Connect with us

Лайфстайл

Бензин үнемдеу құпиясы

Published

on

Көлік десе елең етпейтін адам жоқ шығар, сірә! Ендеше көлігі бар оқырманға бензин үнемдеудің шаралары жайлы айта кетсек.
Ендеше көліктің «қанын» қалай үнемдеу керек:
• Қорабы автоматты салынатын көліктерге қарағанда қолмен салынатындары 6-10% жанармай үнемдейді.
• Жаңа көліктің көндігуі өте маңызды. Жаңадан салоннан сатып алған көліктің алғашқы 300 шақырымы көлікті көндіктіру барысы болуы керек. Алғашқы 500 шақырым ішінде мотордың жылдамдығын 1800 реттен асырмай, мүмкіндіктің барынша бірқалыпты жүруі жөн. Ал, келесі 500 шақырымында мотордың айналу жылдамдығын 2000 реттен асырмай, жылдамдықты мүмкіндіктің барынша шұғыл үдетпеуге тырысу керек.
• Орынды жылдамдықпен жүру. Көліктің дизайны мен оның жылдамдығы бір-біріне әсер етеді. Жоғары жылдамдықта жүретін тегіс, әрі ұзақ жолда ақырын жүрсеңіз немесе ақырын жүретін жерде қатты жүріп, дереу ақырындап, осы барысты қайталай берсеңіз көлігіңіз жанармайдың жұты дей беріңіз.
• Ең тамаша амал – бірқалыпты жүріс. Қажетсіз жанар-жағармай шығынын азайту үшін газ бен тежегішті басуды барынша азайтып, өзгермейтін қалыпты жылдамдықпен жүруді жалғастыру керек.
• Қолмен қосылатын жылдамдық қорапшалы көліктерде жоғары жылдамдық меңгергіш арқылы төмен жылдамдықпен жүру де жанармайды үнемдеуге көмектеседі. Бірақ, бұл жағдай моторыңызға күш түсіруі мүмкін.
• Газды шұғыл басуға болмайды. Газды шұғыл басу жанармайдың толық жанып бітуіне мүмкіндік бермейді.
• Өрлеп биікке шығатын жолға тап болғанда қайқаңның биік-аласалығына, алыс-жақындығына қарамастан, алдымен жылдамдықты арттырып, өрге шығып бара жатқанда жылдамдықты өзгертпеуге тырысу керек.
• Көлікті баяу қыздып әдеттену керек. Қызып бір минуттан кейін жолға шығып, 2-3 жылдамдық қорабымен 3-5 шақырып жол жүргеннен кейін жылдамдықты ауыстырса өнімі жақсы болады.
• Жүріп келіп тоқтаған соң, 30 секундтан кейін барып көлікті өшіріңіз.
• Көліктің оталып тұра беруінен сақтану керек. Мотор үш минут бос айналғанда шығындалған жанармай бір шақырым жүргендегі шығындалған жанармаймен бірдей.
• Көлік тез қозғалып келе жатқанда терезені ашуға болмайды. Тез жүріп келе жатқан көліктің ауа суытқышын өшіріп, терезе ашып энергия үнемдеуді жөн көретін жүргізушілер бар. Бұл қате көзқарас. Терезе ашқанда ауа алмастырғыш жұмыс істеп тұрған кездегіден 10% артық жанармай шығын болады.
• Бір күн ішінде жағармай пункттеріне барудың ыңғайлы мезгілдері болады. Таңғы мезеттер мен кешкі мезгіл жанармай толтырудың тамаша уақыты.
• Мотор және т.б майлау майларын уақытында ауыстырып тұру.
• Ерекше сәндеу көлікке қысым түсіреді. Кейбір көлік әуескерлері көліктің есік терезесіне су ағар тақтайша немесе т.б дүниелермен безендіруге әуес. Бұл жайт әр он шақырым сайын жанармай шығынын 1% арттырып отырады.
Автор: Сұңқар Ақбоз

Лайфстайл

Моңғолия қазақтарының өнері каналына тіркеліңіз

Published

on

10 қаңтар, KAZNEWS. Әлеуметтік желідегі белсенді өнер сүйгіш азамат Сүйеніш Талғатбекұлы Youtube желісінде «Моңғолия қазақтары» – деп аталатын парақша ашты.

Автордың айтуынша Моңғолия қазақтарының және өзге тұлғалардың өнерін насихаттау, дәріптеу, таныстыру, таныту болып табылады.

