Connect with us

Дерек

Моңғол халқының рухын көтерген үш батыр

Published

on

1 желтоқсан, KAZNEWS. Ел рухын көтеріп, ел азаматтарына қанат бітірген азаматтар әр елде бар. Ал, қазіргі заманда Моңғол халқының мақтанышына айналып, халқының рухын көтерген үш азаматты KAZNEWS ақпараттық агенттігі назарыңызға ұсынады.

1. Жүгдэрдэмидийн Гүррагчаа

Жүгдэрдэмидийн Гүррагчаа 1947 жылы 5 қыркүйекте Булган аймағында дүниеге келген. Моңғолияның тұңғыш ғарышкері, әлемнің 101, Азияның екінші ғарышкері атанған.

1981 жылдың 22 наурызында, Ұлыстың ұлы күні ғарышқа кеңес ғарышкері Владимир Жәнібеков пен моңғолдың қайсар ұлы Жүгдэрдэмидийн Гүррагчаа ғарышқа ұшқан. Содан бері қаншама рет Наурыз өтті, қаншама зымыран ұшты. Моңғол батырының ғарышты бағындырғанына бақандай отыз тоғыз жыл өтіпті.

Бір жеті бойы аспан көгін шарлап келген Гүррагчааға Кеңес Одағының Батыры, Моңғол Халық Республикасының Батыры деген атақ, Сүхбаатар ордені, Ленин ордені берілген. Генерал-майор шенінде Моңғолия әскери әуе күштерін басқарды, елінің тұңғыш ғарышкері, Қорғаныс министрі қызметін атқарды.

2. Д‬олгорсүрэнгийн Дагвадорж – Асашорюү Акинори

1980 жылы 27 қыркүйекте Моңғолияның Улаанбатыр қаласында дүниеге келген. Сумо күресі үш ғасырға жуық уақыт бойы тек ғана жапон балуандары күресетін спорт түрі болатын. Сумо күресінің әлемдік деңгейге танылуы Асашорюүге тікелей байланысты.

Сумо күресіне 1999 жылы аяқ басып, 11 жыл бойы жапон балуандарын сан соқтырған Д‬.Дагвадорж Асашорюү Акинори 22 жасында сумо күресінің 68-ші ёкозуна атағын алған.

2004 жылдан 2007 жылдары аралығында Асашорюүден басқа сумода ёкозуна  шеніндегі балуан болмаған. Сумо күресінің ең жоғарғы лигасы Макүүчиде 25 рет чемпион атанып, Жапон императорының кубогының иегері атанды.

Башёда 669 белдесу өткізіп, 596 белдесуін жеңіспен аяқтаған. 2010 жылы 3 қазанда спорттық мансабын аяқтады.

Д‬олгорсүрэнгийн Дагвадоржға әлемдік деңгейде елінің жаңа имиджін қалыптастырып, рухын көтергені үшін Моңғол елінің «Еңбек сіңірген спортшысы», «Еңбек ері» атағымен сыйлаған.

3. Найдангийн Түвшинбаяр

Түвшинбаяр Найдан 1984 жылы 1 мамырда Моңғолияның Булган аймағында дүниеге келген. Жастайынан моңғолдың ұлттық күресімен шұғылданып 16 жасында ел біріншілігінде чемпион атанған. 2006 жылы дзюдодан ұлттық құрамаға қабылданып -100 келі салмақ дәрежесінде күресетін болған. 2007, 2008 жылғы Азия біріншілігінде алған күміс пен қола жүлдесінен өзге халықаралық сайыстарда аса таныла бермеген дзюдошы 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының алтын медаль иегері атанып, Моңғолияның спорт тарихындағы алғашқы «Олимпиада чемпионы» атанған болатын.

Қарапайым малшының баласы Түвшинбаяр халыққа жаңа үміт сыйлады. Олимпиада чемпионы атанған сәтте моңғол халқынан бөркін аспанға атпаған адам кемде-кем еді.

Кейін, 2012 жылғы Лондон олимпиаласының күміс жүлдегері атанып, бабымен бағы келіскен, спортты жанына серік еткен спортшы екендігін тағы бір дәлелдеген. 2014 жылғы Азия чемпионаты мен азия ойындарының чемпионы атанса, 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері болды.

