Connect with us

Моңғолияда

Моңғолия Ресей мұнайын өз территориясы арқылы Қытайға тасымалдайды

Published

on

Сочиде халықаралық теміржол тасымалын реттеу жөнінде жиын өтті. Бұл жиында, Ресейден Қытай Халық Республикасына моңғолия территориясы арқылы тасымалданатын транзит жүкті 4.1 млн тоннаға белгіледі. Бұл өткен жылғыдан 2.5 есеге артық көрсеткіш. Бұл жөнінде Улаанбаатар темір жолы Акционерлік қоғамының басшысы Л.Пүрэвбаатар Моңғолия Премьер-министрі Ч.Сайханбилэгке таныстырды.

Сондай-ақ, биыл Ресейден ҚХР-ына моңғолия территориясы арқылы тасымалданатын шикі мұнай 2.5 млн тонна болмақ.
Ресми мәлімет бойынша Улаанбаатар темір жолы АҚ тамысалданатын жүктен $50 млн пайда табады.

Моңғолияда

Мемлекеттік Ұлы Хурал төрағасы Г.Занданшатардың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Published

on

21 наурыз, KAZNEWS. Көктеммен қауышып, жаңа жылды қарсы алатын мереке – Наурыз мейрамымен барша қазақ халқын Мемлекеттің Ұлы Хурал және өз атымнан шын жүректен құттықтаймын.

Ассалаумағалейкум!

Наурыз мерекесінің тарихы тереңде. Тіптен күллі адамзат сауат ашпай тұрып-ақ наурыз мейрамын ұлықтап, атап өтетін болғаны жайлы тарихи деректер кездеседі. Сондықтан 2009 жылы Наурыз мейрамы адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне тіркелсе, 2010 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеяның 64-сессиясында халықаралық мейрам ретінде жарияланды. Бұл наурыз мейрамы бүкіл адамзаттың ұлы мәдени мұрасы екенін растайды.

Әлемнің 40-тан астам елінде 400 миллионнан астам адам тойлайтын бұл мереке татулық, ынтымақ, әдет-ғұрып пен тәлім-тәрбиелік маңызы зор, ұлттық мәдениеттің маңызды рәсімі болып табылады. Зерттеушілер Моңғолия қазақтары дүние жүзі қазақтары арасында өзінің тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын тұмса, таза күйінде сақтап қалғанын бір ауыздан құптауда. Сондықтан Моңғолия Үкіметі бұл күнді қазақ халқының мұрасын сақтап, қорғау, тарату, насихаттау, қастерлеу, еңбегін бағалау және даму мақсаттарын айқындау мағынасында атап өтуде.

Біз қазақ халқының ұлттық мәдениет, тарих, салт-дәстүрін қастерлеп сақтап, өз тарихын жасап, аймақ пен жергілікті өлкеде ғана емес отанымыздың атын әлемге танытқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер мен мәдениет майталмандары, еңбек ерлері, ғалымдарын әрдайым мақтан тұтамыз.

Баршаңыздың ана тілінде білім алу, қарым-қатынас жасау, ақпарат алмасу, дінді ұстану және шеттетпеу құқықтарыңызды қамтамасыз ету, Баян-Өлгий аймағының қоғамы мен экономикасын дамыту, халықтың жақсы өмір сүруіне жағдай жасау бағыттарында құқықтық ортаны одан әрмен жетілдіріп, саяси шешімдер қабылдап, жүзеге асыру мәселесі жоғары заң шығарушы орган – Мемлекеттік Ұлы Хуралдың үнемі назарында болды және бұл дәстүрлі саясат алдағы уақытта да жалғасын табады.

Құрметті, қазақ халқы!

Парсы тілінде Наурыз «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Наурызды «Күн мейрамы» деп те атайды. Ендеше, әрбір жаңа күннің алтын шуағы жарылқап, жаңа табыс, жаңа бақыт, жаңа ырыс пен құт әкелсін. Наурыз мейрамын ақжарма ақ батамен, аспа-төк ас-тағаммен қарсы алыңыздар!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Құрметпен,

МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛЫ ХУРАЛ ТӨРАҒАСЫ ГОМБОЖАВЫН ЗАНДАНШАТАР

Continue Reading

Моңғолияда

Парламент мүшесі Бейсен Бұланұлының Наурыз мейрамымен құттықтауы

Published

on

21 наурыз, KAZNEWS. Құрметті ағайындар! Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мейрамымен баршаңызды құттықтаймын!

Әз-Наурыз – қыстың ызғары қайтып, көктемнің шуағы төгілетін, күн мен түн теңеліп, жер ананың бауыры жібіген, бес түлік төлдеп, ақ шыққан, көк көрінген жайма-шуақты күнге сәйкес келетін түркі халықтарының ежелден бері тойлап келе жатқан ұлық мерекесі.