Каналдағы видеолармен төменгі сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Continue Reading

Лайфстайл

Remember the past, moving into the future

Published

on

The 35th anniversary of the Department of language and General education of foreigners of Faculty of Pre-university Education of al-Farabi Kazakh National University dedicated

In 2020 year, the Department of language and General education of foreigners of Faculty of Pre-university Education of the Kazakh National University named after al-Farabi marks the 35th anniversary date of its. The University started teaching its first foreign students in 1985. This is one of the bright pages of the history of KazNU, the flagship of education in Kazakhstan, which in 2019 crossed the 85-year mark.
The history of creation and development of the University is rich in interesting facts and events. Throughout its history, which has already become legendary, the University has always been at the forefront of implementing the most pressing problem – the training of highly qualified specialists for all sectors of the country’s economy.
In 1985, by the decision of the Council of Ministers of the USSR, a preparatory Faculty for foreign citizens was established at the Kazakh state University named after S.M.Kirov. It should be noted that the process of creating a new division was accompanied by full support from the relevant departments of the center: teachers were trained in Moscow universities, the Faculty received the necessary literature, profile specialists from the capital came and conducted master classes… This was a completely new, but infinitely interesting direction of the University’s work.
Today, the Department of language and General education of foreigners is a structural division of the faculty of pre-University education. The Department’s work includes teaching Russian and Kazakh languages as foreign languages. The contingent of students studying at the Department are foreign citizens. The geography of citizens arriving for training is very extensive. Over the 35 years of the structure’s existence, representatives of more than 100 countries have received language training at the Faculty. It should also be noted that at the behest of time, the Department has created and successfully operates a Resource center for multilingual education, as well as Intensive Russian language courses, where everyone can study languages according to individual programs.
Teachers of the Department of language and General education training of foreigners, respecting the past of their Department, undoubtedly feel a sense of pride from their participation in the glorious history of the University in general, and the Faculty in particular. Evidence of this is the existence of The Museum of the Department and Faculty. For more than 3 decades, teachers carefully collected documentary evidence related to the creation of the structural unit, photos, student reviews, their letters, memorable gifts, various Souvenirs made by the hands of students, national costumes… The Museum exhibits introduce the activities of the Department from the unofficial side: each of them is a part of the soul of grateful students and, of course, teachers who treat their work with great love. This is confirmed by the warm and touching letters of students who graduated from the University and went home, but did not forget about their mentors. Unfortunately, in this age of electronic correspondence, such evidence is rare!
In the Museum you can also see gifts from official guests, who are traditionally invited to Open days of the Department. And their warm wishes can be read in “The book of reviews and suggestions”, where everyone who visited the Museum can make a note of their impressions. But this clerical name does not fit the heartfelt notes left by guests who have seen the exhibition.
In a brief overview, it is impossible to describe everything that you can see, and most importantly, feel when visiting our Museum. Newly arriving foreign students visit the Museum with great interest, realizing that their place of study has a legendary history. And this is undoubtedly a component of educational work with foreign students.
The Museum’s exposition is constantly updated. In December 2018, on the eve of the anniversary of the University, the Museum was modernized. In the near future, we plan to create a virtual version of it.

A.K. Akhmedova, A.E. Sadenova.
al-Farabi Kazakh national University,
Faculty of Pre-university Education,
Department of Language and general education of foreigners

Continue Reading

Лайфстайл

12 жастан асқан балалар міндетті түрде маска тағып жүруі керек

Published

on

KAZNEWS – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 12 жастан асқан балалар мен ересектер міндетті түрде маска тағып жүруі керек екендігін айтып, төменгі ақпаратты ұсынады.

  • 12 жастан асқан балаларға бетперде тағу жағынан ересектермен бірдей талап қойылады.
  • 6-11 жас аралығында болса, бетпердеге қатысты бірқатар жайтты ескеру керек. Олар: бала тұратын өңірдегі вирустың таралу көрсеткіші, масканы дұрыс таға білуі, бетперде тағудың баланың психикалық-әлеуметтік дамуына тигізетін потенциалды әсері, масканың қолжетімділігі және оны ауыстырып отыру мүмкіндігін қарау керек.
  • 5 жасқа дейінгі балалар бетперде тағуы міндетті емес. Бұл олардың қауіпсіздігі мен масканы дұрыс таға алмайтынына байланысты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда коронавирус инфекциясын пандемия деп атаған болатын. Ұйымның соңғы мәліметіне сәйкес, әлемде 23 миллиондай адам індет жұқтырып, 800 мыңнан астамы қайтыс болды.