2008 жылы 25 маусымда Моңғолия Президентінің жарлығымен Моңғол елінің «Еңбек ері», Сүхбаатар орденімен, «Еңбек сіңірген спортшы» атағымен сыйланған. 2017 жылы «Шыңғыс хан» орденінің иегері атанды.

Дерек

Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Published

on

Химия бойынша Нобель сыйлығын молекулалар синтезінің жаңа әдістерін ашқаны үшін неміс ғалымы Беньямин Лист пен британдық Дэвид Макмиллан алды.

Бұл туралы Стокгольмдағы Швед корольдік Ғылым академиясының химия саласы бойынша Нобель комитеті Twitter парақшасында хабарлады.


Зерттеушілер ұзақ уақыт бойы катализатордың металдар мен ферменттер деген екі түрі ғана бар деп ойлаған. Бірақ Макс Планк көмір қоғамы зерттеу институтының директоры Беньямин Лист және Принстон университетінің профессоры Дэвид Макмиллан катализдің үшінші түрін және молекулаларды құрудың жаңа әдісін жеке жасап шыққан. Ол асимметриялық органокатализ деп аталады және кішкентай органикалық молекулаларға негізделген.

Осының негізінде жаңа фармацевтикалық препараттарға зерттеу жүргізіледі, сонымен қатар, химияның экологиялық жағынан таза болуына әсер етеді.

“Катализдің бұл тұжырымдамасы қандай ірі жаңалық болса, соншалықты қарапайым да жаңалық. Себебі көп адам бұл туралы неге бұрын ойламағанбыз деп сұрайды”, – деді Нобель химия комитеті төрағасы Йохан Оквист.

2020 жылы марапатты геномды редакциялау әдісін дамытқаны үшін Берклидегі Калифорния университетінің қызметкері Дженнифер Дудна мен Макс Планк қоғамы жұқпалы биология институтының қызметкері Эммануэль Шарпантье алды.

Бұған дейін физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды, оны Сюкуро Манабе мен Клаус Кассельман, сонымен қатар, күрделі жүйелерді, соның ішінде климатты зерттегені үшін Джорджио Паризи алды.

Continue Reading

Дерек

Моңғолиялықтар қараша айында неше күн демалады?

Published

on

05 қазан, KAZNEWS. Моңғолиялықтар қараша айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 10 күн демалады.

“Шыңғыс ханның дүниеге келген қыс айының бірінші жұлдызы” 

Күнтізбе бойынша Шыңғыс ханның дүниеге келген қыс айының бірінші жұлдызы 5 қарашаға сай келіп отыр. Бұл күн моңғолиялықтар үшін ресми түрде демалыс күні болып есептеледі.

Биыл Ұлы Моңғол Империясының негізін қалаушы Шыңғыс ханның туғанына 859 жыл толады.

Мемлекет басшылары бұл күні Шыңғыс хан ескерткішіне құрмет көрсетіп, күрес сайысын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.

Бұл күнге орай мемлекет және қоғамға зор еңбегі сіңген, ұлттық береке бірлікті нығайтқан, ұлттық құндылықтарды әлемге танытуға үлес қосқан Моңғол елінің азаматтары Моңғолияның ең жоғарғы ордені «Шыңғыс хан» орденімен марапатталады.

Өткен жылы “Шыңғыс хан” орденімен ғарышкер, Кеңес Одағының және Моңғол Халық Республикасының Батыры Жүгдэрдэмидийн Гүррагчаа марапатталған болатын.

“Республика күні”

1924 жылғы 26 қарашада Моңғолияның тәуелсіз және егемен мемлекет ретінде “Моңғол Халық Республикасы” атауымен орнаған және алғашқы конституциясы қабылданған.

Күнтізбе бойынша биыл “Республика күні” жұма күніне сәйкес келуде. Елде бұл күні халыққа демалыс беріледі.

Continue Reading

Дерек

Интернетте жиналған ақпарат қайда сақталады?

Published

on

Интернет – миллиондаған терабайт ақпаратқа толы терең мұхит. Күн сайын адамдар ғаламторға көптеген бейнелерді, суреттерді, құжаттарды және басқа мазмұнды ақпараттарды жүктейді. Оларды көптеген жылдар өткен соң да оңай табуға болады.