Әз-Наурыз – әрбір жаңашылдық пен жаңарудың жаршысы. Сондықтан халқымыз Әз-Наурызды қашанда кең пейіл, ізгі ниет және ақ жарма тілекпен қарсы алған.

Әр шаңыраққа амандық пен шаттық, бақыт пен байлық тілеймін. Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Құрметпен,  Мемлекеттік Ұлы Хурал мүшесі Бейсен Бұланұлы

Continue Reading

Моңғолияда

Шынай Рахметұлына «Халық жазушысы» атағы берілді

Published

on

21 наурыз, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Баян-Өлгий аймағына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары аясында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх жарлық шығарып бірқатар азаматтарға мемлекеттік жоғарғы атақ, орден, медаль табыстады. 

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің жарлығы бойынша Моңғолия Мәдениетіне Еңбек сіңірген қайраткер Шынай Рахметұлына бұқаралық ақпарат құралдарды дамытуға және әдебиет саласына қосқан құнды үлесі үшін «Халық жазушысы» атағы берілді.

«Еңбек сіңірген ұстаз» атағымен Ақкөл қалашығының ардагер ұстазы Құрметбай Базарұлы мен Өлгий қалалық 1- мектебінің аға ұстазы Қазиза Сағдолдақызы, «Еңбек сіңірген экономист» атағымен Рысжан компаниясының Қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарған Қажекбер Нуриұлы мен Ақкөл қалашығы Цагааннуур компаниясының Басқарма кеңесінің басшысы қызметін атқарған Жанпейіс Мөнгөлұлы, «Еңбек сіңірген малшы» атағымен Алтанцөгц сұмындық Сыдық Сырақбайұлы, «Еңбек сіңірген дәрігер» атағымен Астма клиникалық ауруханасының кеңесші дәрігері Қуатхан Шәріпұлы қатарлы азаматтар марапатталды.

Шынай Рахметұлы Моңғолия және Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі ақын, жазушы, аудармашы, этнограф жұрналист.

Шынай Рахметұлы аймақтық газет, радио, журналда 25 жыл, Моңғолияның орталық газет, радио, хабар агенттігінде 25 жыл қызмет атқарған.

Поэзиялық, прозалық оншақты кітабы қазақ, моңғол тілінде басылып шыққан: «Иман», «Ікей батыр», «Аяулы» т.б. он поэма, жүз өлең, «Жаналқым», «Дариға», «Дүрия» т.б. он повесть, жүз әңгіме, «Жар тілегі», «Бүркіт», «Кесік қол келіншек» т.б. он драма, тарих, шежіре, тектаным кітаптары шыққан.

«Гэсэр» хикаясы, Мемлекеттік әнұран; Көрнекті моңғол қаламгері Д.Нацагдорж, Ц.Дамдинсүрэн, Б.Явуухулан, Д.Пүрэвдорж, Д.Мягмар, Ч.Лодойдамба, Б.Бааст, П.Бадарч, Ш.Сүрэнжав, Д.Нямаа, С.Эрдэнэ, Д.Маам, Б.Лхагвасүрэн, Д.Цоодол, Ш.Дулмаа, Р.Чойномдардың өлең, дастан, повесть, пьесаларын; Зян Рунның «Бөрі кие», Инүэ Ясушидың «Көкжал», М.Пүрэвмааның «Періштелер» романдары, С.Нарангэрэлдің «Шыңғыс хан, Моңғолдар» кітабын қазақшаға аударды.

М.Әуезовтың «Көксерек», «Қаралы сұлу» І.Есенберлиннің «Қаһар», О.Бөкеевтің «Көк тайынша», К.Сегізбаевтың «Ақша», Ү.Ақыттың «Далайлу ғахылия» туындыларын, Ә.Марғұланның І томын, исламдық алты кітапты моңғолшаға аударған. Моңғолияға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Моңғолия және Қазақстан Республикасының мәдениет үздігі атанған.

Continue Reading

Моңғолияда

Президент Түркияға барған құтқарушыларды марапаттады

Published

on

17 наурыз, KAZNEWS. Мемлекет басшысы Ухнаагийн Хүрэлсүх Түркиядағы Төтенше жағдай кезінде құтқару жұмыстарына қатысып, көрсеткен ерлігі үшін құтқарушыларды арнайы медальмен марапаттады, бұл туралы KazNews тілшісі Моңғолия Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет жүктеген міндеттерді абыроймен және жоғары кәсіби деңгейде орындаған құтқару жасағының 35 қызмметкерін «Әділет», «Әскери құрмет» және «Бейбітшілік үшін» медальдарымен марапаттады. 

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 weeks ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек3 months ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек3 months ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек4 months ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек4 months ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек6 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек6 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Дерек6 months ago

Топ-10 Моңғолияның белгілі актерлері

14 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның ұлттық кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Казньюс ақпарат агенттігінің көзқарасы бойынша осы саладағы үздік деген он...

Басты назарда