңгейінің өсуі, инфрақұрылымның тозуы, жергілікті даму қорының жоспарлануы,  шағын және орта өнеркәсіптің баяу дамуына қатысты проблемалар бар.

Ал, мемлекет тарапынан үлестіретін шағын және орта кәсіпті дамытуға арналған несиеге нағыз кәсіпкерлер қол жеткізіп отыр ма?! Бұл сұраққа кім жауап бере алады?

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 weeks ago

Ел көлемінде инфляция деңгейі 15,1%, Баян-Өлгийде 13,8% -ден асты

21 маусым, KAZNEWS. 2022 жылғы мамыр 2021 жылғы мамырға салыстырғанда жылдық инфляция 15,1 пайызды құрады. Азықтүлік өнімдері мен бензин бағасы...

Дерек2 weeks ago

Ғарышкер В.А.Жанибеков “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атанды

17 маусым, KAZNEWS. Бүгін Кеңес одағының және Моңғол Халық Республикасының батыры, ғарышкер В.А.Жанибековке “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атағы берілді, деп...

Дерек3 weeks ago

Моңғолияға келген туристер арасында саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр

15 маусым, KAZNEWS. Моңғолияға келген туристер саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр. 2021 жылдың қаңтар-мамыр айында Моңғолияға 8,554 турист келген...

Дерек3 weeks ago

Баян-Өлгий һәм Ховд: Қай аймақтың инвестициялық әлеуеті жоғары?

13 маусым, KAZNEWS. Баян-Өлгий мен Ховд аймағы да Моңғолияның батыс өлкесінде орналасқан. Халық саны 2021 жылғы көрсеткіш бойынша Баян-Өлгийде 112,836...

Дерек3 weeks ago

Паспорт мұқабасының түсі нені білдіреді?

Дүние жүзінде төлқұжаттардың тек төрт негізгі түсі бар. Әр елдің төлқұжат мұқабасының түсін таңдауында өзіндік себептері бар дейді Массагет. Әуежайлардағы...

Дерек3 weeks ago

Моңғолия қақпасына гол соққан Геррит Хольтман туралы 10 дерек

11 маусым, KAZNEWS. 2023 жылғы AFC Азия кубогының іріктеу турнирі “B” тобындағы ойындар жалғасуда. Бүгін Моңғолия құрамасы өз алаңында Филиппин...

Дерек3 weeks ago

Қожаға қойылған ескерткіш туралы 10 дерек

1 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында «Менің атым Қожа» фильмінің басты кейіпкеріне ескерткіш қойылған. Казньюс ақпарат агенттігі Қожаға қойылған ескерткіш туралы...

Дерек4 weeks ago

Студенттер үйге қайта алмай жүр!

04 маусым, KAZNEWS. Жаһанда коронавирус ауруы азайып, жағдай тұрақтала бастаған соң көршілес елдердің шекарасы ашылып, барыс-келіс жандана бастаған еді. Бірақ...

Басты назарда