Біртүрлі қойма

Белгілі бір сайтта көруге болатын барлық ақпарат мамандандырылған компьютерлерде – үлкен көлемдегі жадымен жабдықталған серверлерде сақталады. Олар бар контентті өңдейді, сақтайды және пайдаланушыға жеткізеді. Құрал адамның тікелей араласуынсыз автономды түрде жұмыс істейді.

Контенттің өзі қатты дискілерде жиналады. Біреу қалаған сайтты сұраған кезде, компьютер алдымен DNS серверіне кіреді, ол домендік атау бойынша қажетті IP-адресті табады және сізді қызықтыратын сайтты ашуға мүмкіндік береді.

Google ақпараттық қоймасы әлемдегі ең үлкен қоймалардың бірі (Айова, АҚШ)

Пайдаланушы мұндай серверден неғұрлым алыс болса, сұраныс оған соғұрлым ұзақ жетеді. Сервердің жауап беру уақыты интернеттің жылдамдығына байланысты. Интернет неғұрлым жылдам болса, біз ақпаратты тезірек аламыз.

Серверлік желі – бұл интернеттің өзі. Активтердің барлығы деректер орталығында – серверлер мен коммуникация орналасқан мамандандырылған ғимараттарда сақталады. Қысқаша айтсақ, бұл жақсы  қорғалған деректер банкі. Деректер базасының ұқсас репозиторийлері кез келген ірі қалада бар. 1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агенттігі (ARPA) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеу орталығына, Юта штатының университетіне және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университетіне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. Одан соң, ARPANET желісі жылдам дамып, оны ғылымның әр түрлі салаларындағы ғалымдар қолдана бастады.

Деректер орталығы қалай жұмыс істейді?

Деректер орталығы коммерциялық негізде жұмыс істейді. Қатты дискідегі орын жалға беріледі. Осылайша жалға алынған серверде немесе оның кішкене бөлігінде жиналатын ақпараттың веб-сайтын құруға болады.

Сақтау қоймаларының жұмысы қатаң реттеледі. Деректер орталықтары үздіксіз электрмен қамтамасыз етілген. Электр энергиясының кенеттен өшуі дизельді генераторлар мен ауыр айналмалы дөңгелектер түріндегі қауіпті болдырмайтын инерциялық батареялармен қамтамасыз етіледі.

Деректер орталығы

Қоймалар заманауи өрт сөндіру және салқындату жүйелерімен жабдықталған. Жұмыс кезінде серверлер жылу шығаруға байланысты қызып кетеді. Бұған жол бермеу үшін кондиционер мен желдету жүйесі бөлмені ұдайы суытып тұрады.

Осылайша, Интернетте жиналған барлық мәліметтер базасы осы орталықтарда орналасқан.

Т. Раушанұлы

Continue Reading

Дерек

Саяхатшы Х.Энхтайван: Ікей батыр туралы не білеміз?

Published

on

04 қыркүйек, KAZNEWS. Саяхатшы Х.Энхтайван әлеуметтік желісінде Ікей батыр Мәзімұлы туралы қызықты жазба жариялап, қазақтың қайсар ұлы туралы мәліметпен бөлісіп, жастарға батыр туралы кеңірек оқуға шақырды.

Баян-Өлгий аймағына саяхаттап барған жастардың бәрі осынау керемет ескерткіштің жанында тұрып суретке түсіп жатқаны байқалады. «Кімнің баласы, не үшін осылай мәңгілік естелікке айналған…» деген ой кейбіреулерді мазалағаны сөзсіз. Бұл Моңғол Халық Республикасының батыры, қазақ халқының қайсар ұлы Ікей Мәзімұлының ескерткіші.

1939 жылы Жапония милитаристері Моңғолия жеріне Халхин ғол бойында басып кіргенде Ікей Мәзімұлы соғысқа Л.Дандар басқарған 6-атты әскер дивизиясының 15-полк командирі ретінде қатысады. 1939 жылы 24 шілдеде Ікей Мәзімұлы жаудың қорғаныс шебін бұзып кіру бұйрығын алады. Ротасын бастап, самурайлардың шебін бұзып, қорғанысын тас-талқан етіп, зеңбіректің дөп тиген оғынан жараланып, соңғы демі шыққанша шабуылдап, отан үшін ерлікпен қаза табады.