Continue Reading

Лайфстайл

МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ – үздік білім ордасы

Published

on

Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан жас талапкер үшін өмірінің жаңа бір кезеңі ашылады. Бұл кезең – қызыққа толы тәтті шақ “студенттік өмір”. Талабы мен қалауына сүйеніп мамандық таңдаған талапкер жоғары оқу орнына түседі. Кешегі мектептегі оқушы ендігі кезекте студент атанады. Міне, дәл осы студенттік шақты көңілді, әрі болашақ үшін пайдалы етіп өткізу үшін және жан жақты тұлға болып қалыптасу үшін жоғары оқу орнының қосар үлесі зор.
Жоғары оқу орны студентті белгілі бір мамандық иесі, қазіргі заманғы қоғамда өз орнын таба алатын жеке тұлға және алдағы жауапкершілік пен қиыншылықтарға толы өмірге бейім адам етіп қалыптастыратын тәрбие ошағы болып табылады. Сондықтан, жоғары оқу орнын таңдаған кезде өте мұқият болу қажет. Өмірімде де дәл осындай маңызды таңдау қажеттігі туғады. Соның бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болды. Қазіргі таңда осы киелі білім ордасының студенті болуға және осы таңдауға ешбір өкінбейсің.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті сексен жылдан астам тарихы бар, білікті профессорлар мен ұстаздар ұжымы қызмет ететін, шетелдік университеттермен тең дәрежелі серіктестікке ие, Қазақстанның түкпір-түкпірінен білім нәрімен сусындау үшін келген ең білімді, ең дарынды, озат студенттердің ордасы. Университет қабырғаларында студенттерге сапалы білім беріледі, сондай-ақ суденттерге өздерінің табиғи дарыны мен қабілеттерін шыңдау үшін алуан түрлі мүмкіндіктер бар. Осындай мақсатта, университетте көптеген студенттік ұйымдардың басын қосатын Жастар Ұйымдарының Комитеті жұмыс істейді. Мұнда әрбір студент әртүрлі ұйымдардың жұмысымен және мақсатымен таныс болып өзінің жанына жақын ұйымға мүше бола алады. Университет тарапынан да студенттерге көптеген жағдайлар жасалған. Мұның бірден бір көрінісі – Алматының тау бөктеріндегі студенттік қалашық. ҚазҰУ-нің студенттік қалашығын оның көлемі мен масштабын ескерсек “қала ішіндегі қалашық” деп атасақ та болады. Мұнда студенттер сарайы, оқу корпустары, заманауи кітапхана, оқу корпустары, жатақхана блогы және студенттерге қызмет көрсету орталығы “Керемет” орналасқан. Сонымен қатар, студенттерге қызмет көрсету орталығының бірінші қабаты студенттердің қажеттерін қамтамасыз ету үшін медициналық орталық, кинотеатр, супермаркет, дәріхана, тіпті кір жуу блогтарымен жабдықталған. Студенттерге қойылатын талап ҚазҰУ студентінің кодексіне сәйкес абыройлы студент атағына кір келтірмей білім нәрімен сусындау…Сөз соңында, ҚазҰУ-де шынымен де барлық армандар жүзеге асады дегіміз келеді.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың аға оқытушылары:

Дауытова Ж.К., Тойғанбекова М.Ш., Наралиева Р.Т

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Әлемде2 days ago

Халықаралық Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті

05 наурыз, KAZNEWS. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Лувсангийн Баттулгамен кездесті. Кездесу...

Дерек5 days ago

«Отандастар қоры» КеАҚ Вице-Президенті Алғыс айту күніне құттықтау жолдады

Армысыздар, ардақты ағайын! Құрметті отандастар! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 5 жылдан бері айрықша құрметпен...

Әлемде1 week ago

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы Қазақ радиосы — қазақтың өткен өмірінің жаңғырығы һәм қордалы сандығы. Қуанышы мен күйінішінің, тебіренісі...

Reuters Reuters
Әлемде2 weeks ago

ДДСҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін айтты

23 ақпан, KAZNEWS. Коронавирус инфекциясының жаңа түрінің пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық...

Дерек2 weeks ago

Тарихи тұлғалардың есімі қанша балаға қойылған?

18 ақпан, KAZNEWS. Казньюс ақпарат агенттігі моңғолияда балаға қойылған тарихи тұлғалардың есіміне қысқаша зерттеу жасап көрді.  Балаларға тарихи тұлғалардың есімдерін...

Дерек3 weeks ago

2021 жылғы қаңтар айында жарияланған ақпараттарға шолу ұсынамыз

16 ақпан, KAZNEWS. 2021 жылғы қаңтар айында жарияланған ақпараттарға шолу ұсынамыз.

Әлемде3 weeks ago

Мәскеуге жарты ғасырдан бері жаумаған қалың қар түсті

14 ақпан, KAZNEWS. Ресей астанасы Мәскеуге жарты ғасырдан бері жаумаған қалың қар түсіп жолдар жабылып, рейстер бөгеліп қалды. Cоның салдарынан...

Дерек4 weeks ago

2021 жыл атаулы күндерге толы

8 – ақпан, KAZNEWS. 2021 жылы атаулы күндерге толы болмақ. Бұл даталарды атап өту ең алдымен халық мұрасын, құндылықтарын, танымал...

Басты назарда