Халхин гол соғысының аңызы Л.Дандар батыр жазушы С.Дашдооровқа берген сұхбатында: “Мені батыр дейсіңдер. Бірақ нағыз батыр – Мәзімнің Ікейі еді. Соғыс аяқталғанға дейін мен Ікейдей батырға кездескен емеспін. Ол соңғы бір тамшы қаны біткенше ротасын бастап майданда ерлік көрсетті…” деген. Кейін Халхин гол соғысының даталы мерекесінде Дандар батыр соғыс болған жерге барып Ікей батырдың жүрек шымырлатар тағдырын еске алып, тоқтамай жылаған деседі.

Ікей Мәзімұлы 1911 жылы Баян-Өлгий аймағының Дэлүүн өлкесінде туған. 1932 жылы өз қалауымен Моңғол Халық Армиясы сапына қабылданып, әскери өмірін Улаанбаатар қаласындағы Хужирбулан әскери горнизонында қатардағы солдаттан бастап, кешікпей Улаанхуарандағы Әскери жоғары мектепке қабылданады. Әскери мектепте оқып жүріп 1932 жылы батыс аймақтарды қамтыған ламалар көтерілісін жаншуға қатысып, ерлік көрсеткені үшін Бас қолбасшы Г.Дэмид тарапынан алмас қылыш, майдан медалдарымен сыйланады.

Әскери жоғары мектепті 1934 жылы бітірген Ікей әуелгі қызметін Улаанхуарандағы І атты дивизияның ІІ полкінде бөлімше басшысы, 1934-1939 жылдары Улиастайдағы атты әскерлер дивизиясында оқытушы қызметін атқарып тұрып 1939 жылдың мамыр айында Халқын-гол майданына аттанып, Тамсагбулагтағы IV дивизиясының II рота командиріне тағайындалып майданға қол бастап кірген. Шілденің 3-і күні Баянцагаан шайқасында асқан ерлік көрсетіп, Кеңес, Моңғол әскерлері арасында «Айбынды қыран» атанып ерекше құрметке ие болған.

Мәзімұлы Ікейге 1979 жылы Халхин гол соғысының 40 жылдық даталы мерекесінде “Моңғол Халық Республикасының Батыры” атағы берілген болатын.

Моңғол халқының қайсар ұлы, МХР-ның батыры Мәзімұлы Ікей туралы моңғол тілінде жарық көрген «Догшин бүргэдийн дууль», «Экей баатрын зүрхний гал» атты мақалаларды оқуды ұсынамын.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 weeks ago

Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Химия бойынша Нобель сыйлығын молекулалар синтезінің жаңа әдістерін ашқаны үшін неміс ғалымы Беньямин Лист пен британдық Дэвид Макмиллан алды. Бұл...

Дерек2 weeks ago

Моңғолиялықтар қараша айында неше күн демалады?

05 қазан, KAZNEWS. Моңғолиялықтар қараша айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 10 күн демалады. “Шыңғыс ханның дүниеге келген қыс...

Дерек1 month ago

Интернетте жиналған ақпарат қайда сақталады?

Интернет – миллиондаған терабайт ақпаратқа толы терең мұхит. Күн сайын адамдар ғаламторға көптеген бейнелерді, суреттерді, құжаттарды және басқа мазмұнды ақпараттарды...

Дерек2 months ago

Саяхатшы Х.Энхтайван: Ікей батыр туралы не білеміз?

04 қыркүйек, KAZNEWS. Саяхатшы Х.Энхтайван әлеуметтік желісінде Ікей батыр Мәзімұлы туралы қызықты жазба жариялап, қазақтың қайсар ұлы туралы мәліметпен бөлісіп,...

Дерек2 months ago

Жол кептелістерінен Улаанбаатар экономикасына 947 млн доллар шығын келеді

20 тамыз, KAZNEWS. Кептелістердің кесірінен Улаанбаатар қаласының экономикасына жылына 947 миллион АҚШ доллары шамасында шығын келеді. Үкіметтің өткен сәрсенбі күнгі...

Дерек5 months ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек5 months ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек5 months ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Басты назарда